Шеберлік негіздері


 Оқытушының педагогикалық



Pdf көрінісі
бет54/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   141
2.8. Оқытушының педагогикалық
шығармашылығы
 
Шығармашылық – сапасы жағынан жаңа қайталанбаушы-
лығымен, біртумалығымен және тарихи-қоғамдық бірегейлігі-
мен ерекшеленетін әлдебір қызмет туғызушы [7]. 


97
Шығармашылық тұлғада жаңалығымен ерекшеленетін өнім 
алу ‰шін қажетті мотив, білім және біліктілігінің болуын ұйға-
рады. 
Шығармашылық ұғымы екі аспектіде қарастырылады: бі-
рінші бұрын белгісізді, жаңаны ашу және екінші – нақты 
жағдайда жақсы шешім қабылдау. Г.М. Афонина еңбектерінде 
шығармашылықтың әлеуметтік және психологиялық крите-
рийлері туралы әңгіме етіледі (Г.М. Афонина). 
Шығармашылық объективті және субъективті жақтарын 
бөліп айтқан жөн. Объективтілігі жағынан ол соңғы өнім болып 
саналатын – ғылыми жаңалық, зерттеу жаңалықтары, жаңалық 
ашу, жетілдірумен (рационализациямен) анықталады. Бұлардың 
көлемі (масштабы) әрт‰рлі болуы м‰мкін, бірақ онда әлеуметтік 
құндылығы мен шешім жаңалығының болуы шарт. Субъектив-
тілігі жағынан шығармашылық тіпті соңғы өнімнің қажетті 
әлеуметтік құндылығы және жаңалығы болмасада процестің 
өзімен анықталады. Іс ж‰зінде адам шығармашылығы мен өзі 
туралы және өзі ‰шін жаңаны ашады. Осыған байланысты шы-
ғармашылықтың екі т‰рін ажыратады: алдын ала дайындалған 
және әп-сәтте экспромт т‰рінде. 
Шығармашылық қызметтің стилін құраушы ж‰йенің 
бірқатар ерекшеліктері бар, олар тұлғаның шығармашылық 
тұрақты интеллектуалды қасиеттерінде байқалады және бекиді. 
1. Проблеманы көре білу (әлемнің проблемалық көріну, 
проблеманы сезу, интеллектуалды инициатива) іс ж‰зінде 
таным процесінің ж‰йелілігін анықтаушы маңызды қасиет деп 
саналады. Өйткені проблеманы көре білу оны шешуден қиын 
екен, ал оны қою және талдай алу белгілі шамада оның жауабын 
шешуге әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет