Шеберлік негіздері


Құрастырушылық (конструктивтілік) қабілеттері



Pdf көрінісі
бет18/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   141
Құрастырушылық (конструктивтілік) қабілеттері педаго-
гикалық процесті болжауды, жобалауды жəне құрауды қамтамасыз 
етеді. Оларға алынған нəтижелерді анықтау, мақсат жəне мін-
деттерді қоя білу, оларды орындаудың жобалары мен жоспарларын 
жасау, оқу-тəрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың шарттарын 
анықтау жатады. Адамның өз қызметін болжау қабілеті негізінде 
оның ойлауы мен қиялдауының бірлігі көрсетіледі. 
Оқытушы өзінің педагогикалық қиялдау қабілетін дамытуы 
қажет, оның арқасында мұғалім келешекте қайсы оқушының 
қандай болатынын болжау мүмкіндігіне ие болады. Оқытушы 
оқушыдағы кейбір қабілетінің жалпы негізін жəне ұсақ-түйек-
терін қаншалықты терең көре білсе, ол мақсатқа соншалықты 
нəтижелі жұмсалады. Ойланған жобаға уақыт ішінде түзетулер, 
жөндеулер, өзгерулер енгізілуі мүмкін, бірақ олар автордың 
қиялында үнемі тұруы қажет. 
«Жақсы мұғалім өзінің оқушысын үш жазықтықта – өткенде, 
қазірде жəне келешекте көреді», - дейді əйгілі педагог
М.П. Щетинин.
Болжау қабілеті, көбінесе дамыған интуицияға байланыс-
ты, оны əдетте «білімді сезу» деп анықтап, ал ол өз кезегінде 
адамның жағдайды тұтасымен қамтуы, алыну жолымен шарт-
тарын үйренбей білім алу. Интуиция, əдетте эмоционалды сез-


37
гіштік пен алғырлығы бар педагогтарға тəн. Оны сонымен қатар 
аналогиялық ойлау əрекеттерінде жинақталған тəжірибесі 
нəтижесінде қалыптасқан ойлау акті деп те қарастырады. 
Коммуникативті қабілеттер оқушының оқу-тəрбие проце-
сінде тұлғааралық жəне іскерлік қарым-қатынастарын қамтамасыз 
ететін педагогикалық қабілеттердің жетекші тобын құрайды. 
Тілдесушілік – жылдам контактіге ене білу, тілдесу жағдай-
ларында бағдарын жоғалтпай жəне тілдесудегі партнерларының 
серіктес əрекетіне жауап бере білу. 
Назардың таралушылығы – оқытушының төңірегінде болып 
жатқанның бəрін көре білу қабілеті, бір мезгілде бірнеше қызмет 
түрімен айналыса білу (материалды түсіндіру, онда қарсылықты 
жауаптарды ала отырып оқушылардың сабақты ұғып-ұқпағанын 
аңғару, əрбір оқушыны көз алдында ұстау жəне т.б.). 
Эмпатия – басқа адаммен бірге уайымдану, эмоциялық 
қатысушылық жəне түсіну, оның қайғысына, проблемасына 
ортақ бола білу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет