Шеберлік негіздері


физиологиялық, механикалық, психологиялық



Pdf көрінісі
бет32/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   141
физиологиялық, механикалық, психологиялық. Еңбек қимы-
лының физиологиялық негізін бас миындағы арнаулы ж‰йке 
құрылымдары құрайды, олар адамның кез келген қимылды 
орындауда пайда болған кері афферентациялық шешім қабыл-


61
дауда және алынған сенсомоторлық ақпаратты келесі қимылды 
мақұлдау және бағалау ‰шін қажет болады. 
Механикалық еңбек қимылы: кеңістікте қолдың қимылы-
мен жасалған әрекет; біртекті қозғалыстардың қайталану жиілігі 
және т.б. Осы қимылдар нәтижесінде еңбек қимылының 
психологиялық негізінің мақсатына қол жеткізіледі. 
Бұл аталып өткен категориялар мен еңбек қимылдарының 
ерекшеліктері және т‰рлері әрт‰рлі шамада оқытушының 
орындауымен болады. Іс-әрекеттің анатомиясына, психология-
лық құрылымына, даму және функциялық заңдылығына қарай 
екі іс-қимыл сипаттамасы бөлек қарастырылады. 
1. Функционалдық сипаттама, ол әрбір қимылдың функ-
циясын ашып береді. 
2. Құрылымдық сипаттама – қимылдың формасына, жалпы-
лауына (обобщенность), толықтығына және меңгеруіне қарай 
жіктеледі, бөлінеді. 
Ойлау қимылының сипаттамасына толығырақ тоқталып 
өтейік, өйткені педагогтың қызметінде студентті, оқушыны 
жетілдіру арқылы оқытушының өзінің де кәсіби шеберлігі мен 
қабілеті жоғарылайды. Ойлау қимылының теориясының қалып-
тасуы алты кезеңнен тұрады: 
1. Мотивациялық кезең – оң мотивацияларды қалыптас-
тыру қажеттілігі. 
2. Қимылдың негізін құраушы сызбанұсқасын құрау ар-
қылы әрекеттің нақты жоспарын жасауға, курстың негізгі бөлім-
дерін студенттердің меңгеруіне, оқу, білім берудің логикалық 
сызбасын, ақпаратты игеруді сезінуіне қол жеткізеді. 
3. Материалдық кезең адамды қоршаған нақты заттармен 
практикалық іс-қимылды (әрекетті) меңгеруге бағытталған. 
4. Ауызша кезең іс-қимылды дұрыс т‰сініп, ауызша 
суреттеуді ойлау арқылы терең меңгеру ‰шін қажет. 
5. "Өзі іштен" сөйлеу ойлау қимылының жобалау негізін 
іске асыру арқылы болжаулы образ белгілерін біртұтастанды-
руға, іс-қимылды меңгерудің соңында "дауыстап сөйлеу" немесе 
жазбаша кезеңнің болуы қажет. 
6. Ойлау қимылы - соңғы кезең (этап), бұл бағдарланған 
қимылдардың 
ішкі 
ұйымдастырылу 
арқылы 
бекітіліп, 
орындаушы қызметті реттейді. 


62
Педагогикалық қызметтің ерекшелігіне байланысты, оның 
құрылымында жай және к‰рделі оқу-әдістемелік, тәрбиелеу, 
әлеуметтік-педагогикалық, зерттеу қимылдарын және логикалық 
операцияларды бөліп көрсетуге болады. Бұлардың барлығы 
оқытушы алдына қойылған кәсіби мәселелерді белгілі тиімділікпен 
шешуге м‰мкіндік береді. Қимылдың маңызын, мазмұнын, мәнін 
оның өзегі болып саналатын мотив және мақсат құрайды. 
Мотив - материалдық немесе идеалды зат, ол өзі ‰шін жа-
салатын қимылды немесе істі т‰гелдеп, өзіне қарай бағыттайды 
[48]. Мотив өзінің қалыптасуында ‰ш кезеңнен өтеді: ниеттенудің 
оянуы; ниеттің сезілуі; тұлғаның мотив т‰рінде ниетті сезінуі. 
Бұл істе қажеттілік ретінде пайда болған мотивтер, адам 
алдына жаңа мақсаттар қоюға итермелейді, онсыз қызметтің 
тиімді болуы да м‰мкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет