Шаттық ордасы Школа радости



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата24.03.2017
өлшемі5,84 Mb.
#10192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, 
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Шаттық ордасы
104
Əл Фараби, Ыбырай мен Ақаңды 
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін, - 
деп, мақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке 
ұласады. Осынау мерейлі мерекеге орай талай сəттерді қағаз бетіне түсіре 
келе, қайтадан оқушы кезіме оралғандай болдым.  
Сіздерге, қымбатты ұстаздар, талмас қанат, таусылмас зор денсаулық, 
шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз, əрбір басқан қадамдарыңызға гүл 
бітсін!  Аттарыңызды Ай-əлемге паш етер талантты, білімді шəкірттеріңіз 
көбейе берсін!
С. Айдарбаев,
2005 жылғы лицей түлегі
Ұстаздарыма арнау
Нарынның самал желін сүйіп өскен,
Достықты жүрегіне түйіп өскен,
Құрдастар кездесуі-қымбатты той,
Жастық пен шын достықтың лебі ескен. 
Нарыннан  ақ қанатты қағып шықтық, 
Туған жерден   бұлақ боп ағып шықтық, 
Даласынан күш алып көз жетпейтін,
Үмітін туған жердің жағып шықтық. 
Алтын ұя – мол білімнің ордасы,
Сенен алдық үлкен өмір жол басын,
Тарыдай болып кіріп, болдық таудай,
Жұлдызымыз жанады бүгін лаулай.
Лиза Құнашқызы- алғаш ұстаз,
Өзіңізбен өткердік талай қыс-жаз,
Лаула апай жырлатып тілдің жырын,
Лəззат апай үйретті тарих сырын, 
Гаухар апай,  физикаға ғашықпыз,
Əлі күнге бұл ғылымға асықпыз,
Үйреніп қыр мен сырын телефонның-
Бүгінде маманымын Телекомның,
Химияны Бақытжан Мұхтаровна,
Алғыс айтам сізден мен ұққаныма,
Нəзира апай үйретіп есеп- қисап,
Лаула апай сайратты Пушкинге ұқсап. 
Сахнада үйрендік  өнер сырын,
Өмірдің білімін ап, əрбір қырын,
Білімінен сусындап, мектеп-бұлақ,
Өмірдің мектебінен өттік сынақ.

105
Школа радости
С. Айдарбаев,
2007 жылғы лицей түлегі
Ұстазыма  мың  алғыс
Менің лицейдегі білім алған кездерімді өмірімнің 
ең  қызықты  шағы  екеніне    қазір  ,біраз  есейгеннен 
кейін  ғана көзім жетті.  Үлгерімім  орта ғана дəрежеде 
болған мені ынталандырып, оқуға ден қоюыма баулу 
үшін менің мұғалімдерім қаншама тер төкті десеңші! 
Көп нəрсені дұрыс бағалауға  балалық еркелік бөгет 
болған шығар деп ойлаймын .  Лицей қабырғасында 
жүріп  біз  оқуға  үйрендік.  Бізді  өмірге  икемді  аза-
мат етіп  тəрбиелеуге байланысты лицейде  қаншама 
қызықты  шаралар  өткізілді.  Бір  тəуірі  солардың 
барлығы  да  мені  өте    қызықтыратын  жəне  де  сол 
шараларға  белсене    араласатын  едім.  Спорттық  жарыстар,  би  кештері, 
«Оқушылар күні», өзін-өзі басқару күні,т.б.  лицейдің  дəстүрлі  мерекелері 
соншама қызықты  өтуші еді.  Ұлттық Бірыңғай  тестілеуден ойдағыдай 
өтіп,  жоғарғы  əскери    оқу  орынын    тəмамдадым.  Қазір    аға  лейтенант 
дəрежесіндемін.  Уақыттың қалай тез өткенін  сезе де бермейді екенсің . 
Дегенмен менің өмір жолымды дұрыс таңдауыма өз үлестерін қосқан ая-
улы  ұстаздарым Лəззат Баженовнаны, Лиза Құнашевнаны  үнемі ыстық 
сезіммен  есіме    аламын.  Олардың    айтқан    ақылдары,берген  білімдері, 
төзімділігі    жанашырлығы  менің    адам,  азамат  ретінде  қалыптасуыма  
үлкен əсер етті деп ойлаймын. Өмірге қажетті  тарих,қазақ тілі пəндерін 
дұрыс  меңгертуге  жандарын  салып,  сабақтарын  өте  қызықты  өткізуші 
еді. Менен бұрын лицейді аяқтаған ағайым Саятты маған  үлгі ете оты-
ра , ақыл-кеңестерін  аямай  аялаған  осы  екі  ұстазыма  шын  жүректен, 
ыстық  ықыласпен    алғысымды  білдіремін.  Алдарыңыздан  əлі  де  та-
лай  шəкірт  білім  алып,  өмірге  түлеп  ұшар.  Сіздердің  балаларға  деген 
Лиза апайға
Лиза апай, əдебиет əлеміне,
Үйреттіңіз, үңіліп тереңіне,
Өнерменен ұштасып біліміміз,
Сахна да жарады керегіне.
Сиқырлы сөз əлемі ғашық етті,
Жанымызды өнерге ашық етті,
Баулаған ұстаздың ол шеберлігі,
Берілген білімінің тереңдігі.
Дəлелі жемісті еңбек еткеніңіз-
Басшы етті, міне, туған мектебіміз,
Əлі де жұлдызыңыз жайнай берсін, 
Жеңістермен көгерсін көктеміңіз!

Шаттық ордасы
106
жан    шуақтарыңыздың    азаймауына  тілектеспін.  Лицейден  түлеп  ұшқан 
оқушыларыңыз сіздерді екінші анасындай құрметтейді.
Р. Тұрсынхан, М. Тұрсынхан
Алғысымыз шексіз
Лицейден  білім алған əр шəкірттің жүрегінде  ал-
тын  ұя  білім  ордасы  мəңгі  қалады  деп  ойлаймыз.  Біз 
өзімізді  «лицеистерміз»  деп    мақтанышпен  айтушы 
едік.  Лицей  оқушысы  болу  көп  міндет  жүктейтінін  де 
сезінетінбіз.  Күнделікті  сабақтар,  қосымша  сабақтар 
қиындығын  ауырсынбай  көтеруімізге  біздің  аяу-
лы  ұстаздарымыздың  ақыл-кеңесі  көмектесіп  отыр-
ды.  Оқушылармен    тең  дəрежелі  қарым-қатынас  жа-
сау,  олардың  талап-тілектерімен  санаса  білу – лицей 
мұғалімдерінің  ерекшелігі деп  ай-
тар едік. Сырт көзге  қатал көрінетін аяулы ұстазымыз  
Лəззат Баженовнаның тарих пəнінің  тереңіне бойлай  
білуге үйреткені, қазақ тілі мен əдебиет пəні мұғалімі 
Лиза  Құнашевнаның    ізденіске    баулитын  сабақтары 
біздің    санамызда  ұзақ  сақталады.  Лəззат  апайдың 
терең  білім  берумен    қатар  бала  жанын    дəл  ұғына 
білетін  ұлағатты    үлгісі,  бəрімізге  айтқан  ақылдары 
біздің  келешек    өмірімізге  жарық  сəуле  болып  
құйылса, Лиза апайдың қызықты сабақтары, ізденіске 
үйрететін  тартымды тəлім-тəрбиесі көңілімізді жайландырып, келешек-
ке  деген сенімімізді нығайта түсетін. Бұл кісілердің жеке басының жүріс-
тұрысы, қарапайым қарым-қатынасы  біз үшін үлгі болып қалды.  Жаны-
мызды  мазалаған  сұрақтарға  жауап  таба  алмасақ  та    ұстаздарымызбен 
бөлісе білдік.  Соның арқасында біз бүгін өмірде өз орынымызды тауып,  
өзіміз  қалаған    мамандық  иелері  болып  отырмыз.  Лицей  ұстаздарына 
деген    алғысымыз  шексіз.  Келешекте  сіздердің  жемісті  еңбектеріңіздің 
жалғаса  беретініне сенімдіміз. Лицей өмірі өте қызықты жəне солай бо-
лып та қалуына тілектеспіз. 
Е. Нұрмұхамбетқызы,
2006 жылғы лицей түлегі
Сол жылдар менің есімде
Мектебің мынау-класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
М.Мақатаев.

107
Школа радости
Сол  жылдар  менің  есімде.  Тоғызыншы  сыныпты 
бітіріп,аудан  орталығы  Үлкен  Нарын  аулына  лицейге 
түстім.  Бірінші  күннен  жүзінен  мейірім  төгіліп  тұрған 
сынып жетекшіміз Гаухар Кайрдолдақызы қарсы алды.
Бізді  білім  нəрімен  сусындатып,  саналы  тəрбиесін 
бойымызға  сіңіру  жолында  аянбай  еңбек  етіп  келе 
жатқан,  мейірімін  бізден  аямаған  сынып  жетекшіміз 
Гаухар  Кайрдолдақызын  ерекше  ықыласпен  атағым 
келеді.  Ол  кісіні  көре  сала,  жұлдызым  оңынан  туды 
деп  ойладым.  Өйткені,ол  кісінің  біз  үшін  сіңірген 
еңбегі  орасан  зор.Біздің  қуанған  жəне  мұңайған  кезімізде  жанымыздан 
табылып,анамыздай  аялаған,сыныптағы  бар  баланың  тілін  тауып,  жа-
манын  жасырып,  жақсысын  асыратын,  өзінің  табиғатына  лайық  сабыр-
лы мінезімен баурап алатын қасиеті біз үшін үлгі-өнеге. Жарық дүниеге 
əкелген, өмір нəрін сепкен анамызға қалай қарыз болсам, қателігімді түзеп, 
осынау жарқын өмірге жол сілтеген ұстаздарыма да сондай қарыздармыз. 
Мұнда  оқи  жүре  кезіндегі  жай  жаттай  салған      «Оқу  инемен  құдық 
қазғандай»  мақалының мəнін де, мағынасын да түсіндім. Өйткені мұндағы 
талап пен тəртіп бізді шыңдаған үстіне шыңдай түсті. Ұстаздарымыз да 
жан-тəнімен  бар  білгенін  біздің  бойымызға  сіңіруге  тырысты.  Олардың 
еңбектері еш кетпеді деп сеніммен айта алам. Олай дейтінім,ол кісілерден 
тəлім алған талай адам қай жақта жүрсе де, əр салада, əр мамандық иелері 
болса  да,  өз  істерінің  шеберлері.  Өйткені  біздің  қазақ  тілі  мен  əдебиет 
пəнінің мұғаліміміз Лиза Құнашевна,математикадан алдына жан салмай-
тын Назира Түгелбайқызы, талайды таңдай қақтырып тарихты шежіредей 
жаттатқан Ляззат Баженовна, т.б. сынды ұстаздарымыз нағыз білікті ма-
мандар,  біздің  екінші  анамыз,  болашаққа  айқын  жол  сілтер  ақылшымыз 
болды. Біз де 2006 жылы алтын ұямызды артқа тастап үлкен өмірге қадам 
басқан едік. Қазір де лицейімізден түлеп ұшқан түлектер əр салада білікті 
маман. Сол үлкен өмірде қанатымыздың мықты болуына,қандай сыннан 
болсын  сүрінбеуге  үйреткен  алтын  ұямыз-лицейімізге  айтар  алғысымыз 
шексіз.барлық  ғалым  да,шахтар  де,  президент  те,  инженер  де  осы 
ұстаздың тəлімімен алға қарай қадам басып,талай биіктерді бағындырған.
Сондықтан сіздердің еңбектеріңізге жеміс тілеймін!   «Шəкірсіз ұстаз тұл», 
деп Абай атамыз айтқандай,тəрбиелер шəкірттеріңіз көп,алар асуларыңыз 
алда  болсын!.Өміріңе  жарық  сəулесін  түсіретін  игі  істердің  иесі  ұстаз 
атаулы мектеп түлектерінің жүрегінде жаңғырта сақталуы һақ!!!  Сүйкті 
лицейіміз,мерейтойың құтты болсын!!!!

Шаттық ордасы
108
С. Садыкова,
выпускница  2009 года, магистр факультета 
«Информационные системы» ВКГТУ
Лицей - мои лучшие годы
Школа готовит нас к жизни в мире, в котором ца-
рит  бездна  открытий,  океан  счастливых  моментов  и 
разочарований. 
Кажется, что по школьным коридорам убегает са-
мое счастливое время любого человека. И сегодня я с 
глубоким чувством тепла  вспоминаю отрезок време-
ни своей жизни, посвященный учебе в лицее. Пере-
ступая порог дверей родного лицея, до трепета души 
чувствуется знакомый запах-запах детства... Детства, 
которое  мы  провели  в  стенах  школы  вместе  с  мудрыми,  терпеливыми  и 
родными учителями. 
Старания высококвалифицированных профессионалов своего дела не 
прошли даром. Знания, полученные от каждого учителя, помогают  мне по 
сей день и час. 
В каждом учителе я вижу родного человека, ведь он может быть  от-
важен и решителен, словно отец,  может быть требователен и строг, подоб-
ный старшему брату, а может быть ранимым, какою бывает мама. 
Не могу не отметить, что с лицеем меня связывают узы гораздо креп-
че, чем школьные, ведь там работает моя мама, учитель физики и завуч 
Садыкова  Гаухар    Кайрдолдиновна.  Немного  строгая  и  иногда  излишне 
требовательная,  она,  наставляя  и  поддерживая  меня , шла  со  мною  по 
«школьной аллее» бок о бок до одиннадцатого класса. 
Несмотря на то, что прошло более пяти лет , как я окончила школу, я 
помню это счастливое время, словно это было вчера.
Б. Садуова,
выпускница  2010 года, магистр, Национальный 
исследовательский Томский политехнический университет, 
институт физики высоких технологий
На 10 лет назад
  Все  это  было  как  будто  вчера,  хотя  прошло  
целых 10 лет с того момента, когда, будучи «ше-
стиклашкой»,  я  пришла  на  свой  Первый  звонок 
в  лицей.  Это  было 1 сентября 2004 года.  Пер-
вый осенний  день выдался дождливым. На этом 
празднике  все  принимали    нас,  новоиспеченных 
лицеистов, в свою дружную семью. Помнится, по 
старой  лицейской  традиции  нам  подарили  боль-

109
Школа радости
шущий арбуз  с пожеланиями иметь столько пятерок, сколько семечек в 
арбузе.
«Длинные  уроки    и  учитель  строгий»…  Строчки  этой  песни  очень 
точно описывают нашу школьную жизнь. Тогда нам казалось, что уроки 
слишком долгие, но они были очень интересными. Часто вспоминаю на-
сыщенные уроки  географии и биологии Отчегаровой  Маулии  Жумака-
новны.  На  уроках  казахского    языка  и  литературы  Байжуминовой  Сауле 
Ануарбековны, Рахановой  Лизы Кунашевны мы усваивали  мудрость ка-
захского народа. На уроках химии Петуховой Светланы Николаевны мы  
постигали что-то новое: помню, как мы учились варить мыло, проводили 
интереснейшие лабораторные работы. На уроках  начальной военной под-
готовки Кусманов  Алибек Базанович называл нас женским батальоном и 
учил маршировать. На уроках английского языка Ануарбековой  Гульмиры 
Ерлановны учить иностранные слова казалось проще простого. Необыч-
ными для меня были уроки истории Сыдыковой Нуржамал Орынкановны, 
ведь я очень любила историю. Уроки русского языка и литературы Тана-
рыковой Нургизы Нурахметовны и Зариповой Айсулу Кабдулуахановны 
пробудили во мне огромную любовь к литературе и стихотворениям. Уро-
ки физики и математики Нечаевой  Надежды Семеновны дали мне путевку 
в жизнь. Я связала свое будущее именно с этими предметами.
Лицей  был  для  меня  не  просто  школой,  а  тем  местом,  где  я  смогла 
раскрыть  свои способности. Благодаря тому, что в школе ежегодно про-
водился  конкурс научных работ,  я приобрела исследовательские навыки, 
которые помогают мне и сейчас.
Педагоги-организаторы старались сделать нашу школьную жизнь как 
можно более интересной. Надолго мне запомнились  «Зарница», «Посвя-
щение в лицеисты», «Бизнес- игра» и многое другое.  
Наш последний звонок прозвенел 5 лет назад, а я до сих пор слышу 
его звон и вспоминаю с улыбкой и некоторой грустью школьные годы. И 
сейчас я благодарю учителей за всё, чему они нас  научили, благодарю ли-
цей ,который  воспитал в каждом из нас личность, способную занять  свое 
достойное  место в обществе.
А.  Мұратов,
2011жылғы лицей түлегі
Лицейге арнау
Лицейім-алтын бесігім,
Сенде аштым білім есігін.
Ардақты, асыл ұстаздың
Ұмытам қалай есімін?
Жетелеп əріп танытқан,
Білгенін бойға дарытқан,

Шаттық ордасы
110
Аяулы сол бір жандарға
Қандай күш бізді табынтқан?
Мың алғыс саған, ұстазым!
Жүректе мəңгі қыстадың.
Сен берген білім нəрімен
Өмірге бағыт ұстандым.
Тəлімін алып ұстаздың,
Талабымды ұштадым.
Қиналған кейбір сəттерде
Еске алам сені, ұстазым!
Ж. Біржанқызы,
2011 жыл лицей түлегі
Ұшырдың баптап ұядан...
Саясынан  білім  алып,  бұлағынан  қанып  ішкен 
алтын  ұя  мектебі  туралы  əр  адамның  айтар  пікірі 
жағымды болатын болса, соның бірі – мен боламын. 
Катонқарағай ауданының бірегей білім шаңырағы - 
ол біз түлеп ұшқан ұя. Яғни, Үлкен Нарын ауылдық 
лицейі. Мен бұл ордада 6- сыныптан бастап білім ал-
дым. Менің маңдайыма жазылған бақтың зоры, тіпті 
бақытымның  бастауы  осы  алтын  ұям  мектебім  де-
сем, артық айтқандық емес. Өз ісінің мықты шебері, 
сауатты басшы Алмагүл Есімхановқызы лицейге тек 
мықты деген, болашағына нұр, жарқын сəуле елесі көрінетін оқушыларды 
іріктейтін.  Ол  кісінің  өзінің  мықтылығы  да – дарынды  шəкіртті  жазбай 
тануында болатын... 
Мектебім десем, ойыма сүйікті ұстаздарым оралады, əрине.
Жасы ұлғайған шағында да сабақ беру үрдіс-тəсілінде бір мін табыл-
майтын  Сəуле  Қожахметқызы-  математиканың  қыр-  сырын  түсіндірген 
ұлы  ұстаз.  Орыс  тілінен  сабақ  беріп,  бізді  саналы  етіп,  сапалы  етіп 
шығаруға мол септігін  тигізген- Лаула Маратовна.  Өзімнің қазіргі оқып 
жатқан мамандығыма бағдар беруші, өмірімнің тірегі, тіршілігімнің мəні, 
асыл  анашым  Бақытжан  Муктарқызы  да  биология  пəні  бойынша  білім 
үйреткен ұстазым. Мен үшін бұл аталған тұлғалардың бəрінің орындары 
ерекше. Ал, сынып жетекшім Мергүл Болатовнаның орны- бір төбе. 
Мектептегі  мəдени-қоғамдық  іс-шараларға  белсене  араласатын 
оқушылар сапында жүрдік. 
Білікті  де , тəжірбиелі  ұстаздарымыздың  сепкен  білім  нəрінің 
арқасында  мектепті  Тоқтарбаев  А.,  Мұхамедуалиева  С.,  Исмурзина 
А.,  Мусразова  Ж.  болып  Алтын  Белгі,  Үздік  аттестат  арнайы,  ерекше 
белгілерімен тəмамдадық.
Мектебіміздің  өзіндік  дəстүрлері  болатын.  Бизнестің  қыр – сырын 

111
Школа радости
ұғындыру мақсатында əр сынып өздері бір-бір шағын кəсіп құрып , ашып, 
оның  жұмысын  жүргізіп,  бір  күн  ойынға  арнайтынбыз.  Бұл  сабақтар 
бүгінгідей  алмағайып  нарық  заманда  икемі  бір  жаңа  күнкөріс  көзін 
оңай  дөңгелентіп  əкетуге  көмегін  берер  мүмкіндік  болғандығы  рас.  Ал 
ұстаздарымыздың 45 минут тек сабақ беріп қана қоймай, алтын уақыттарын 
мектептегі оқушыларына бөліп, сол оқушылармен бірігіп,  қыс айларында 
ойнайтын «Ұлан» ойыны біздің көз алдымызда, көңілімізде мəңгі тұратын 
болады. 
Білімді тереңдетіп беру мақсатын ұстанатын лицей атын шынайы, əділ 
сақтайтын, сақтап келген менің алтын ұям- менің мақтанышым.  Маман-
дары ерекше қабілет – қарымымен дараланып тұратын менің  Үлкен На-
рын ауылдық  лицейі аталатын ордам – өлкеміздегі теңдесіз білім ошағы. 
Осындай киелі шаңырақ бүгінде 20 жылдығын тойлағалы отыр.
Мейрамың    құтты  болсын,  аяулы  мектебім!  Бауырыңнан  саналы 
шəкірт ұшыра беретін мақтаулы да , ғұмырлы орда болып, еңсеңді тіктей 
бергейсің!!!
А. Қажаев,
2014 жылғы лицей түлегі
«Мектеп-кеме, білім-теңіз...»
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен ай-
налысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сəттер болып мек-
тепте  өткізген  уақыт  қалатын  шығар.  Мектеп-білім 
айдынындағы  үлкен  кеме.  Осы  кемеде  он  бір  жыл 
уақытты  əр  бала  өткізеді.  Мектеп  табалдырығын 
тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, 
таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп 
əрбір əріпті, əрбір санды жазып үйрену қалай қиынға 
соққан еді? Уақыт өте бəрі өзгерді. Жазуды да, оқуды 
білмейтін  кішкентай  балалар  бүгін  міне,  мектеп 
бітіру  туралы  атестатты  қолдарына  ұстап,  үлкен  өмірге  жолдама  алды. 
«Қашан ғана осы мектепті бітіремін?!» деп ойлайтын кездер көп болып еді. 
Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім де сене алмаймын. Көзді ашып-
жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін ра-
сында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен 
қимастықпен  қоштасып  отырмын.  Мектеп  қабырғасында  өткен  қайран 
уақытты  бағаламаппыз.  Мектеп  қабырғасында  өткізген  əрбір  күн,  əрбір 
қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. 
Мектеп -үлкен отбасы, ұстазымыз- біздің ақылшымыз, анамыз, сыныпта-
старымыз-  жақын  досымыз.  Мектеппен  қоштасу-  балалықпен  қоштасу. 
Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп 
бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса, бізге 
үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт- адам өміріндегі шаттыққа 

Шаттық ордасы
112
толы кездер. Дəл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. 
Кейде алтыншы сыныпта оқитын балаларға қарап, өзім де қайтадан сол 
шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан сол кездердегі қызықтарды 
өткізгім  келеді.  Өз  мектебімді  шын  мəнінде  жақсы  көремін.  Осында 
өткізген əр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп 
бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада 
біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, əр 
қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша 
жасқа келсем де, қандай адам болсам да, балғын балалық шақтарым өткен 
алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған 
үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен 
үшін  жауапты  емес,  бірақ  мен  мектебімнің  алдында  əлі  қарыздармын. 
Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, 
елім  мақтан  тұтатын  азамат  болғым  келеді.  Бұл-  менің  мəпелеп  өсірген 
əке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы 
борышым!
А. Болатова,                        
2014 жыл түлегі.  
Мектептің қызық күндері
Барлығымыздың  өмір  бағытымыз  əрқалай 
болғанымен, əрқайсысымыздың қызық пен қуанышқа 
толы  кезіміз  бар.  Ол,  əрине,  бала  күндеріміздегі 
мектеп  шағы.  Мектептің  қызығын  көріп  өскен  адам 
осыған қарсы шыға алмас. Өйткені  “алтын ұямызда” 
өзімізді  дұрыс  ұстауға,  шешім  қабылдауға,  аяққа 
нық тұруға үйрендік. Əрине, оның бəріне жету үшін 
сүріндік те,жығылдық та. Бірақ басы қатты болса,аяғы 
тəтті  болатынына  сеніп,  бəріміз  Құдайға  шүкір, 
мақсатымызға  жетуге  барынша  тырысатынбыз.Негізі,əр  адамға  мектеп 
кезі өзінше ерекше болады. Мен үшін де ол солай болды əрине...
Ең  алғаш  мектептің  табалдырығын  аттағаным  əлі  есімде.  Алғашқы 
ұстазым, алғашқы əліппем, достарым сол кездегі. Иə, бастауыш сынып та 
өз қызықтарымен зымырап өте шықты.
2008 жыл. Тарихымда тағы бір өзгешелік байқалды. Енді 1 қыркүйек 
күні  лицейдің  табалдырығында  тұрмын.  Жаңа  достар,  жаңа  ұстаз,  жаңа 
ұйымға  келіп,  жаңадан  талай  жетістіктер  мен  биіктерге  қол  жеткіземін 
деп  алға  қарай  ұмтылдым.  Алғашқы  мектебіміз  Қабдөш  Дамитов 
атындағы  қазақ  орта  мектебінен  бірнеше  бала  болып  осында  өзімізді 
басқа  қырымыздан  көрсетуге  тырыстық.  Сынып  жетекшіміз  Бақытжан 
Мұхтарқызы  болып  тағайындалды.  Біз  үшін  енді  ол  екінші  анамыздай 
болды.  Алтыншы  сыныптан  бастап  жаман  болдық  деп  айта  алмаймын. 
Əркімнің қандай сабаққа икемі жақсы екені бірден байқалды. Тоғызыншы 

113
Школа радости
сыныпқа  жеткенде  топты  жарып  үш  озатымыз  Ерекше  белгімен  куəлік 
алды. Олар Берістенова Əсия, Асылқанов Ерасыл, Қажаев Азамат болды. 
Осы үздіктеріміз сыныбымыздың мəртебесін тағы бір жоғарылатты.Осы 
аралыққа  дейін  бірнеше  қызықты  сəттер  де  басымыздан  өтті.  Жаңадан 
балалар да қатарымызға келіп қосылды. Олар: Илясова Тоғжан, Сейтқан 
Ерасыл, Қасымхан Əділхан, Сеитов Алдияр. Осылардың ішінде ең атағы 
шыққан Сейтқан Ерасыл десем де болады.Оны өз арамызда Ерсін деп те 
атап кеткенбіз. Ерсін сыныбымыздағы ең көңілді жəне тапқыр бала болды. 
Сонымен қатар, бəрін де күлдіріп жүретін. Ол үшін бала ма, мұғалім бе ал-
дында тұрған еш маңызы болмайтын. Сол сияқты сыныпта жиырма оқушы 
болсақ, жиырма түрлі мінезді болдық. Əрине, ренжісу де болды арасында, 
бірақ сонда да бір болып жұмылып, тату болып талай биіктерден көріндік. 
Тіпті  тоғызыншы  сынып  оқып  жүргенімізде    “Отбасы  күніне”  арналған 
сынып  сағатына  қатысып,  облыс  көлемінде  ауданымызды  бірінші  орын-
да  көрсеттік.  Бұл  шараға  біздің  сыныптың  оқушылары  жəне  Болато-
ва  Айдана,  Берістенова  Əсия,  Ахметжанова  Самира  аналарымен  бірге 
қатысқан болатын.Осы сынып сағаты бізге көп шаттық сыйлап,есте мəңгі 
қаларлықтай  болды.  Жалпы,  мектепте  өтетін  мерекелік  шараларға  бел-
сене  қатысатынбыз.  Біздің  сыныптың  ұлдары  спорттық  ойындарда  алда 
жүретін. Əсіресе футбол мен воллейболдан. Сейтқан Ерасыл, Асылқанов 
Ерасыл,  Абдрғалиев  Алмас  футбол  десе,  ішкен  астарын  жерге  қоятын. 
Ал Қажаев Азамат болса, өнерге жақын болды. Салған суреттері ерекше 
сезімге  бөлейтін.  Сондай  өнерімен  Азамат  марапатқа  да  бірнеше  рет  ие 
болды.  Біздің  сынып  қоғамдық  жұмыстардан  да  тыс  қалған  жоқ.  Олай 
дейтін себебім, біз тимуршылар ұйымы болып соғысқа қатысқан, тылда 
жұмыс  істеген  ардагерлеріміздің  үйіне  барып,  шаруасына  көмектесіп, 
мейрамда сыйлықтар апаруға тырысатынбыз. Осылай қызықты да мазасыз 
күндер өтіп жатты. “Мектепті бітіруге 5 минут қалған оқушыларсыңдар” 
деп Гаухар апайымыз айтпақшы, 10-сыныпқа да топ ете қалдық. Өмірдің 
ағысымен алтын ұямыздан тоғыз оқушы ерте ұшып кетті. Олар өз  жол-
дарымен  маман  болуға  арнайы  оқу  орындарына  тоғызыншы  сыныптан 
кейін түсіп кеткен. Оларға сəттілік тілеп, мектеп күндерін біз ары қарай 
жалғастырдық. Жоғары сыныпқа келіп, мазасыз күндердің келгенін енді 
түсіндік.  Алдымызда-  сын,  ойлаған  мамандыққа  қол  жеткізу  үшін  бір 
қадам қалған. Мұғалімдерден сапалы білім алып, болашаққа ұшуға дайын 
болдық. Барлық ұстаздарымызға сол үшін шын жүректен алғыс айтамыз. 
Соның ішінде əсіресе Бақытжан Мұхтарқызына,Лəззəт Баженовнаға, Лиза 
Құнашқызына,  Лаула  Маратовнаға  жəне  де  Нəзира  апай  мен  Гүлнафис 
апайға. Бұл адамдардың əрқайсысынан алған ерекше əсерім бар. ҰБТ-дан 
кейін  əрбіреуіміз  өз  жолымызбен  кеттік.  Балалық  шағымызды  артта  та-
стап, үлкен өмірге қадам жасадық. Осылай мектеп кезіндегі сағындырған 
күндер мəңгі ұмытылмастай болды. Адам болып, нық тұруыма көмектескен 
ұстаздарым мəңгі ұмытылмас.

Шаттық ордасы
114
Ə. Берістенова,
2014 жылғы лицей түлегі
Менің сыныбым
Мектеп бітіргенімізге біздің небəрі бір жыл ғана 
болды.  Біз  мектепте  ең  шулы  жəне  ең  ұйымшыл  сы-
нып ретінде белгілі болғанбыз. Мұғалімдер жəне мек-
теп  ұжымы  бізді  аса  қатты  жақсы  көрді  деп  айтуға 
қиын.  Себебі  бір  күніміз  тыныш  өтпейтін.  Сонда  да 
əрбір ұстаз бізбен ашық сабақ жүргізгенді қалайтын. 
Біз  берілген  тапсырмаларға  шамамыз  келгенше 
жауапкершілікпен қарауға тырысатынбыз. 
Біз  сынып  болып 2008 жылы  Білім  күнінде 
құрылдық.  Барлығымыз  бұрынғы  мектептерімізді  тастап,  Үлкен  На-
рын ауылдық лицейіне сапалы білім іздеп келген болатынбыз. Басқасын 
білмеймін,  бірақ  мен  қалаған  нəтижеме  қол  жеткіздім.  Бастапқыда  сы-
ныпта 16 оқушы болатын. Сыныпта лақап есім бірінші күннен-ақ бəріне 
де табыла кетті. Басқалар түсінбес. 9-сыныпта 20 оқушыға дейін жеттік. 
Біздің мектепте бұл- үлкен көрсеткіш. Себебі лицейге кім көрінген оқуға 
түсе  алмайды.  Барлық  қалаушыларды  арнайы  емтихандық  сараптаудан 
өткізеді  ғой. 9-сыныптан  кейін  колледжге  түсушілер  көп  болып,  біздің 
сыныпта 11 оқушы  ғана  қалды.  Өзімізді  күліп  «жаужүрек 11 бала»  деп 
айтатынбыз. 5 жыл ішінде бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Біз жай ғана 
сынып емес, бір отбасы болдық.
Мектепте  өткізген  əрбір  күніміз  қызыққа  толы  болған.  ЖОО  түскен 
күннің өзінде де, сол күндерді, бір-бірімізді қатты сағынып, хабарласып 
тұрамыз. 
Жасыратыны жоқ, қысқы сессияның аяғын достарымызбен тағатсыз 
күтіп, ауылға бір -бірімізді көруге асықтық. 
Маған  өз  сыныбымның  орны  басылмастай,  əрқашан  бөлек  болып 
қалары анық.
Ə. Құнашова,
11 «А» сынып оқушысы, Үздік аттестат үміткері
Мектебіме
Қоңырау  үні…Балалық  шақ…Сабақ  үстіндегі  қызықты  сəттер… 
Барлығы  мəңгілікке  жадыңда  қалады.  Міне,  менің  де  сол  сəттермен 
қоштасатын  уақытым  да  жақындап  қалды.  Атым - Əйгерім.  Құнаш  ата 
мен  Серіктей  əкенің  айдай  керімімін.  Ең  алғаш  мектеп  табалдырығын 
2004 жылы Күршім ауданы Қаратоғай орта мектебінде аттадым. Он жыл 
бойы сол мектепте білім нəрін сіңіріп, «үздік» атандым. Он бірінші жылы 
ҰБТ қарсаңында мені ата- анам Үлкен Нарын ауылдық лицейіне жіберуді 
жөн  көрді.  Оған  себепкер  болған  менің  сынақты  жақсы  тапсыруым  еді. 

115
Школа радости
Жаңа  мектепке  ауысатынымды  естігенде,  бойымды 
қорқыныш  үрейледі. «Мені  қалай  қарсы  алады  екен? 
Қандай  достар  табамын?  Ұстаздары  қандай?»  Санса-
улдар. 
Уақыт  зымырай  келе,  жазғы  демалысым 
аяқталып,  жаңа  мектеп  табалдырығын  аттайтын  күн 
де  келіп  жетті.  Мектепке  кіріп,  өз  сыныбымды  тап-
тым.  Ең  бірінші  мені  сынып  жетекшім  Гульнафис 
Нұрғожиновна жылы қабақпен қарсы алды. Қыздар да, 
ұлдар да жылы шырай танытты. Сабақтың бірінші күнінен бастап өзімді 
жайлы сезіндім. Қай сабақ болмасын, барлық мұғалімдер мені бұрыннан 
танитындай  көрінді.  Гаухар  Кайролдиновна,  Ляззат    Баженовна  сынды 
ұстаздарымның арқасында жатырқап, жабырқауды білмедім. Міне, содан 
бері  бес  ай  уақыт  өтті.  Əлі  күнге  дейін  сыныптастарыммен    араздасып 
көрмедім. Мектеп өміріне белсене қатысып, сіңісіп кеттім.
Ұстаздарымның  арқасында  білім  шыңына  көтеріліп  келемін. 
«Білетінім  бір  тоғыз,  білмейтінім  тоқсан  тоғыз».  Сол  тоқсан  тоғыздың 
тоқсанына мені лицей ұстаздары жеткізетін сыңды. Енді алдымда үлкен 
сынақ. Сол сынықтан сүрінбей өтетініме күмəнім жоқ. Ең бірінші ата- ана-
ма рақмет айтамын. Олар менің осындай білімі жоғары мектепті бітіруіме 
себепкер болды. Екіншіден, мектеп директоры, екінші анамдай болған Ра-
ханова Лиза Кунашевнаға,тарих пəнінің қыр-сырын меңгерткен ұстазым 
Қажаева  Лəззат  Баженовнаға,  сынып  жетекшім  Чекушева  Гульнафис 
Нұрғожиновнаға  алғысым  шексіз.  Сондай-ақ  білім  нəрін  сепкен  өзге  де 
лицей  ұстаздарына  көп-  көп  рақмет  айтқым  келеді.  Менің  жетістігім - 
олардың жемісі. 
Биыл  лицейге  жиырма  жыл  толып  отыр.  Сол  жиырмасыншы  жылы 
біз лицей ұясынан ұшқалы отырмыз. Мектебіме тілерім, көркейе берсін, 
өркендей  түссін,  саналы  да  тəрбиелі  балаларының  жемістеріне  куə  бол-
сын.
А. Батталова,
10-сынып оқушысы
Мектеп - білім ордасы
Мектеп- білім тірегі,
Ұстаз- оның жүрегі.
Тарыдай болып кіргеннен,
Шəкірті болар тілегі.
Білімнің кəусəр бұлағы,
Ұстаз - мектеп шырағы.
Мейірім мен нұр тамған,
Өзің ғой  əлем шуағы.

Шаттық ордасы
116
«Мектеп – кеме, білім – теңіз»,
Сапарға шықсақ білерміз.
Небір белес, асулардан,
Талмай асып келеміз.
Алтын ұя мектебім-
Сен кішкентай əлемім.
Жылулық пен бақытты
Өзіңнен алып келемін.
А. Тоқтарбаева,
10 -сынып оқушысы 
Арнау
Ақ параққа жосылтып арғымақты,
Қыран жырды қиядан түлетейін.
Жақсылардың көгінде күні болып,
Жамандардың көкірегін түн ететін.
Ұстаздың бір ғұмырын жыр етейін,
Жыр етейін, жыр кептерін түлетейін.
Шабытты дариядай жел тербеген,
Аққудай айдында түнетейін.
Ойды-ойға жалғастырып өрімдейін,
Даналық жамыраған санасынан.
Ұстаз- өмір өрнегі дара тұлға,
Тəңірім өзі жаратқан, дана туған.
Аяулы жан емес пе ұстаз деген,
Ой салған саналының  санасына.
Білімнің алтын қазық діңгегісіз,
Еліме атқан таңдай нұр беріңіз.
Шəкіртіңіз озып сан бəйгелерден,
Жарқырап жана берсін еңбегіңіз !             
Г. Бекенова,
10-сынып оқушысы
Мектеп - білім  ордасы
Мектеп-білім  айдынындағы  үлкен  кеме.  Азамат  баласы  «өмір» 
атты  өзенде  жүзу  үшін,ең  алдымен  «мектеп»  атты  кемеге  отырады. 
Осы  білім кемесінде  əр бала өзінің он бір жыл уақытын өткізеді. Мек-
теп  табалдырығына  тарыдай болып аттанып  ,білім алып, таудай болып 
шығады.  Алғашқыда      мектепке    үйрене  алмай  қиналып,əрбір    санды 
,əріпті жазу қандай қиын еді... Уақыт өте келе бəрі өзгерді . Адам қанша 
жыл өмір сүрсе де,қандай іспен айналысса да,өмірдегі ұмтылмас сəттері 
мектепте өтті .

117
Школа радости
Мен де  оныншы  сыныпқа келіп,  бір жыл 
өткен  соң  мектепті  бітіргелі  отырмын  .Уақыт 
өтіп  жатыр,  мен  өзімнің  мектепке  қатты  бау-
ыр  басқанымды,  оның  маған  қаншалық  ыстық 
екенін түсінудемін  Білім кемесінде біз тек білім 
алып  қана  қоймай,  өзімізге  жақын  құрбы  ,жан 
жолдастарымызды  кездестіреміз,  ал  ұстаздар 
екінші  анамыздай  білім  нəрімен  сусындатып 
,  үлкен  өмірге  аяқ  басуға  дайындап  ,білім  мен 
ғылымның қажеттілігін  түсіндіреді.
Мектеп    қабырғасында  өткізген  əрбір  күн 
,əрбір  қырық  бес  минут  балалық  шағымның 
балғын  уақыты болып менің есімде мəңгі қала 
бермек. Білім ордасы бізге  тірек болып, жылулық пен бақыт  сыйлайды.  
Менде алғыс ретінде, болашақ мектептің жас түлегі ретінде ,оқу бітірмес 
бұрын  мектепке  бар  күш-жігерімді  арнап , лицейімнің  жалауы  биікте 
желбіреп  тұруын  руына  өзімнің  аз  да    болсын  үлесімді  қосқым  келеді . 
Лицей оқушыларын да осыған шақырамын! 
Ендігі  жолы  алдыма  үлкен  мақсаттар  қойып,  асқар  асуларды 
бағындырып    ,елім  мақтан  тұтатын  азамат  болғым  келеді . Бұл  менің 
мəпелеп  өсірген  əке-шешемнің  ,ақылшы  ұстазымның , алтын  ұям-
мектебімнің алдындағы борышым!
      Мектебің –алтын ұя жарқыраған,
     Ұстазың-бұлақ көзі сарқыраған.
     Шыңдалып,шыңға қарай қанат қақтың ,
     Шарықта ,жас қыраным,ақжол саған!
Д. Тұрарбекова,
6- сынып оқушысы
Міне, мен енді алғаш лицей табалдырығын 
аттап отырмын. Қазір 6 «А» сынып оқушысымын. 
Біздің  лицейдің  бір  ерекшелігі  əр  түрлі  іс-
шаралар  жəне  мейрамдар  өтеді.  Əрбір  пəннен 
беретін мұғалімдер балаларды  оқытып, оларды 
биік шыңға жеткізбек. Маған лицей мұғалімдері 
қатты ұнайды. Мұғалімдер біздің түсінбей қалған 
жерлерімізді кез келген уақытта түсіндіріп беру-
ге дайын. Менің осы лицейде жоғары деңгейде 
тəрбиелеп  отырған  мұғалімдерге  алғысым 
шексіз.  Лицейді 20 жылдық  мерекесімен 
құттықтап,  мектеп  ұжымына  шығармашылық 
табыстар тілеймін!

Шаттық ордасы
118
А. Зарипова,
ученица 8 класса
Здесь наша пристань,
Здесь наш общий дом,
Здесь мы растём,
 не по годам взрослея.
Бывает трудно, но зато потом
Идти по жизни будем мы смелее.
Всё самое важное в судьбе человека начинает-
ся  со  школы.  От  неё  зависит,  каким  ты  будешь  в 
дальнейшей жизни.
Я  учусь  в  замечательной  школе.  Уверена,  что 
именно    здесь    получу  все  нужные  мне  знания. 
Здесь  самые  лучшие  учителя,  которые,  не  жалея  сил  и  времени,  отдают 
себя  детям.  Моя  школа – это  не  только  научные  знания,  это  маленький 
мир, где я нашла  себя, где  мне помогают раскрываться. Победы в  конкур-
сах и спортивных соревнованиях  – это не только моя заслуга, но и заслуга 
моих учителей. Школе, в которой я учусь,  исполняется двадцать  лет. 
Я очень люблю свой лицей и считаю его самым лучшим. С замира-
нием сердца думаю о том, что когда-нибудь и для меня прозвенит послед-
ний звонок. Но я знаю, что снова вернусь сюда, чтобы увидеть дорогие 
лица. Лицей! Милый лицей! Поздравляю тебя с днём рождения! Пусть у 
тебя всё лучшее будет впереди! Желаю  тебе долгих лет жизни, творческих 
успехов и дальнейшего процветания!

119
Школа радости
Алғысымыз шексіз...
Родители с благодарностью...

Шаттық ордасы
120
И. Даулетханова,
директордың тəрбие  ісі жөніндегі   орынбасары  
Отбасы  мен мектеп  ынтымақтастығы
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,
- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін 
ата-ана  жоқ  шығар.  Бүгінгі  ұл-ертеңгі  əке,  ол  əкеге  қарап  өседі.  Бүгінгі 
қыз-ертеңгі  ана,  ол  шешеге  қарап  өседі,  бойын  түзейді.  Балаға  білім, 
тəрбие  беруде  басты  тұлға  ұстаз  болса,  оны  жалғастырушы,  демеуші – 
ата – ана. Осы қағидаға сай Үлкен Нарын ауылдық лицейінің  ұстаздары  
мен  ата-  аналар    қауымының 
ынтымақтастығы    əр  кез  
мықты болған.  Олар  əрқашан  
мектеп өміріне  белсене  ара-
ласып,  лицей    мұғалімдеріне 
көмекші,  сенімді  тірек  бола  
білді. 
Лицей 
 
қабырғасына 
бір  емес,  бірнеше    бала-
ларын  ертіп  келіп,  біздің  
ұстаздар  сенім артқан  ата- аналарған 
ризашылығымыз шексіз.    Олар  Нов-
городцевтер,  Челдыбаевтар,  Та-
ласпаевтар,  Албаковтар,  Мусаипов-
тар,  Смағұловтар,  Бірдікшіловтер, 
Мусиндер,  Болжербаевтар,  Отчега-
ровтар,  Зайнолдиндер,  Омарбековтар  
мен қоса  өзге де көптеген отбасыла-
ры. 

121
Школа радости
Лицей  құрылғаннан бері 
мектептің  қоғамдық өміріне  
белсене    араласатын    ата- 
аналарымыз  да  жеткілікті. 
Олар:  Н.  Фалькова,  Н. 
Малгаждаров,  Г.  Жамалие-
ва,  Ж. Хамзин, В. Иванова, 
Г.  Лысова,  Г.  Нарестина, 
Р.  Жақсалыкова,В.  Дягиле-
ва,  Ж.  Ожарова,  З.  Катиева, 
М.  Орлова,  Р.  Батырқанова, 
Т.Айдарбаева,  О.  Слухай, 
А.  Базашев,  Е.Омарбеков,Э.  Омарбекова,  Т.  Зотова,  К.Құрманбаев,  Г. 
Ағажаева,   Б. Болаев, Г. Ахметова, Т. Коренюк, Г. Болғамбаева, А. Тураше-
ва,  Ж. Карибаева, Ж. Жанкулова, А. Сакенова,  Ахметжанов С. жəне  т.б.  
Мектепте  өтетін  іс-шараларға, жылда  өтетін «Мектепке жол» акция-
сы аясында ауылдық лицей  ата-аналары үнемі  демеушілік көрсетіп,  қол 
ұшын  созады.  Олар:   Шаухин Н.К., Секербеков Б.Т., Атабаева Г. Т, Новго-
родцев Н.Г. Малғажин А.А., Дюсюпова А. В., Нарестина Г.К., Сапбулатова 
А.Е., Алимханов Т.Н., Дюсембек Е. Д,  Таласпаева Г.М, Жанкулов А.Ж., 
Канапин Б. Ж.,  Серикпаев Т. Н,  Манакова Е.Г., Турашева А.Н., Даулетха-
нова А.А., Ожарова Ж.К.,Болжербаева Д.Д.  жəне т.б. 
Лицей    əкімшілігі  мен  мұғалімдер    ұжымы  екі  жақты  байланысты  
нығайту    мақсатында    ата-  аналарға  арналған    «Ашық  есік    күні», «От-
басы күні», «Оқушы күні» мерекелерін ұйымдастырып,  ата- аналардың  
көңілінен  шығады. Аталған  іс- шараларға  ата- аналар белсене  араласып, 
мектептің  қоғамдық өміріне  өз үлестерін  қосады.
Құрметті лицей  ата- аналары!   «Отбасында берілген тəрбие жігеріңді 
құм  қылып,  жерге  қаратпасын  десең,  балаға  жастайынан  түзу  тəрбие 
бер,»- деп  ата-бабаларымыз айтқандай, бала тəрбиесіне уақытында көңіл 
бөліп,  еліміздің  инабатты,  адамгершілігі  мол,  білімді,  саналы  ұрпағын 
тəрбиелеуге  ат салысқандарыңызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз.  
Ата-ана мен мектеп өзара  əрқашан да тығыз байланыста болып, балаларға  
бірдей  талап  қоя  отырсақ,  тəуелсіз  еліміздің  ұл-қыздары  жан-жақты 
дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Б. Секербеков,
Катонқарағай аудандық сотының төрағасы
Мереке құтты болсын!
Менің қызым Тұрарбекова Даяна Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 6- 
сыныбында білім алуда. Қызымның бұл мектепте оқып жүргеніне аз уақыт 
болса да, лицейдің үлкен деңгейде жұмыс атқарып жатқанын байқадым. 
Лицейдің  басшылығы  мен  ұстаздар  қауымы  оқушылар  жəне  ата-анамен 

Шаттық ордасы
122
тығыз  қарым  қатынаста.  Əр  оқушыға 
үлкен  көңіл  бөліп,  олардың  жеке  тұлға 
болып  қалыптасуына  ықпал  етуде.  Ли-
цей мұғалімдерінің барлығы өз пəнінің 
білікті маманы деп айтуға болады. Олар 
балаларға  сапалы  білім  берумен  қатар, 
олардың  əр  күндерінің  қызықты  өтуін 
қолға алған.
Биыл  Үлкен  Нарын  ауылдық 
лицейінің  құрылғанына 20 жыл  толып 
отыр. Лицей директорын жəне ұстаздар 
қауымын 
мерейтойларыңызбен 
құттықтаймын.  Лицейдің  ғұмыры  ұзақ  болып,  толағай  табыстарға 
жетулеріңізге тілектеспін. Əр оқушыларыңыз сіздердің ерен еңбектеріңізді 
бағалай білсін деп тілеймін.
Г. Оралова,
АББ əдіскері
Ауылдық лицейдің 20 жылдығына тілек
Шырайлы  да  шұғылалы  Катонқарағай 
ауданымызда  бүгінгі  күні 45 білім  орда-
сы  бар.  Оның  бірі-Үлкен  Нарын  ауылының 
орталығында  орналасқан  ауылдық  ли-
цей.  Лицей  ұжымы  өзінің  білімділігімен, 
мəдениеттілігімен, 
тəкаппарлығымен 
ерекшеленіп тұрады. 
«Мектептің  тірегі  де,  тіреуі  де  –оқыта 
білетін  мұғалім,»-  деп  Ахмет  Байтұрсынов 
айтқандай, 
аудандық, 
облыстық, 
республикалық, халықаралық сайыстарға ли-
цей ұстаздары, оқушылары белсене қатысып, 
жүлделі  орындарға  ие  болып  жататынына  куə  болып,  оларды  қашан  да  
мақтан тұтамыз. 
Абай  атамыз: «Адамның  адамшылығы  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата, 
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады,»- дегендей, бірін-бірі 
қолдайтын, ынтымақтаса жұмыс істейтін ұжым ғана жетістіктерге жетеді 
деген сенімдемін.
Құрметті лицей ұжымы!
Мерейтойларыңыз құтты болсын!
Сіздердің дені сау, ұлттық сана – 
сезімі оянған, рухани дəрежесі биік, парасатты, еңбекқор, іскер, жаңашыл, 
бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  оқушыларыңыз  биіктен 
көріне берсін!

123
Школа радости
Р. Батырқанова
Сапалы білім, саналы тəрбие жолында
Əрбір ата – ана өз ұрпағының болашағы үшін 
алаңдайды.  Мен  де  өз  кезегінде  ұрпақ  қамын 
ойлаған аналардың бірімін. Балаларымның білімді 
болып  шығуын  дүние  есігін  ашқан  күндерінен 
бастап армандадым. Сондықтан да балаларымның 
сапалы білім алуы үшін жақсы мектептердің болу-
ын аңсадым.       Осыдан 20 жыл бұрын Үлкен Нарын 
орталығында  жаңа  екпінмен,  жаңа  оймен,  жаңа 
сапамен ауылдық лицейдің ірге тасы қаланды. Сол 
кездегі ұстаздар қауымы да жаңаша оймен келген-
дей еді. Ұрпақ алдындағы жауапкершіліктері өте 
жоғары  болды.  Ата – ана  ретінде  ауылдық  лицейдің  жұмысы,  ұстаздар 
қауымының  орасан  зор  еңбегі  мені  қанағаттандырды.  Сондықтан  болар, 
мен өз балаларымды осы лицейге оқуға беруге шешім қабылдадым. Үлкен 
ұлым Дархан, екінші ұлым Айбек, кіші ұлым Саят- үшеуі де осы ауылдық 
лицейдің  түлектері.  Мектепті  бітірген  соң,  ұлдарым  жоғарғы  оқу  орын-
дарына  еш  кедергісіз  түсті.  Бұл  да  ұстаздар  қауымының  жемісті  еңбегі 
деп білемін. Қазіргі таңда бəсекеге қабілетті елдердің қатарына ену үшін 
біздің ұрпақтарымыздың білімді болуы қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назар-
баев өзінің əрбір жолдауында білім саласына өте көп көңіл бөлуде. «Ұлт 
болашағы -білімді ұстаздың қолында» дейді дана халқымыз.Білім –сенің 
серігін, өмірлік жолдасың.  Адам өзінің барлық керегін, ой-арманын, талап- 
тілегін тек  білім арқылы ғана қанағаттандыра  алады. Білімсіз еш нəрсе 
ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орынды тауып, атың 
шартарапқа  тарайды, міне, осы қағиданы берік ұстаған лицей ұстаздары 
алдына келген əрбір шəкіртін асқан  жігермен тəрбиелеп отырды. Білімдіге 
қашанда  төрден  орын  тиеді.Білімді  босаға  жақта  отырғанмен,  біртіндеп 
төрге шығады.  Мектеп - кеме, білім - теңіз» дегендей, лицей ұстаздары 
20  жылда    мыңдаған  ұрпақты  білім  нəрімен  сусындатып  келеді.  Атап 
айтсақ ,осы ауылдық лицеймен бірге жасасып келе жатқан Қажаева Лязат 
Баженовна оқушыларын білім нəрімен ғана сусындатып қоймай, оларды 
өз балаларындай тəрбиелеп, өмір өзенінде өз жолдарын табуға зор үлесін 
қосты.Сондай-ақ қазақ тілі - əдебиеті пəнінің ұстазы, қазіргі лицей мүдірі 
Раханова Лиза Қунашевна өз мамандығының асқан шебері екенін көрсетіп 
келеді.  Білімді  де  білікті  ұстаздар  бұл  мектепте  жетерлік.  Солардың 
ішінде  Нурғалиева  Назира  Тугельбаевна,  Кожикова  Бакытжан  Мухта-
ровналарды атап айтқым келеді.Сіздерге ата –ана ретінде еңбектеріңізге 
жеміс  тілеймін.  Шығармашылық  шыңдардан  көріне  беріңіздер. 20 жыл-
да шартарапқа тараған шəкірттеріңіздің еңбектерінің жемісін көріңіздер. 
Еңсесі биік егемен еліміздің елеулі азаматтары шаңырақтарыңыздан түлеп 
ұша берсін!

Шаттық ордасы
124
А.Какоков
Үлкен Нарын ауылдық лицейіне алғысым 
шексіз...
«Атағы алты қырды асқан мектеп,
1995 жылы құрылса да,
Болашаққа сəт қадам басқан мектеп.
Жетістігін жырлайтын ақын болса,
Алпыс күн айтылардай дастан мектеп.
Ұрпақ үшін қызмет атқарсын деп,
Үлкендер бата беріп ашқан мектеп.»
Менің  қыздарым  Какокова  Айжан  мен  Анар 
6-сыныпқа көшкен кезде, мен ешбір ойланбастан, 
балаларымды  ауылдық лицейге əкелдім. Өйткені  
мұнда  математика  пəнін  тереңдетіп  оқытады  жəне  лицейдегі  мықты  ма-
мандардан  білім алатын болса,қыздарымның жарқын болашағына сенімді 
едім.
Менің  сенімім  ақталып,  үлкен  қызым  Айжан  лицейді 2008 жылы 
«Алтын  Белгімен», 2010 жылы  екінші  қызым  –Анар  лицейді  жақсы 
жетістіктермен  аяқтап,  жоғарғы  оқу  орындарының  гранттарын  жеңіп 
алды.Айжан Алматы қаласында, ал Анар Өскемен қаласындағы Серікбаев 
атындағы ШҚТМУ –ды ойдағыдай аяқтап, бүгінде қалаған мамандықтары 
бойынша еңбек етуде. Қыздарымның өмірден өз орындарын табуында ли-
цей мұғалімдер ұжымының да зор еңбектері бар екендігін айтқым келеді.
Себебі  ұстаз-ұлы  сөз  жəне  ұстаз-білім  нəрін  себуші.  Адамның 
адам  болып  қалыптасуына  ата-аналарымен  қатар,  мұғалімнің  де  еңбегі 
ұшан-теңіз  екені  баршамызға  аян.  Тағылымы  мол  білім  ордасы  тыныс-
тіршілігінің күннен-күнге жақсаруына өз көзқарасы мен сеніміне ұлттық 
рухы  оянған  білімді  жас  ұрпақ  тəрбиелеуде  талай  тер  төгіп  даналығы 
мен  парасаты  астасқан  тəрбие  мен  білімді  ұштастыра  білетін  аяулы 
ұстаздар  А.Е.Алыбаева,  Л.Б.Қажаева,  Л.К.Раханова,  Б.М.Кожикова, 
Н.Т.Нұрғалиева, Л.М.Азирбаева, Г.К.Садықова сынды ұстаздар арқасында 
қасиетті қара шаңырақ өзінің ізгілікті құндылықтарын сақтап, киелі ордаға 
айналып отыр.
 
Лицей ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұстаздарға 
шығармашылық табыс тілеп, алғыс айтамын!
Еңбектеріңізді ақтайтын шəкірттер мол болсын! Түлектеріңіз тек қана 
биік шыңдардан көрініп, сіздерді қуанта берсін!
Құтты болсын бүгінгі
20 жылдық тойыңыз.
Орындалсын ниет пен
Арман, тілек, ойыңыз!

125
Школа радости
В. Проваторова
С благодарностью к лицею...
В апреле 2015 года Большенарымский сельский 
лицей отмечает знаменательную дату – 20-летие  со 
дня  основания.  Моим  дочерям  Коровиной  Елене 
и  Галине,  скажу  без  преувеличения,  посчастливи-
лось  быть  выпускницами  лицея.  Елена  окончила 
лицей в 1998 году (это был 3-ий выпуск лицеистов) 
и,  на  мой  взгляд,  один  из  самых  сильных.  Галина 
окончила лицей в 2006 году. С огромным чувством 
благодарности  и  уважения  вспоминают  они  своих 
учителей- математиков: Людмилу Савельевну Лит-
винову, Алмагуль Есымкановну Алыбаеву, филологов – Галину Сергеевну 
Бузову, Зою Ивановну Шаньшину, историка – Сауле Аркалыковну Куда-
баеву и многих других предметников. Хочу сказать, что в первую очередь 
педагоги сумели привить детям чувство ответственности к учебе, стрем-
ление учиться на «хорошо» (пятерки редко ставили в лицее, особенно по 
математике и литературе, говоря при этом «Ваша «четверка» в будущем 
будет «пятеркой»). По математике изучали программу ВУЗа и получилось 
неплохо. Сколько вечеров просиживали дети, готовясь к зачетам, сессиям, 
сдавая их потом на «отлично». Конечно, нагрузка была большая на детей, 
но они старались успеть. Нравилось им то, что педагоги обращались к ним 
на  Вы.  А  сколько  интересных  и  увлекательных  мероприятий  проводили 
учителя  с  детьми,  где  они  раскрывали  свои  таланты  и  способности.  Но 
особенно они ждали День самоуправления, когда можно было придумать 
пародию на того или иного учителя. Я думаю, что, кроме того, что учителя 
давали хорошие знания детям, они еще и стремились сделать их думаю-
щими, творческими личностями, учили принимать правильные решения. 
Обе дочери получили высшее образование, специальность, работают. Но 
всегда они вспоминают лицей, учителей, которые учили их делать первые 
самостоятельные шаги во взрослую жизнь…
Г. Карменова
Учиться интересно. . .
В Большенарымском сельском лицее рабо-
тают квалифицированные специалисты во гла-
ве с директором лицея. Главное отличительное 
качество  педагогов -толерантное , уважитель-
ное отношение к учащимся и родителям , без 
намека на занижение самооценки детей.  Вне-
дрение  новых  методик , стремление  научить 
учащихся  работать сообща  и мыслить само-

Шаттық ордасы
126
стоятельно, по –моему,  это кредо лицея. Все это пригодится в жизни на-
шим детям.Интересны  внутришкольные мероприятия с  участием педа-
гогического состава школы. Мне нравится, что в  лицее  активно ведется  
приобщение детей к  физической  культуре. Конечно, хотелось бы, чтобы 
улучшилось материальное  положение  лицея, но это, конечно, не зависит 
от директора и учителей. Хотелось  бы поздравить весь коллектив лицея с 
юбилейном датой и  пожелать Всем здоровья и терпения  в этом нелегком, 
но благородном  деле обучения и воспитания наших детей.
Н. Шаухин
Директор ТОО «Нарын Сервис», депутат районного маслихата, «От-
личник  народного  образования  Казахской  ССР»  награжден  знаком  «По-
четный строитель Республики Казахстан», меценат, оказывающий помощь 
лицею со дня образования и по сегодняшний день

127
Школа радости
Артық білім кітапта, 
Ерінбе оқып көруге...
 Абай
Для наслаждения души… 

Шаттық ордасы
128
Л. Петухова,
библиотекарь Большенарымского сельского лицея
Сокровищница всех богатств 
человеческого духа
Люди перестают мыслить, 
Когда перестают читать. 
             Д.Дидро
20 лет нашему лицею, как быстро летит вре-
мя.  До  сих  пор  помню,  как  с  внутренним  вол-
нением вошла в библиотеку – пустой класс, где 
отсутствовали не только книги, но и стеллажи. 
Все с нуля. Общими усилиями всех, кто начинал 
работать в лицее, была создана наша библиоте-
ка: это первый директор лицея Серик Зайтано-
вич Тайбогаров, завуч Кажаева Ляззат Баженов-
на,  Шаньшина  Зоя  Ивановна.  Было  трудно,  но 
мы все были воодушевлены созданием нового, ко всему был творческий 
подход, сплоченность коллектива была такая, какую я никогда  и нигде не 
видела до лицея. Учителя и учащиеся были действительно одной семьей. 
В  настоящее  время  фонд  нашей  библиотеки  составляет 6887 экзем-
пляров  учебной,  методической,  справочной,  научно-популярной  и  худо-
жественной литературы. Фонд библиотеки постоянно обновляется за счет 
получения новой литературы через РайОО. 
В  библиотеке  два  полноценных  абонемента:  учебный  со  своим 
специфическим фондом, учетом изданий, справочным аппаратом и 100% 
обслуживанием контингента и художественный (с отдельным фондом от-
раслевой и художественной литературы, разветвленной структурой спра-
вочно-библиографического аппарата, системой обслуживания от 70-100% 
контингента).
Читальный зал достаточно укомплектован энциклопедиями, словаря-
ми, справочниками, научно-популярной литературой, периодическими из-
даниями на казахском и русском языках.
Одной  из  форм  привития  интереса  к  чтению  является  выставочный 
материал,  учитывая,  что 80% информации  читатель  черпает  с  помощью 
зрения, особый упор делается на наглядные формы пропаганды литерату-
ры. В библиотеке оформлены постоянно действующие выставки «Процве-
тай, мой Казахстан», «Народный язык – золотой ручей», «Культура и быт 
Казахстана», «Возвращенные имена», «Поиск согласия», «Ваши права» и 
т.д. 
В  течение  года  проводится  цикл  выставок,  посвященных  памятным 
датам под общим названием «Календарь знаменательных дат», где всегда 
найдется материал по свежему событию. Библиотека является структур-

129
Школа радости
ным  подразделением  школы,  поэто-
му и план работы является составной 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет