№7 жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны
Пән мұғалімдері: Ж.Орынбаев
Л.Булекбаева
2017-2018 оқу жылы
САБАҚ: қазақ тілі
|
Мектеп: №7 жалпы орта мектеп
|
Күні: 24.01.18 ж
|
Оқытушының аты-жөні:Ж.Орынбаев, Л.Булекбаева
|
СЫНЫП: 10 - сынып
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының тақырыбы, идеясын ашу, сюжеттік –композициялық құрылымын талдау. Топ жұмысы арқылы жеке тілдік дағды қалыптасады. Сыни ойлау, еркін сөйлеуі қалыптасады.. Білімдерін өз бетінше қолданады, ізденеді, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтады;
|
Тілдік мақсат
|
Сөздік қоры молаяды, мәнерлеп оқиды, тірек сөздерді түсінеді, ойлау дағдылары қалыптасады, табиғаттың тамаша құбылыстарын суреттейді
|
|
Жазылым бойынша:
Әңгіме кестесін құрады, тірек сөздерді жазып отырады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі, музыка, құқық негіздері
|
Әдіс-тәсілдер
|
Тізбектеп айту, әңгіме кестесі, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап
|
Алдыңғы білім
|
Бұл тақырып Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасымен байланысты.
|
Жоспар
|
Жоспар-ланған уақыт
|
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы 2мин
10 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - бірімен амандасып алады.
2. Топқа түрлі – түсті стикерлер арқылы бірігеді.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.
2. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып келу.
1.«Тізбектеп айту» әдісі бойынша «Шәкәрім кім?» деген сұраққа жауап беру
1.Шәкәрім –жұрттың алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта әсем жырлар тудырған тамаша ақын.
2. Ол- келешек ұрпағына өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы.
3. Ол- заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы,ойшыл пәлсапашы.
4 .Ол-шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан талантты аудармашы.
5. Ол-қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы.
6. Ол-сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері.
Шәкәрім – лирик: 1)адамгершілік тақырыбы;2)ғылым-білім тақырыбы;3)әлеуметтік тақырып;4)еңбек тақырыбы;5)махаббат тақырыбы.
Шәкәрім – аудармашы: 1)Пушкиннен «Дубровский», «Боран»;2)Толстойдан «Асахордан патша», «Үш сауал»;3)Физулиден «Ләйлі – Мәжнүн».
Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік –Кебек»;2) «Қалқаман –Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу».
Шәкәрім – тарихшы,ойшыл. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» «Мұсылмандық шарты». «Қазақ шежіресі». «Үш анық».
Шәкәрім – жазушы: 1) «Әділ – Мария»
Шәкәрім – сазгер: 1) «Шын сырым»;2) «Жастық»;3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»; 4) «Анадан алғаш туғанда» т.б.
2. «Бір айналып сөйлесу» әдісі бойынша «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын айту
|
Түрлі – түсті стикерлер
|
Ортасы
15 мин
|
Жаңа сабақ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |