Шеберлік негіздері


Оқушының «Мен» концепциясы



Pdf көрінісі
бет29/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   141
 
Оқушының «Мен» концепциясы 
Бізді қоршаған әлем өте ‰лкен және шексіз, бірақ онда бардың 
барлығы бір қиыршықтың, жалғыз бір адамның төңірегінде жинақ-
талған, Менің «менім» ‰лкен әлемде бір қалыпты, білінбейді, бірақ 
мен ‰шін ол жалғыз ғана реалды, сезілетін. Тек менің «менімнің» 
ақасында қоршаған әлемді сезініп қабылдау м‰мкін. Мен - өте 
ерекше бірі, басқа ешкімге ұқсамайтын, сонымен қатар онда 


56
басқалармен жақындастыратын да бір нәрсе бар. Сонымен, менің 
«Мен-ім» дегеніміз не? Бұл сұрақ ғалымдарды да, әрбір жеке 
адамдарды да әсіресе оның қалыптасуы кезінде қызықтырады. 
«Мен» ұғымы адам туралы ғылымдардың барлығында 
дерлік қолданылады. Философияда «мен» «адам тұлғасының 
рухани орталығы ретінде д‰ниеге, тұлғаға, өзіне бағытталған» 
болып қарастырылады. Психологтар, бір жағынан, «тұлға» ұғы-
мына, басқа жағынан, өзіндік санаға жатқызады. 
Біздің «мен» адамның санасында өзінің бейнеленуі болады. 
«Мен» концепциясы – к‰рделі және көп деңгейлі бірлестік.
Б. Бернс ұсынған сызбанұсқа негізінде оның кейбір құраушы-
ларын қарастырайық (2-сурет). 
Сонымен, реалды «мен» ол адамның шындығында өзін кім 
дегені, қазіргі сәтте өзін қалай көргені болып табылады. «Идеалды 
мен» – ол өзіне мақсат етіп қалай көргісі келгені немесе санадан тыс 
өзі қиялдағаны, ұмтылғаны. Бұл адамды алдыға жетелеудің 
қозғаушы к‰ші, оның тұлғалық өсуінің бағдары. «Айнадағы мен» 
басқа адамдардың ол туралы не ойлайтыны, ол адамның 
қайғыруына, қуануына және әрекеттерімізді шектеуші. Бұл 
«мендер» бір-бірімен байланысты және бір-біріне әсер етеді. 
2-сурет
«Мен» концепциясының құраушылары
 
«Мен» образы біздің қиялымыз болғандықтан, қате де болуы 
м‰мкін. Демек, «мен» концепциясы біздің нағыз «мен»-імізді әр 
уақыт шындықты көрсете алмайды. Адамның «мен» концепциясы 
қалай құрылатынын сызбанұсқадан көрейік. 
Реалды «Мен» 
немесе «Мен»- 
нің шын мəні 
Идеалды «Мен» немесе 
шын мəнде «Мен» 
Айнадағы «мен» 
немесе мені 
Физикалық, 
əлеуметтік, 
интеллектуалдық, 
Физикалық, 
əлеуметтік, 
интеллектуалдық, 
Физикалық, 
əлеуметтік, 
интеллектуалдық


57
«Мен» образының қалыптасуында негізгі құрал – адамды 
басқалармен өзінің бағалауы. Өзін бағалау – ол тұлғалық өз 
құндылығын ойлауы. У. Джеймс бағалаудың мынадай теңдеуін 
ұсынды:
өзін сыйлау = табыс / талап. 
Адам өзін бағалануын бөлшектің алымын көтеру арқылы 
жоғарылатуы м‰мкін немесе өзіне талаптардың жоғарылату арқылы 
көтеруі м‰мкін. Сөйтіп, біздің көңіл к‰йіміз, бағалауымыз өзімізге 
байланысты екені анықталады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет