Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет34/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141
Кәсіби бағыттылық – тұлғаның интегралданған және бас-
қарушылық қасиеттерінің жиынтығы. Тұлға қызметінде мотиві-
нің тұрақтылығымен, тұлғаның қызметін бағыттаушы. Кәсіби 
бағыттылық сипатына оның нанымы, сенімі, қызығушылығы 
жатады. 
Тұлғаның кәсіби бағыттылығы дегенді өзінің білімін, тәжіри-
бесін таңдаған мамандығында қолдануға тұлғалық ұмтылуы [6]. 
Педагогикалық бағыттылықтың иерархиялық құрылымы 
төмендегідей көрсетілуі м‰мкін: 
1. Оқушының, студенттің, баланың және басқа адамдар-
дың даралық дамуына, өзіндік максималды өзектелуіне педагог-
тың қамқорлығының, қызығушылығының, с‰йіспеншілігінің 
бағытталуы. 
2. Өз-өзін педагогикалық еңбек саласында толық іске 
асыру, өзіне бағытталуы. 


64
3. Оқу материалының мазмұнын көрсетуші кәсіптің пәндік 
жағына бағытталуы.
2.2. Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзат
мәдениетінің бір бөлімі 
 
Педагогикалық мәдениеттің мәнін, сипатын бөліп қарасты-
ру ‰шін оның педагогикалық мәдениетпен және жалпы мәде-
ниетпен байланысы мен тәуелділігіне көз жіберейік. 
Мәдениет – қоғамның тарихи анықталған даму деңгейі, 
адам өмірі мен қызметі, типтері мен ұйымдастыру формаларын-
дағы қарым-қатынасында және рухани құндылығында адамның 
шығармашылық к‰ші және қабілеттілігімен көрінеді [7]. 
Мәдениет – тұлға к‰шінің іске асырылуының жалпы 
(универсал) әмбебап формасы, творчестволық жасаушы қызметі 
деп қарастырылуда. 
Мәдениет тек адамзаттың өндірісте, қоғамдық қатынас-
тарда, ойлау қабілетілігіндегі жетістіктер жиынтығы ғана емес, 
сонымен қатар адамзат қызметінің заттастырылған тәжірибесі 
деп көру керек. Тәжірибе кез келген жағдайда қызмет моделіне 
ауысқан білім мен қабілеттің бірлігі. Бұл тәжірибе әлеуметтік 
институттарда білім беру т‰рінде көрсетіледі. Мәдениеттің 
тасушысы адамдар тобы сияқты жеке адамда саналады. 
Мәдениет адам қызметінің кез келген т‰ріне нормативті 
талап қояды. Сондықтан адамзат қызметінің қанша т‰рі болса 
мәдениеттің де сонша т‰рі болады. 
Жоғарыда айтылғандар, педагогикалық процестің интегра-
тивті сипаттамасы, бекітілген білім, қабілеттің және арнаулы 
институттардың адамзат қызметінің жинақталған тәжірибесі 
мен осы қызмет нәтижелерінің бір ұрпақтан басқа ұрпаққа 
берілуі деген қорытынды шығаруға м‰мкіндік береді. 
Педагогикалық қызмет адамның жалпы мәдениетінен басқа 
ешбір қызмет т‰рінде болмайтын байланыспен ұштасады. Адам-
ның әлеуметтік-мәдениетке бағытталған жаңаруы ж‰ретін, тұл-
ғаның әлеуметтендірілуі, мәдени мұраларды ұрпақтарға беру 
функциясын орындау арқылы тұлғаның қалыптасуы мен дамуы-
ның басқарылуы іске асатын қоғамның ерекше ортасы болып 
табылады. 


65
Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мәдениеттанушылық 
принципі білім беру ж‰йесінде мәдени жағынан өз-өзін жетілдіруші, 
тудырушы, жасаушы субъект, адаммен диалогқа бағыттайды. 
Ғылыми-әдістемелік әдебиетте педагогикалық мәдениетке 
анықтама берудің бірнеше жолы көрсетілген. 
Теориялық деңгейде педагогикалық мәдениет жалпы мәде-
ниеттің бір бөлімі болып қарастырылады, өйткені ол: 
- адамның тарихи мәдениетін, тәжірибесін интегралдайды, ал 
оқытушы тәрбиеленушілерге сол тәжірибенің белгілі құндылық-
тарының жиынтық бағыттарын қарым-қатынас т‰рінде береді; 
- оқытушының әлеуметтік практикасының бір бөлімі бола 
отырып, студенттермен дәст‰рлер арқылы әрекеттесуде, бір-
бірімен қарым-қатынастарда байқалады; 
- педагогтың қоғамның объективті қажеттілігін бейнелеу 
әдісі болып табылады. 
Педагогикалық мәдениет – педагогикалық әрекеттесу су-
бъектісінің көп деңгейлі құрылымы бар к‰рделі ұйымдасқан 
ж‰йесі. Сондықтан оның қалыптасуы және дамуы туралы әңгі-
ме тек кәсіби педагогтар арасында ғана емес, сонымен қатар 
барлық қоғам қатпарлары арасында ж‰ргізілуі қажет. 
Педагогикалық мәдениет массалардың педагогикалық мә-
дениет деңгейімен анықталады. 
Педагогикалық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің 
бір бөлімі ретінде д‰ниеж‰зілік тәжірибеге ие. Мәдени дәуір-
лердің ауысуы соған сәйкес педагогикалық өркениетті де (циви-
лизацияны) өзгертеді, білім беру парадигмасында өзгертеді. 
Әрбір дәуір өзінің педагогикалық мәдениет типін қалыптас-
тырады. Мәдениеттің әр типі білім беруде және тәрбиелеуде өзіне 
сәйкес әрт‰рлі рухани құндылықтар тудыратын моделін береді. 
Еуропалық модель білімді қатаң т‰рде жазбаша жаңғырту 
әдістерін жетілдіруге бағытталған. 
Оқыту оқытушыдан оқушыға қарай ж‰ргізіледі де, соған 
сәйкес пассивті, біртипті оқушы типі қалыптасады. 
Шығыс моделінде материалды ауызша баяндауға негізде-
ліп, оқыту процесі тәрбиелеу және тұлғаның қалыптасуымен 
параллель органикалық біртұтастықта ж‰ргізіледі. 
Педагогикалық мәдениеттің критерийлерін анықтау – білім 
беру құндылықтар бағытында, тәрбие мен оқушы қатынасында, 
сонымен қатар педагогтың әлеуметтік рөлін атқарудағы тәуел-


66
сіздігінде. Бұл критерийлер педагогикалық мәдениеттің негізгі 
‰ш типін бөліп қарастырады: демократиялық, авторитарлық 
және тоталитарлық [8]. 
Педагогикалық мәдениеттің мазмұны ‰ш философиялық 
әдістеме, келістің өзара байланысымен айқындалады: 
1. Аксиологиялық келіс. 
2. Қызметтік келіс.
3. Тұлғалық келіс. 
Педагогикалық мәдениеттің практикада іске асу негізін ме-
тодологиялық мәдениеттер диалогының философиялық теория-
сы құрайды (В.С. Библер). Теорияның мәні – мәдениет феноме-
ні, яғни өткендегі, қазіргі, болашақтағы мәдениеттердің бір-
біріне кіруі және диалогпен анықталуында. 
Педагогикалық мәдениет педагогиканың категориясы ре-
тінде әлеуметтік-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, тұлға-
лық деңгейлерде белгілі дәрежеде зерттелуі де м‰мкін. Олар: 
1. Әлеуметтік-педагогикалық деңгей. 
2. Кәсіби-педагогикалық деңгей. 
3. Тұлғалық деңгей. 
Педагогикалық мәдениетті шартты т‰рде 3 деңгейге бөліп 
қарастырады: 1) жеткілікті деңгей; 2) кәсіби емес (массалық) 
деңгей; 3) компетентті емес деңгей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет