2015 №3 (28)
Әлбетте, тақырыптас екі туындының бірі
– проза, бірі – поэзия үлгісінде. Сөзбе-сөз, нақпа-
нақ келуі мүмкін емес. Бірақ өз жазғанынан өзі
қашқан, әуелгі әдемі суреттерді біржола мансұқ
етіп, жаңа өрнек іздеген кім бар екен?!
Енді Шәкерім прозасының үлгілерін
қарастыралық. Іріктеп ілмес үшін кез келген
шығармасының басқы сөйлемдерін-ақ алайық.
"Әділ - Мәрия":
"Кәрі Шыңғыстау! Адам жерге ие
болғаннан бері қарай сенің көрмегенің жоқ.
Шыңғыс, Темір сияқты т алай-талай
сыйыпқырандарды да қолыңнан жөнелттің.
Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны
да болады, жүрегі жанып, суалғаны да болды.
Талай-талай талпынған жас жүрек мұратына да
жетті"...
"Ұждан":
"Қытай патшалығы – ең ескі патшалық.
Отырықты өмірге ерте түскен қауым. Ескі
заманда қытайлар рақатты өмірде болған..."
"Үш сауал":
"Бір патша: "Үш түрлі нәрсені күні бұрын
білген адам бақытты болар еді, – деп, соны
тауып берген кісіге көп сый беремін", — деп
жариялапты..."
"Бәйшешек бақшасы" топтамындағы
әңгімелердің бастамалары:
"Атақты Атымтай жомарт алғашқы кезде
бір жұмада өңкей білгіш шешендерді қонақ
қылып, келер жұмада жастарды қонақ қылып,
ендігі жұмада қаріп-қасерлерді қонақ, қылады
екен...". "Өткен заманда Мекке, Мәдинеге
Құжаж деген адам патша бо лған. Елге
мейірімсіз, қатты жүректігінен "Құжаж залым"
атанған..."
"Арабтың бір патшасына бір уәзірі Ләйлі
мен Мәжнүннің жайын әңгіме қылыпты..."
"Бір байдың қызына шешек шығып, бетін
тыртық қылғандықтан ешкім алмай, аяғында екі
көзіне ақ түскен бір соқырға беріпті...".
"Бір адам қайыр сұрап, көл ақша жиып,
әбден байыса да, қайыр жиған әдетін
қоймапты...". Бойлай оқысақ, өзіндік сыпаты
бар өрелі қолтаңба көреміз, Абай әсері, шығыс
әсері байқалады. Бірақ өткен үлгіден гөрі бүгінгі
қалыпқа бейім. Бастауыш пен баяндауыш өз
орнында,
анықт ауыш,
толықтауыш,
пысықтауыштар тиесілі жерінде. Қазіргі
қалыптасқан проза машығына жат, бірден көзге
ұрар айырым белгілер байқалмайды.
Енді хикаяны қайыра оқылық. Сөйлем
құрылым-дарының қалыпты жоба, үйреншік
үлгіден мүлде бөтендігі бірден танылады.
Одағай бітім, тосын тіркес, ерекше жүйе. Үстірт
көзге (турасын айтсақ, дүмше білгіштерге)
сауатсыз болмаған күннің өзінде, тым анайы,
кедір-бұдыр, кібіртік көрінуі де мүмкін. Бірақ
мұның бәрі машықты қолтаңба, ежелгі дәстүр
жемісі, тек біз ұмытқан, мүлде дерлік
қолданудан шыққан өзгеше стилистика.
Жо ғарыда біз о й ретіне, сөз о райына
байланысты келтірген (яғни стильдік тұрғыдан
іріктелмеген) мысалдарға зер салыңыз.
Хикаяның кез келген тұсына ежелей үңіліңіз.
Өз толқыны, өз қисыны бар, табиғи да
байыпты, әсем құрылымдар.
Хикаяның басынан түсейік.
"Осы мысал бұрынғы уақыттан қалған.
Қазақтың кәрі шалдары бұрынғы өткен
уақыттарын айтып отырады, өздерінің ата-
бабаларынан қалған сөздерін..."
Хикая дәл о сы қалпында қазіргі
баспасөздің тегершігін ұстап отырған редактор
– тәжірибелі журналистің, тәп-тәуір
жазушының алдынан өтті дейік. "Түзеліп",
"өнделген" соң мына қалыпқа түспек: "Бұл –
бұрынғы уақыттан қалған мысал. Қазақтың
кәрі шалдары бұрынғы өткен уақыттарын,
өздерінің ата-бабаларынан қалған сөздерін
айтып отырады..." Бәрі дұрыс. Бірақ бұла
сөйлемдер өзінің қан-сөлінен айрылып,
жансыз кепке түсті.
Ары қарай сүзіп оқыңыз, аттамалап
түсіңіз, әр жеріне көз салыңыз. Өзгеше күрмеу,
қызғылықты конструкция.
"Енді бұрынғыны айтып отырған қарттар
байқай ма екен, бұрын күннің жылы болатыны
– сол замандағы орман-ағаштың көптігінен
екенін. Осы күнде сондағы ағаш тауларда аз,
қырып бітірісіпті". "Осы күнде қырда
бұрынғыдай орманды, жақсы жерлер жоқ, тым
болмаса жолаушы сапар шегіп талғанда тұра
қалып көңіл көтергендей. Сондай жақсы еш
нәрсе қалмаса да білініп тұр, бұрынғы қалған
сымтастарға, қорғандарға қарағанда баяғыда
32
АБАЙТАНУ
2015 №3 (28)
рухының биіктігі, ән-күйінің әсемдігі, кейінгі
ұрпақ дәстүрлі салт, ұлттық мінездерден айрыла
бастағаны туралы толғамдар Абай поэзиясында
да молынан кездеседі).
Бажайлай тексерсек, үйлестік, ұқсастық
қана емес, нақпа-нақ қайталау фактілері де
ұшырасады екен. "Дала уәлаятының газетінде"
басылған хикаяда Шыңғыстау өңірінің ескі
тарихы туралы мынадай деректер келтіріліпті:
"Бұрын өткен атақты Темучин хан Көр ханды
қаратып жолы болып келе жатып, Шыңғыстауға
жақын бір жерге тоқтады дейді... Қазақтар сол
Темучин ханға бағынған он екінші халық екен,
бұ жақта қарамаған ешкім қалмайды. Сонда
Темучиннің көңіліне: "Бүтін дүниені аласын,
Шыңғыс хан деп аталасың", – деген
пайғамбардың сөзі түсіп, өзіне жаңадан ат қоюға
ойлапты. Сонда ханға қараған он екі халықтан
бір-бір жақсы кісі шығып, Хан тауының басына
бір-бір қада орнатып, соған ақ шатыр құрды
дейді. Сол он екі кісінің бірі – Майқы еді.
Темучинді ақ кигізге көтеріп, таудың басындағы
шатырға алып келді дейді... Осыдан соң сол хан
көтерген жер Хан тауы атанып, маңайындағы
ауылдар Шыңғыс атанды дейді...".
Енді Абайдың өз атыңда тұрған, барлық
жинақтарына еніп жүрген "Біраз сөз қазақтың
қайдан шыққаны туралы" жазбасына үңілейік:
"Қашан маңғұлдан Шыңғыс хан
шыққанда, қазақтар құтты босынға барыпты.
Бірақ қай жерде барғаны мағлұм емес, сөйтсе
де осы Шыңғыс тауында, әскер Қарауыл өзенінің
бойында жатып, он екі рудан он екі кісі
маңғұлдың өз заңы бойынша "Хан" деген үлкен
биіктің басында, ақ кигізге Шыңғысты
отырғызып, хан көтерген дейді. Тауының
Шыңғыс аталып, биігі Хан аталмақ себебі де сол
болса керек. Сол он екі кісінің бірі - қазақтан
Майқы би деген кісі екен... Әуелде Көр ханды
өлтіріп ұйғыр жұртын алыпты..."
Бұл арада артық түсініктің қажеті болмас.
"Дала уәлаятының газетінде" басылған
хикая: Біз де шалдардың айтқанын қостайық:
қазақ ішінде бәрі де өзгеріп кетті - мінездері де,
жер-суы да. Жақсы болды ма, жаман болды ма
- ендігі жазғанымыздан көрінер", - деген
сөздермен тәмамдалады. Ұлы ойшыл бұл
тараптағы толғамдарын баспасөзге жібере
қойды деген пікірден аулақпыз. Абай және сол
замандағы баспасөз – бізде әлі тексерілмеген
мәселе. Кітап шығару қазақ арасында
қалыптасқан іске айналған кезде, ниет еткен
екінің бірі өлендерін бастырып, ежелгі аңыз,
жырлар ел арасына мыңдаған данамен таралып
жатқан кезде ұлы ақынымыздың баспа ісінен
шеттеп қалуы – мән-мағынасы мол, терең
сырлы, әрі арнайы сөз етуге тұрарлық мәселе.
Бұл арада аталмыш хикаядан соңғы, қазақ
арасындағы өзгерістер туралы жазбаның
жарияға шықпай, тіпті, межелі мұратына
жетпей тоқтауы туралы ғана айтпақпыз. Оған
да себеп көп. Ең бастысы - ұлы ақынның жаңа
заманға өзгеше көзқарасы. Біз бұл мәселенің де
бір ғана жағын алып, онда да тым жайдақтап
түсіндіріп жүрміз. Абайдың өкімет тарапынан
қатаң бақылау астында болғанын, еш жерде
кітап шығармай-ақ, үндемес цензурадан ғұмыр
бойы жапа шеккенін ескермейміз. Абайдың
барлық қолжазба мұрасы патша охранкасының
ақын аулындағы 1903 жылғы ойраны кезінде
қаттауға түскені күмәнсіз. Дәл осы оқиғаның
Абай өмірін қысқартқаны, оның күрт шөгіп, тез
қартайып, ажалынан бұрын өлуіне себеп
болғаны тағы анық. Тәуба, көптеген көшірмелер
қалды, бірақ ұлы ақынның өз қолымен
таңбаланған түпнұсқа диуанда тағы нелер
болғанын кім біледі? Ол – тұманға батқан іс,
одан соңғы заманда қаншама апат келді –
сақталды ма, сақталса кім қайдан іздемек –
әйтеуір үмітімізді үзбейік. Қолда бардың өзі
өлшеусіз қазына. Абай қазіргі қалпының өзінде
толық. Көлемі көбейгеннен бағасы өзгермейді.
Әйткенмен біз осы мақала арқылы ұшан
дарияның шетке шашыраған бір тамшысы өз
арнасына қайтып оралса дедік.
Осы орайда, реті келген соң айта кетейік,
"Дала уәлаятының газетінде" 1895 жылы
басылған, Абайға қатысы болуы мүмкін тағы
бір әңгіме – "Тәкаппар әскер басы турасынан" –
ұлы ақынға тиесілі мұра емес деген пікірге
тоқтадық. Рас, бұл әңгіменің түп тамыры Абай
"Ескендіріне" барып тіреледі. Бірақ сол поэманы
естіген екінші бір адамның қолынан шыққан
олақ мазмұндау демекпіз. Әңгімеде Абайға тән,
керек десеңіз, атақты поэманы сөзбе-сөз
қайталайтын
оралымдар,
тіркестер
34
АБАЙТАНУ
2015 №3 (28)
ӘОЖ 821.512.122-1
Т.ЖҰРТБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жанындағы «Отырар
кітапханасы» ғылыми орталығының» директоры
“КЕМШІЛІГІ ӘР ЖЕРДЕН КӨРІНІП ТҰР-АУ…”
(Абай өлеңдерінің текстологиясы туралы)
Мақала абайтанудағы ең өзекті тақырыптардың бірі ақын шығармаларының
текстологиясына арналған. Автор ақын жинақтарында орын алған текстологиялық түзетулерге
тоқталады.
Тірек сөздер: Абай, текстология, қолжазба, түпнұсқа, өлең.
Қаншама сүзгіден, салыстырудан өтсе де
Абай өлеңдерінің текстологиясы күні бүгінге
дейін бір ыңғайға келмей-ақ қойды. Әр
басылымды қайталап оқып, ондағы мәтіндерді
алдыңғы басылымдармен салыстырған сайын
жаңа сұрақтар туындайды. Мұхтар Әуезов,
Бернияз Күлеев, Сағди, Сұлтанбек Қожанов,
Даниал Ысқақов, Әрқам Ысқақов, Ілияс
Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Әбіш Жиреншин,
Қайым Мұхамедханов, Мұратбек Бөжеев,
Бейсенбай Байғалиев сияқты араби қадыммен
жазылған қолжазбаның мәтінін оқып, шағатай
үлгісіндегі орфография мен сөздің түбірін
ажырата алатын оқымыстылар да, Зәки Ахметов,
Серік Қирабаев, Мекемтас Мырзахметов,
Жұмағали Ысмағұлов сияқты ғұламалар да
атсалысты. Алайда ұлы ақынның мұраларының
мәтіні орфографиялық, грамматикалық, емілелік
жағынан бір ізге түсті деуге әлі ерте, оған да түрлі
себептер мен қисындар бар. Сондай-ақ Абай
өлеңдерінің шығу тарихы мен шығыс тілдеріндегі
сөздерге жасалған тәржімалық түсініктемелерде
де жаңсақтықтар байқалады.
Оның басты кілтипандары: бірінші –
Мүрсеиіт қолжазбасының екі нұсқасы және
Самарбайдың, Оразкенің қолжазбалары өзара
текстологиялық салыстырудан өткен жоқ. Әр
қолжазбадағы кей сөздер мен тіркестер
мағыналас болса да, олар нақты ажыратылып
оқылмаған немесе түпкі мәтіні нақты емес.
Зады көшіре-көшіре жатталып кеткендіктен де,
кейін ойша жазылған кезде түпнұсқадан
ауытқып, дәлсіздікке жол берген сияқты.
Мысалы Абай ауылының қарттары:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап, -деп
ауызекі жатқа айтатын жолдар жинақтарда:
Ақылың мен еңбегің екі жақтап, -деп
басылған. Бұл жаттап көшірушілер мен жатқа
айтушылардың жадындағы жаңылыс. Еңбек
пен қайраттың арасында мазмұндық алшақтық
болмағанымен де, сөздің астарлы әдібін ашқан
кезде бұл екі сөздің мағынасы екіұшты емеуірін
танытады. Еңбек – іс-қимылды, фанилік
тіршіліктегі харекетті білдіреді, ал қайрат ұғымы
– “суық ақыл, ыстық жүрек, рух қайратымен”
астасып, философиялық терминге айналып
кетеді.
Екінші: Ахмет Байтұрсынұлының
емілесіне дейінгі араб әрпінің жазу үлгісін тек
көңілмен жобалап, мағынасын қуып қана оқуға
болады. Дауысты әріптер (мысалы а, е, ы)
36
АБАЙТАНУ
2015 №3 (28)
Ағайын-туыстарының жағымды-жағымсыз
әрекеттері мен оғаш мінездерінің себебінен
туған жырлар туралы мәліметтердің
жасырылып қалғаны жөнінде Тұрағұл өзінің
естелігінде атап өткен болатын. Заманы жақын,
тумысы бір болғандықтан да Мұхтар Әуезов те
бұл мәселеге тереңдеп барудан бойын аулақ
ұстаған. Бүгінгі таңда ол мағлұматтарды құпия
ұстайтындай ешқандай себеп-салдар жоқ. Әр
нәрсе анық та қанық айтылуы тиіс.
Алтыншы: өлеңнің өзіне тән буын, ырғақ,
ұйқас сақт ау заңдылықтары, ауыспалы
теңеумен емеурін білдіру, сөзді дыбысталуы,
айтылуы
бойынша
қолдану
сияқты
ерекшеліктері бар. Оны грамматикалық,
орфографиялық
қалыпқа
салып,
қарабайырландырудың зияннан басқа пайдасы
жоқ. Міне, осындай тым “сауаттылықтың” да
Абай өлеңдеріне кесірін тигізіп тұрған тұстары
байқалып қалады. Мысалы: “Көңілім қайтты
достан да, дұшпаннан да» деп басталатын
өлеңдегі:
Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
- дегендегі “тыныштықтың” “тық” деген
жалғауы маған үнемі артық жазылған сияқты
көрінеді де тұрады. Егерде ырғақ пен буынға,
сөз мағынасына жүгінсең:
Саудагер тыныш сауда қыла алмай жүр, -
болуы керек қой. Бұл арадағы кілтипан араб
қарпімен жазғандағы “тыныш” деген сөзде.
Осындағы соңы “ш” әрпінің құйрығы сүйретіліп
жазылғанда “қ” қарпінен айнымай қалады да,
“тынышыңыз” “тыныштықтық” боп шыға
келеді. Бұл жаңсақтық барлық басылымға тән.
Ырғақ пен буынның сақталып-сақталмауында
тұрған ештеңе жоқ сияқты. Алайда барлық
мектептер мен арнайы курстарда Абайдың
өлеңдерін жатқа айту міндет екендігін ескерсек,
бұл тармақтың “тілге жеңіл, жүрекке жылы”
тимейтіні анық. Мәселе соны ажыратып,
мағына, буын, ырғаққа сай дұрыс оқуда. Осы
реттен алғанда менің:
Қатының сені сүйсе, сенде оны сүй,
Қоржаң суық келеді кей сасық ми, -
дегендегі “қоржаңға” да күдігім бар. Неге ми
“қоржаң” болуға тиісті. Қоржаңдаған ми суық
бола ма? Жалпы, ми қоржаңдай ала ма? Зады
жо ғарыдағы қадыми әріптің жазылу
заңдылығын және “ж” мен “д” әрпінің бір
нүктемен ажыратылатынын, “а” әрпінің
ерекшеленіп жазылмайтынын, жазылса да оны
“а” деп оқу міндет емес екенін, “ң” әрпінің
мүлдем жоқ екенін ескеріп:
Көрден суық болады кей сасық ми, –
деп оқысақ қайтеді? Сонда Абай: жаман әйелдің
құшағы мен төсегі көрден де суық болады.
Сондықтан да сүйгеніңнің көңілін суытпа. Сен
де оны сүй, – деп отыр емес пе? Сөз бен
мағына енді үйлескен сияқты.
Сондықтан да, отыз жылдан бергі әдетім
бойынша Абайды жыл сайын қайталап
оқығанда о сындай сәйкессіздіктер мен
селкеуліктерді байқап, көңіліме түйіп жүрген ой
екшеулері мен тұспалдарымды жария түрде
білдіріп, төмендегі мәтіндерге көпшіліктің
назарын аударғым келеді.
Бала жасымнан көңіліме қонбай жүрген
бір жолдың түйінін шешудің сәті енді түскен
сияқты. Әңгімені содан бастайын. Абайдың әр
басылымынан әр жолы: “Құдай берген бұл
достық – кәннің бірі” - дегенді оқығанда
сондағы “кәңге” және оған берілген: каң –
қытайдың пеші, ол достық көңілдің
жылылығын білдіреді, немесе - кеніш, рудник.
Ауыспалы мағынасы – мейірім, Алланың бір
аты - деген түсініктемеге осы уақытқа дейін еш
мойынсынбай келетінмін. Академиялық
басылымда “кеннің бірі” деп түзетіліпті. Маған
осы “Құдай берген достықтың” мағыналық
тұспалы да, оқылуы да, емеуріні де басқа
сияқты болатын да тұратын. Абайды жыл
сайын түгелдей оқып, қайыра саралаған сайын
осы сұрақ мазалап, сол сөздің тұсына белгі
қойыла-қойыла, оның өзі бір “ақ шомның
көшіне” айналыпты. Сол “кәннің” кілтипаны
мен үшін оп-оңай шешілді. Мәселе “кәнде” де,
“кеңде” де емес, мәселе араб әрпіндегі “к” мен
қатаң “т”-ның, “с”-ның ұқсас жазылуында және
көшіріп жазған адамның қолтаңбасында екен.
Олар: “---“ және “---“ деп жазылады. Енді
арабша оңнан солға қарай сүйкеліп келе жатқан
қалам “т” мен “с”-ның басын сәл көтере
сүйретіп жіберсе (әдетте солай) бітті, аумаған
“к”-нің өзі боп шыға келеді. Сонда:
38
АБАЙТАНУ
2015 №3 (28)
пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хамы
қылады, “һой-һой!” менен, мақтанменен
қауымды адастырып бітеді... Дүниеден надан
бір ессіз боп шығады, адам аулауға, адам алдауға
салынады. Көбінесе мұндай ессіздердің
насихаты да тасирсіз болады”, яғни “бекер босқа
езе-дүр” - дейді. Бұрын бұл өлеңнің ортаңғы
жолы:
Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл сауаты,
Махаббат қылар тәңірі үшін-, деп басылып
келді. 1995 жылғы академиялық басылымды
дайындаған ғұламалар “сауаты” дегеннің қате
екенін білген. Бірақ оның қара сөздегі “ақылдың
сауыты” деген сөз екені еске түспей, поэтикалық
мағынаны қуа келе: “Жүректің ақыл суаты” деп
өзгертіпті. Жоқ, олай емес, дұрысы:
Жүректің ақыл сауыты -болуға тиісті:
Өйткені “жүректің ыстық қайраты мен
ақылдың” “өлшеуін білмек – бір үлкен іс”. Ыстық
қайратты суық ақыл суытады, сауытынан
асырмайды. “Ғылымды, ақылды сақтайтұғын
мінез деген сауыт болады. Сол мінез
бұзылмасын. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен,
я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез-келген
қызықққа шайқалып қала берсең, мінездің
беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те
пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды
қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық,
тұрам
дегенінде
тұрарлық
мінезде
азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық
беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір
ақыл, ар үшін болсын” (“Отыз екінші сөз”), яғни:
Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл - сауыты,
Махаббат қылса тәңірі үшін, - дейді Абай.
Жо ғарыдағы “Отыз екінші”, “Отыз
жетінші”, “Қырық үшінші” сөздердегі жүрек пен
ақылдың қуаты, оның өлшеуіші, ақыл мен
мінездің сауыты туралы ежелеп тұрып айтылған
сөзден кейін, жүрек пен ақылдың “суаты” емес,
“сауыты” екені туралы ешқандайда бақас әңгіме
болуға тиісті емес. Қисындыдан қисынсыздық
іздеу – Абай айтқан пәле мен күдік қуған “бақас
ғылым” болмақ. Ал бұл екі сөздің жазылуында
еш айырма жоқ, тек “а” әрпін орынына дұрыс
қоя білсең болды. Сонымен “жүректің ақыл –
сауыты” екендігіне шүбәсіз иланудан басқа лаж
қалмайды.
Абайдың шығармаларындағы араб,
парсы тілдерінен алынған сөздердің дұрыс
оқылуы мен берілген түсініктерге кей кезде
күмәндансам да, сөздікпен ғана тәржіма жасай
алатын болымсыз сауатыма сенбейтін едім.
Енді қадыми арабты да, ислами философияны
да оқып-тауысқан тоқымыстылардың көмегіне
сүйене отырып, сол күдігімді ашық талқыға
салғым келеді. Абайдың “Жаманбаланың
баласы өлгендегі” шығарған бір шумақ
өлеңіндегі:
Белгілі сөз: “Өлді, өлді”,
Белгісіз оның мекені, - деген алғашқы екі
жолдың мағынасы түсінікті. Ал одан кейінгі:
Не халатқа әурілді,
Қайда, қандай екені?,
- деген қос тармақтағы: “халатқа” дегеннің
мағынасы – хал-ахуал, әурілді дегеннің
мағынасы - қаңғыбас деп берілген түсініктер
маған еш түсініксіз еді. Енді қолжазба мен
қадыми араб жазуындағы үлгіні салыстыра
парықтап қарасам, бұл һаят, яғни, өмір деген
сөздің ныспысына сүлдер тартып тұр екен.
Араб қарпіндегі жазылуына қараңызшы: “Һаят”
– пен “халат” қандай ұқсас. “Л” мен “я” да
әлифпен жазылады. Мұны сүйкектетіп
жазсаңыз олардың ешқандай айырмасы
болмай қалады. Жоғарыда Абай өзінің “Қара
сөздеріндегі” пікірлерінің кейбірін өлеңге
түсіргенін айттық. Бақи мен фәнидің
арасындағы ғайып дүниесін түсіндіруге
арналған “Отыз сегізінші сөзіндегі” Алланы
тану, өмір мен өлім туралы толғамында
жаратқан иенің Тоқсан тоғыз сипатын айта
келіп: “Оның екеуі ғылым мен құдірет. Сегіз
сипаттан қалған алтауы бұларға шарх (түсінік).
Ал алтауының бірі – хаят, яғни, тірлік” - дейді.
Міне, Абай жоғарыдағы өлеңде осы һаятты
40
АБАЙТАНУ
2015 №3 (28)
нүкте, бас әріп сияқты т.б. белгілер
қойылмайтын. Ал бүгінгі таңда бұлар үлкен
грамматикалық қате және сөздің мағынасын
өзгертіп жіберетін күкірт қышқылы сияқты.
Мәселен:
Қулық пенен құбылдан,
Жалықсаң, жақсы жансыңдар, - дегендегі
“құбылға – құбылу, өзгеру” деп (1961) түсінік
беріліпті. Академиялық басылымда бұл сілтеме
алынып тасталыпты. Әрине, ежелеп барып
емеурінді түсінуге болады. Иә, ежелеп барып.
Егерде осы “құбылды” тырнақшаға алып
жіберіп:
Қулық пенен “Құбылдан”,
Жалықсаң, жақсы жансыңдар,- деп
жазсақ Абайдың кекесінді ойының мағынасы да
ашылады, әрі бүгінгі көркем тілді жатырқап
өскен жас оқырманға да түсінікті болады. Ал
мұндай емлелік екшеуден өтуге тіленіп тұрған
сөздердің саны біршама. Мысалы: “Әзімнің
әңгімесі” дастанындағы үшінші шумақ 1961
жылғы жинақта:
Мал тапқан бір іздеп таппақ болып, - ал,
1995 жылғы басылымда:
Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып - жүр.
Буын, ырғақ, мағына жағынан екінші мысал
бұрынғыға қарағанда барынша анық.
Дегенменде өлеңнің ырғағы мен мазмұнына
қарасақ екі айырылған ағайынды екі жігіт бір-
біріне:
Мал тапқанда бір іздеп таппақ болып, -
уәде берісіп айырылысқаны көрініп-ақ
тұр.
Енді осы дастанның соңындағы адасқан
Масғұтқа кезіккен екі қыздың жігітті алып
қалығысы кеп:
Сені біз жар етпейміз, бауыр еттік,
Достықпен жүрек еріп, тәуір еттік.
Түбінде сен тұра алмас болсаң мұнда,
Еліңе жеткізуге біз де жеттік, -дегендегі екі
“жеттіктің” біреуі әрі артық, әрі мағынасыз.
Қыздар неге “жетті”? Қалай десекте қолжазба
қате оқылған. Анығы:
Еліңе жеткізуге уәде (уағда) еттік.
Мұнда араби қолжазбадағы “уәде (уағда)
еттік” дегендегі “уәдені” қате оқып жіберген. “У”
мен “д”, “ж” әріптері қосылып кеткенде
ажыратылмай қалады. Араб пен қазақ
қарпіндегі сәйкессіздіктер бір ізге түспеген,
орфографиялық, грамматикалық жүйе
қалыптаспаған тұста кеткен, Кәкітай мен
Тұрағұл айтқан “көп қатенің” бірі. Одан басқа
мұнда тұрған түк те хикмет жоқ. Дәл сондай
қадым мен жәдидтің арасындағы оқу әдісінен
кеткен “опық” жердің бірі Лермонтовтан
аударылған “Ой” өлеңінің екінші шумағындағы
екінші жол. Барлық басылымдарда да:
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін, -деп
жазылып келеді.
Осындағы “аптық жері” деген сөз -
түпнұсқадағы “ошибками отцов” дегенннің
баламасы екенін тек көңілмен болжап, сезім
түйсігімен ғана түсіне аласың. Ал осы сөздің
түпкі төркіні “опық жерін” екеніне мен еш
күмәнсіз сенемін. Өйткені барлық араб сөзінің
алдына, оның ішінде “о”, “ғ” әріптерінің алдына
көбінесе ғайын (“ға”) белгісі міндетті түрде
қойылады. Мұны “аптық” емес, “опық” деп оқу
керек. Сонда шалдың опық кетер жерін, ақылға
кеш енгенін, яғни өткен өмірінің мәнсіз өткенін
кеш білгенін түсіну оп-оңай. Оған қолдан
“аптықты” қолданудың еш реті жоқ. Қазақ
“аптығы басылмады, аптығыңды бас” деп
асығып-үсігіп, желігіп келген, ентігіп тұрған
адамға айтады. Ал бұл арада өткен өмірге опық
жеп, “қолын мезгілінен кеш сермеген” адамның
өкініші бейнеленген. Сонда бұл шумақтағы:
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Опық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін,-
деген басты ой ап-анық әрі жатық ашылады.
Осы өлеңнің соңғы шумағындағы:
Досың жоқ, дұшпаның жоқ тыныш
жатасың, -дегендегі буын мен ырғақ санын
арттырып тұрған “тыныштың” әу бастағы Абай
42
АБАЙТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |