Шеберлік негіздері


өзгертуге арналған белсенділігінің ерекше формасы



Pdf көрінісі
бет5/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
өзгертуге арналған белсенділігінің ерекше формасы. Қызметтің 
материалдық немесе рухани құндылықтарға бағытталуына қарай 
оны екіге бөледі: материалдық және рухани. Бұл қызметтердегі 
айырмашылық олардың құрылымында да байқалады. 


10
Педагогикалық қызметтің басқа кез келген өндірістік 
қызметтен айырмашылығы – оның рухани сипатта болуы, 
оның барлық компоненттерінің ерекшеліктері анықталы-
нады (1-кесте).
1-кесте
Қызмет 
компоненттері 
Өндірістік қызмет 
Педагогикалық қызмет 
Субъект 
Инженер, техник, 
жұмысшы 
Педагог 
Объект (зат) 
Материалдар, 
технологиялар 
Оқушы тұлғасын 
қалыптастыру және дамыту 
Құрал, сайман 
Қондырғылар, 
механизмдер 
Білім беру және тәрбиелеу 
әдістері мен тәсілдері, 
педагог тұлғасы 
Өнім 
Материалдық 
құндылықтар 
Рухани құндылықтар: 
білімділік, тұлғаның 
тәрбиелілігі 
Кез келген қызметтің орталығында «субъект», яғни қызметті 
орындаушы, атқарушы және сол қызметке бағытталған «объект», 
сонымен бірге қызмет нәтижесінде өзгерген трансформацияланған 
объект «өнімі». Педагогикалық қызметтің ерекшелігі, ең алдымен, 
«объектінің» және берілген қызметтің өнімінің ерекшелігімен 
байланысты. 
Басқа кез келген қызметтен өзгешелігі педагогикалық қыз-
меттің «объектісін» шартты т‰рде ғана солай деуге болады, 
өйткені бұл тұлғаның қалыптасуы мен даму процесі оның дара-
лығына, ерекшелігіне, өзіндік жетілуіне, білім алуына с‰йенбей 
іс ж‰зінде «өңдеу» м‰мкін емес. 
Сонымен, педагогтың ісі ең жоғары құндылықпен – оқушы 
тұлғасымен байланысты, ол өзіндік дамуы, жетілуі және өзіндік 
білім алуы бойынша өз қызметінің субъектісі болып табылады; 
оның ішкі к‰ш-қуатына, әлеуетіне, қажеттілігіне с‰йенбей педа-
гогикалық процестің тиімді болуы м‰мкін емес. 
Бұл талап кез келген педагогикалық қызметке қойылатын 
талап, әсіресе ерекше жас тобындағы балалармен – жасөспірімдер 
мен жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істеуші оқытушы ‰шін 
ерекше өзекті мәселе, өйткені олар психофизиологиялық ерекше-


11
ліктерімен өсудің к‰рделі әлеуметтік жағдайында болуымен сипат-
талады. Олар ‰шін негізгі, содан соң жоғары сыныптарға көшулері 
әлеуметтік қатынастарды қайта құруы қажет, өйткені онда әрт‰рлі 
мұғалімге бейімделуі, қарама-қайшылықты талаптары, ж‰ктеме-
лердің ұлғаюы өз бетінше жұмыстардың көбеюіне байланысты. 
Жеткіншектердің жаңа өмірге аяқ басуы өз бетінше іс-әрекетке 
әлсіздігінен жаңа ортада қиналады. Жаңа мәселелер мен жаңа 
ж‰йелер арасында, бастауыш мектептегі стереотипі негізінде 
құрылған қатынастар арасында қарама-қайшылық туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет