Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет59/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   141
бағыттауда, студенттермен қарым-қатынас құруда оқытушы 
студенттердің тек жас ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймай, 
сонымен бірге олардың әлеуметтік тәжірибесін, қалыптасқан 
қатынастар ж‰йесін, мәдени деңгейін ескеруі қажет. Студентті 
педагогикалық процестің субъектісі ретінде қабылдау, оны 
субъективті еркін позицияға қойуға м‰мкіндік береді, ал ол өз 
кезегінде басқа адамдармен және қоршаған социуммен белсенді 
әрекеттесуімен іске асатынын атап өтуге болады. 
Тұлғаның дербестігін қабылдау оның психологиялық ерекше-
ліктерін есепке алуға негізделеді: қасиетіне, темпераментіне, 
эмоционалдық құрылымына, педагогпен әрекеттесу кезіндегі 
к‰йіне. Студенттің "қабылдау, т‰сіну және қолдану" позициясы осы 
принциптің мағынасын ашып береді. Оны орындау ‰шін 
оқытушыда педагогикалық мәдениет пен шеберліктің болуы қажет. 
Педагогпын «Мен»-і және студенттің «Мен»-інің бірін-бірі 
ашуы – бұл гуманистикалық педагогиканың принципі болып 
табылады. Білім беру өнері тек материалды тиімді әдіс-тәсіл-
дерді қолдана отырып беруде ғана емес, сонымен қатар оқыту-
шымен студенттер арасындағы қарым-қатынастың, т‰сіністік-
тің, бір-бірінің кемшіліктері мен қадір-қасиетін көрсете білуі, 
өйткені "тұлға тұлғаны тәрбиелейді". 
Педагогикалық технологияның объектісі және оның орталық 
категориясы болып педагогикалық әсерлесу саналады. Оның 
ерекшелігі мәдениет контекстінде пайда болған педагогикалық 


104
жағдайда педагогтың технологиялық сауатты әсер етуі ‰шін 
ж‰йедегі барлық элементтерді қасқағым сәтте интегралдай білуінде. 
Педагогикалық технология бірқатар басты операциялардан 
тұрады, яғни біліктілік, ол оны меңгерудің бастапқы деңгейі 
болып табылады. 
1. Мен-мәлімдеме. Бұл операцияның мәні субъектінің өз к‰йі-
нің басқа біреудің қылығына әсерлесу кезеңдегі қатынасын жария-
лауымен байқалады. Бұл тұлғаға белгілі дәрежеде қысым көрсетуші 
студент қимылын ашық бағалаудан кетуге м‰мкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет