Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет60/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141
2. Ұзақ мерзімді бекітілу. Бұл білік оқытушы мен сту-
денттердің арасында студенттің міндетті т‰рде еңбегі сіңген 
абыройын және басқалардың көз алдында құрылатын позитивті 
қарым-қатынастарды дамытуға себепші болады. 
Трансляциялау формалары: «Сендер сондайсыңдар», «Сен 
сондайсың». Бұдан басқа т‰рлі мадақтаулар және марапат-
таулар (комплименттер) қолдану орынды болады. Бұл опера-
цияның құндылығы студент ‰шін өте жоғары, өйткені ол табыс 
мән-жайын (ситуацияны) бастан өткізуге шарттар тудырады. 
Оны өзінде сезінген болашақ тәрбиелеуші өзінің оқушылармен 
жұмысында оны моделдейді. 
3. Шартсыздық нормасы. Операцияның негізінде оқыту-
шы мен студенттердің мәдени нормаларды орындауы жатыр. 
Мұнда "Біз" - тәсілі маңызды рөл атқарады, өйткені оқытушы 
мен студенттердің к‰ш-жігерін біріктіруге м‰мкіндік береді. 
Трансляциялау формалары мынадай: "Біз былай істейміз…", 
"Бізге керек…", "Бізде…". Бұл біліктіліктердің негізінде жатқан 
базистік тезисі социумның басты құндылығы - адам екенін 
т‰сінуге м‰мкіндік береді. Кез келген моральдық норма қарым-
қатынастар ж‰йесін регламенттейді, сөйтіп, адам өмірін жайлы 
(комфортты) қылады. 
Педагогикалық техника шеберлік компоненті және техно-
логиялар жиынтығы ретінде педагогикалық қызметтің ішкі және 
сыртқы мазмұнын синтездей отырып, оның лебізін білдірудің 
шарты болып табылады. Өз кезегінде, технология мен барлық 
бар біліктіліктер жиынтығы мен технологиялар педагогтың 
алдына қойылған мәселелерді компетентті шешу әдісіне әсер 
ету тәсілі болып табылады. 
 


105
Педагогикалық әрекеттесу және әсер ету. 
Студенттер мен оқытушы субъект-субъектілік әрекеттесуі 
педагогикалық процестің мазмұндық сипаттамасын құрайды. 
Сондықтан "әрекеттесу" ұғымының функциясын, құрылымын, 
психология-педагогикалық ерекшеліктерін және оның педаго-
гикалық процестегі орнын ашуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет