Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет63/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   141
Әрекеттесу стратегиясы. Кез келген әрекеттесудің стра-
тегиясы орындалатын әлеуметтік қызметтердің берген қоғам-
дық қатынастары сипатымен анықталады, ал әрекеттесудің 
тактикасы серіктесті тікелей таныстыру негізінде құрылады. 
Педагогикалық әрекеттесудің тұлғалық – дамытушы және 
тұлғалық-тежеуші стратегиясы дайындалған [20]. 
Әрекеттесу технологиясы. Кез келген оқытушы студент-
термен қарым-қатынасын өзі ‰шін, тек өзіне тән қатынастар 
құруға ұмтылады, төменде педагогикалық технологияның әре-
кеттесуі туралы сөз етіледі [2]: 
- студенттермен және олардың айналасындағылармен пе-
дагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынас құру: олармен 
әрекеттесу процесінің бастапқы, ағымдағы және жиынтықты 
әрекеттесулері; 
- қолданылу кезіндегі педагогикалық әрекеттесуі құралдар-
дың, формалардың және әдістердің объектілері ретінде; 
- студенттердің тілдесу объектісімен әрекеттесу процесін 
таным және еңбекті бағалау құралдарымен реттеу. 
Әсер ету сипаттамалары. Бұл психологиялық категория 
ретінде біреудің, бір нәрсемен немесе біреуге әсер етуі. Әсер ету 
психологияда – қимыл мен ақпараттың мақсатты берілуі. 
Әсер етудің т‰рлері: 
 - тікелей (контактілі) және тікелей емес (дистантты); ерік-
сіз, бір адамда, адамдар тобында, жалпы қоғамда м‰мкін бола-
тын нәтижесі алдын ала белгілі болмайтын белгілі психология-
лық эффект тудырушы; 
- тікелей емес – нақты адамдарға, нақты уақыты белгі-
ленбеген, бірақ белгілі жағдайға тиісті әсер. 
ашықтан-ашық, айқын – әсер ету факті жасырын емес, 
сонымен қатар онда жасырын әсерге арнайы көңіл аударылады. 
Педагогикалық әсердің ерекшеліктері. 
Педагогикалық әсер - бұл педагогтың оқушыға ететін әсері 
және өмірдің субъектісі болғандықтан оның таңдап алу м‰мкін-
дігін беруі [9]. Педагогикалық әсер етудің мынадай функция-
ларын бөліп қарастырады: белсенділікке талаптандыру, қызмет 
әдістерімен қаруландыру, дербес таңдауын ынталандыру [21]. 
Бұл функциялардың барлығы тәрбиеленушіде қоршаған әлемге 
дербестік негізінде әлеуметтік-мәдени нормаларға сәйкес, педа-


108
гогтың кәсіби біліктілігі көмегімен еркін қатынас қалыптастыру 
міндетін орындайды. 
Педагогикалық әсер ету әдістерін қолдану тиімділігі бірқа-
тар ережелермен анықталады: 
- оқытушы мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қаты-
нас гуманизм негізінде орнауы; 
- педагогикалық әсер алдын ала ойланып, жоспарланып 
ақыл - ойға сиятындай етіп дайындалуы; 
- педагогикалық әсердің кез келген әдістері дербестік прин-
ципке негізделген; 
- педагогикалық әсердің табыстылығы педагогтың біліктілі-
гіне және педагогикалық жағдайды ескеруіне байланысты [22]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет