Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны Пән мұғалімдері: Ж. Орынбаев


Тарих қойнауына шолу Іздендіру тапсырмасы



бет2/5
Дата25.01.2023
өлшемі347,38 Kb.
#62860
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1542005599 (1)

1. Тарих қойнауына шолу Іздендіру тапсырмасы.
"Еңлік - Кебек" аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасын талдау.
1-нұсқа "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" деген атпен
1892 жылы "Дала уалаяты" газетінің 31-39 сандарында жарияланды.
2-нұсқа "Дала уәлаяты" газетінің 1900 жылғы 46-санында жарияланған нұсқа "Қазақ тұрмысынан хикая" деп аталды.
3- нұсқа – Мағауия Абайұлының "Еңлік - Кебек" поэмасы. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы архивінде сақталған қолжазба бойынша 1960 жылы "Дастандар" жинағында басылды.
4- нұсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған "Жолсыз жаза" поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік - Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді.

  • 2. «Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?

М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қасындағы жас өнерпаздарға, шәкірттеріне Абай :«Осы жалғыз мола осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне жүз рет жадырап жаз, кірбең тартқан күз келіпті. Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола. Бұл мола — ішіне ауыр сыр бүккен мола. Мұнда жатқан бір қыз, бір жігіт. Жігіті — Кебек, қызы — Еңлік аталушы еді,»- деп сол оқиғаны әңгімелей келіп, жас ақын інілеріне осыны жыр етіп жазуды тапсырады. Міне, осылай Абай ағасының тапсыруымен дүниеге келген «Еңлік — Кебек» дастаны бүгінгі жастардың сүйіп оқитын шығармасы, ғашықтарға қойылған мәңгілік ескерткіштей.
3.Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау
1. Басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
2. Байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңлік үйіне түсуі
3. Дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі. Қара жартаста кездесуі
4. Шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі
5. Шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкімі
6. Шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесіктегі шырылдаған сәбидің тауда қалуы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет