Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет31/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   141
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


59
I I Б Ө Л І М
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ 
2.1. Оқытушының педагогикалық қызметі 
Оқытушының педагогикалық қызметінің ерекшеліктері: 
1. Кәсіби педагогикалық қызмет ұғымы. 
Адам баласы биологиялық жанды объект болып д‰ниеге 
келіп өзінің әлеуметтік келбетін қызмет процесінде қалыптас-
тырады әрі ол неғұрлым әрекетті болса, соғұрлым дамуы жоға-
ры, неғұрлым жан-жақты болса, соғұрлым ой-өрісі кең, компе-
тентті, білімі жоғары тұлға болады. Адам қызметінің қандайын-
да болмасын өзінің алдындағы ұрпақтарда жиналған әлеуметтік 
тәжірибені елестету, жаңғырту (воспроизводить) арқылы оны 
жетілдіреді. 
«Қызмет» категориясы ғылымда кең тараған. Оны фило-
софтар, педагогтар, экономистер, психологтар және физиолог-
тар жиі қолданады. 
Қызмет – тірі нәрсе (мақұлық), субъект ретінде қоршаған 
шындықпен өзара белсенді әрекеттесуі нәтижесінде объектіге 
мақсатты ықпал ету арқылы өзінің қажеттілігін қанағаттан-
дырады [1]. 
Қызмет адам белсенділігінің ішкі (психикалық) және сырт-
қы (физиологиялық) кейіпте көрініс беретін, әлеуметтік мәні 
бар, саналы уәде берілген мақсат болып табылады. 
Кәсіби қызмет нақты бір қызмет т‰ріне терең ‰ңілуді ұйға-
ру, яғни кәсіптің алдыңғы тәжірибелерін меңгеру арқылы оның 
теориялық жай-к‰йімен байланысты зерттеу ж‰ргізу, іздену. 
Педагогикалық кәсіп – өзінің кәсіби құрал-жабдықтарымен 
басқа адам тұлғасын қалыптастыруды басқару өнері, адамның к‰н-
көрісін қамтамасыз ететін кәсіптің бір т‰рі. [2]. 
Педагогикалық қызмет – педагогтың оқушыға, студентке 
тәлім-тәрбие және білім беруші әсері арқылы, оның интеллек-
туалды, қайраткерлік-іскерлік және жеке тұлға ретінде дамыту 
арқылы оның өзінің дамуына және өзін жетілдіруіне бағыт-
тайды [3]. 


60
Педагогикалық қызмет – ж‰йелі ұйымдастырылған біртұ-
тастыққа интегралданған, алдын ала нәтижесі белгілі тапсыр-
маны орындау ‰шін өзара байланыстағы және қарым-қатынас-
тағы адамдар, идеялар және құрал-саймандар бірлестігі деп 
қарастырылады. 
Педагогикалық кәсіби қызметтің пайда болуын адамдар 
арасындағы функцияларды (қызметті) бөлісу нәтижесімен бай-
ланыстырады. Оның рөлін анықтаған кезде ең алғашқы және 
бастапқы қызмет екенін атап өткен жөн, өйткені ол балалардың 
дамуына, тәрбие мен білім алуына бағытталған. Бұл адам 
қызметінің ішіндегі ең к‰рделісі, өйткені оның тиімділігі 
педагогтың адам физиологиясы мен психологиясын терең 
меңгеру қабілеті арқылы басқа адам д‰ниесіне кіріп, онда ұйым-
дастырушы-педагогикалық әрекеттер жасауға арналған. Педа-
гогты қоршаушы социумның қабылдауының к‰рделілігі мен 
бірқалыпты еместігіне қарамастан, оның еңбегін приоритетті 
қызметтер қатарына жатқызуға болады, өйткені педагогикалық 
қызмет адамның барлық қызмет саласының (сферасының) 
бастауында тұрып, көпшілік жағдайда қоғамның келешектегі 
дамуын нормалаушы және реттеуші болып саналады.
Осыған байланысты педагогикалық қызметті өзінің прин-
циптері, мотиві, мақсат иерархиясы бар, лайықты біріккен 
әдістері, құрал-сайманы, формасы қажетті әрекеттерімен белгілі 
мазмұнды шешуге және нәтиже алуға арналған қабілетті бір-
тұтас ж‰йе екенін атап өтуге болады. 
Кез келген қызметтің ж‰йелі принциптерге негізделген, 
ғылыми тірегі болады. Педагогикалық еңбекті ұйымдастыру-
дың ғылыми принциптерін (И.П. Раченко) ‰ш топқа біріктірген: 
іс-әрекетті ұйымдастыру; өлшеуді ұйымдастыру; жалпы ұйым-
дастырушы принциптер. 
Адамның кез келген қызметі сияқты педагогикалық қызметтің 
де негізін еңбек әрекеті құрайды, ол бір немесе бірнеше еңбек 
қимылымен қойылған саналы міндетті шешуге м‰мкіндік береді [4]. 
Әрбір еңбек қимылының ‰ш бағытын көрсетуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет