Шеберлік негіздері


Педагогикалық абыройдың өзіндік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет53/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141
Педагогикалық абыройдың өзіндік ерекшеліктері. Өзіндік 
ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызуға болады: 
1. Педагогтың тұлғасының мінез-құлықтық маңызы – оның 
адалдығында, ашықтығында, ақж‰ректігінде, шыдамдылығы 
мен қарапайымдылығында. 


95
2. Мінез-құлықтың өзін-өзі жетілдірілуі, педагогтың өзіне 
деген жоғары талабы, оның принциптілігі мен белгілілігі, идея-
лық позициясының болуы, азаматтық терең сенімділігінде бай-
қалады. 
3. Интеллектуалды дамушылығы, руханилылығы, пайым-
дау тәуелсіздігі және білімділігі. 
4. Тәрбиеленуші тұлғаны шынайы сыйлау, педагог пен сту-
дент, оқушы арасындағы тиімді және жайлы, шырайлы қарым-
қатынас, олардың адамгершілік-эстетикалық бірін-бірі тартым-
дылығын қамтамасыз етуші. 
Педагог абыройына қойылатын талаптар иерархиясында 
қайсыбіреуін бірінші орынға қою м‰мкін емес, өйткені оқыту-
шы абыройы студенттер санасына өзіндік рухани билік қамта-
масыз етуші кәсіби-тұлғалық қасиеттердің кешені болып табы-
лады. 
Абыройлы оқытушыны мейірімді, көңілшең қамқоршы сту-
денттер мен оқушылардың талап-тілектерін т‰сінуші, кәсіби 
компетентті, принципті педагог, жоғары мәдениетке ие адам деп 
көреді. Оқытушы абыройы білімінде, қарым-қатынасында, тұл-
ғасында сырт көрінісінде көрінеді. 
Абыройдың қалыптасу кезеңдері. Педагог абыройының 
қалыптасуында мынадай негізгі кезеңдерін бөліп көрсетеді: 
1. Педагог – ақпарат көзі. Педагогпен оның оқушылары 
арасындағы қарым-қатынас педагогтың қажетті деректер көзі 
ретінде, тіпті кейде ол тұлға ретінде, оқушылар көзінде 
мағынасы жоқ сияқты оның жеке қасиеттерінің ешбір маңызы 
жоқ сияқты көрініске негізделген. Мұндай қатынастар ахуалдық 
болады, ол жеткілікті көлемде болғанда бұзылады. 
2. Педагог – референт (жәрдемші) кісі. Бұнда қарым-қа-
тынас басқаша орындалады. Шәкірттерге маңыздысы педаго-
гикалық фактілер мен оқиғаларды оқытушының тұлғалық баға-
лауы арқылы орындалады. Педагогтың референттілігі студент-
тер ‰шін өмірлік және кәсіби өзіндік бағдар рөлін атқарады. 
Оның пікірі маңызды деп табылады да, оқытушы позициясынан 
қимыл-әрекет жасауға негіз болады. 
3. Педагог – абыройлы кісі. Педагогқа сенім аванспен 
беріледі де, оның пікірі алдын ала дұрыс және іс-қимылды 
бастауға нұсқау деп саналады. 


96
Абыройды жеңіп алу және ұстап тұру – к‰рделі және 
к‰нделікті қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан педагогқа 
өзінің абыройын тек ‰немі ұстап тұру ғана жеткілікті емес, 
сонымен қатар рухани мінез-құлықтық өрлеуі қажет: өзінің 
студенттермен қарым-қатынасын талдау, өзінің мінезін сынай 
отырып ұғыну, к‰дігі мен көкіректілігін баса білу, кісілік қадір-
қасиетін және педагогикалық намысын сақтау. 
Жоғарыдағы мазмұндалғандарды қорыта отырып абыройлы 
педагогтың өзіндік портретін салуға болады (А.Л. Бусыгина).
Бірінші блокты педагогтың қабілеті, білімі, педагогтық дағ-
дысы, жоғары деңгейлі интеллекті, кәсіби біліктілігі, студентпен 
дербес қатынас орната білуі қамтиды. 
Екінші блокты қызметтің бағыттылығы мен мотиві, еліктеу-
шілігі, әдістемешілігі, белсенділігі құрайды. 
Портреттің маңызды штрихіне әділділік, жауапкершілік, 
принциптік, бірізділік сияқты педагогтың мінезінің сипаттары 
оның адамдар мен жұмыс істеуге селқос еместігін көрсетеді. 
Енді бір блок – темпераментімен байланысты қасиеттері. 
Портретті суреттеу коммуникативті қасиеттерді жатырқамау-
шылық (сөйлеткіш), әлеуметтік, сезгіштік, әдептілік тамамдайды. 
Сонымен, оқытушының абыройы – оқу-тәрбие жұмысын 
табысты шешуге керекті шарттардың бірі. Бұл – әлеуметтік 
қажеттіліктерді қанағаттандыру ‰шін салынған к‰рделі әлеу-
меттік феномен. Абыройда педагогикалық қызметтің жалпы 
заңдылықтары және нақты жеке адамдардың ерекшеліктері 
бекітіледі; абыройда динамикалық ж‰йеге тән даму деңгейлері 
және қалыптасу кезеңдері болады; абырой – студенттермен 
оқытушы арасындағы қарым-қатынастың негізі, бұл осы қаты-
настардың көрінісі әрі соның өнімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет