Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата02.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#5105
1   2   3   4   5   6   7   8

2015  №3  (28)

айтпақшы  бо лған  ойы  осы  Құрандағы

надандықтың сипатын жеткізу болатын. Қазақ

надандығының  шектен  шыққаны  соншалық,

“түзу сөзді” тыңдамауы былай тұрсын жаяуы

бар,  аттысы  қо сылып  Абайды  қоғамнан

аластайды. Абай жалғыздық күй кешеді. Бірақ,

бұл  жалғыздық,  генетикалық  яғни,  туысы,

ағайыннан  айрылған  жалғыздық  емес.  Оның

“атадан алтау, анадан төртеу-туысы, қаптаған

қалың тобықты-арғын ағайыны бек көп”. Бірақ,

Абай  үшін  бұлар-  “көп”,  “тобыр”.  Абай  өзін

“көпке  сүйейтін”  немесе  “көптен”  күш-қуат

алған ойшыл емес, ол өз ожданы арының иесі–

Тәңірден, таза ақылдан қуат алған дана. Оның

жалғыздығы  елден  сөз  ұғардың  болмауы,

рухымен үндес, көңілімен сұхбаттас, Алладан

басқа достың қалмағанын білдіретін жалғыздық.

Абай әрі қоғамның “ішінде” әрі “сыртында”. Бұл

сопылықтағы  “отанды  ауыстыру  емес,  өз

сипатын өзгерту” яғни, “узлат” деп аталатын

рухани  хәл.  Суфилер  қоғам  ішінде  бірақ,

рухымен қоғамның сыртында тіршілік етуді жөн

деп тапқан. “Моласындай бақсының, Жалғыз

қалдым-Тап  шыным,”  -  дейді.  Міне  Абай

атамыз,  арлылығымен,  имандылығымен

жалғыз қалудан қорықпайтын, ақиқат деп өткен

өз уақытының данасы болатын. Сондықтан да

ол Хаким, яғни, хикмет –парасат иесі.

Сырттай  қарағанда  Абайдың  сопылық

туралы түсінігі қайшылықты болып көрінеді. Ол

“бірінші қара сөзінде“Софылық қылып, дін бағу?

Жоқ ол да болмайды, оған да тыныштық керек.

Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық

жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?”

- дейді. Ал, шындығында таза сопылық, көңіл

тыныштығына, бақытқа, моральдық еркіндікке

ұласудың  бірден  бір  жолы  екендігін,  нағыз

тыныштықты адам таза сопылықтан табады деп

түйеді. “Отыз сегізінші қара сөзінде” “күллі адам

тәркі дүние болып, һу деп тариқатқа кірсе, дүние

ойран  болса  керек.  Малды  кім  бағады?

Дұшпанды кім тоқтатады? Киімді кім тоқиды?

Астықты  кім  егеді?  Дүниедегі  Алланың

пенделері  үшін  жаратқан  қазыналарын  кім

іздейді? Нығметтердің иесі (сахиб-ун-ниғма)-

Тәңірге шүкіршілігің жоқ болса, әдепсіздікпенен

күнәһар  болмайсың  ба?  Егер  де  бұл  жол

жарым-жартыларына  ғана  айтылған  болса,

жарым-жарты раст дүниеде бола ма? Рас болса,

һәммаға бірдей раст болсын, алалаған раст бола

ма,  һәм  ғадаләт  бола  ма?  Олай  болғанда,  ол

жұртта  ғұмыр  жоқ  болса  керек.  Ғұмыр  өзі-

хақиқат.  Қай  жерде  ғұмыр  жоқ  болса,  онда

кәмәләт жоқ” дейді.

Бұл жердегі Абайдың сопылыққа қойып

отырған  сыны  жаңа  сын  емес,  ол  сонау

традиционалистер  мен  суфилер  арасында  ІХ

ғасырдан бері келе жатқан сын. Кезінде бұл сын

сопылықты түсіне алмай, дінді тек қана форма

ретінде  көретіндер  тарапынан  айтылған-ды.

Дегенмен,  таза  сопылықтағы  ахилік

институттар  ислам  өркениетін  жаудан

қорғаушы, экономикасын нығайтушы, қоғамын

біріктіруші – ар, имандылықтың үлгісі, жалпы

исламдық  дүниетанымның  эстетикалық,

моральдық  құндылықтар  жүйесін  реттеушісі

болған  және  бола  береді  де.  Рас,  сопылық

жолдың  тек  “дидар  талап”  етушілерге  қана

арналғандығы  белгілі.  Оның  адамның

табиғатынан  туған  ерекшеліктер  екендігі  де

анық. Дидар талап ғылымы–қабілет, ынта, жігер

сонымен қатар Тәңірдің құты арқылы берілетін,

игерілетін сопылық ілім. Ал, Абайдың жалпыға

бірдей деп қарастырған хикмет яғни, философия

да  әркімнің  үлесіне  тие  беретін  қазына  емес,

яғни,  әр  адамның  шынайы  философ  (хаким)

болуы да мүмкін емес. Дүние, ғұмыр – шынайы

суфи, ғашықтар үшін мәнсіз де, мағынасыз да

емес.  Керісінше  дүние,  осы  өмір  адамды

кемелдікке жетудің тұғыры. Шын ғашықтар үшін

де  дүние,  ғұмыр  харам  емес,  ақиқат.  Жалпы

шынайы суфилер Тәңірдің жаратқан әлемінен

көркемдік  пен  әсемдіктен  басқа  ештеңе  көре

алмайды. Дүние–кемелдіктің негізі болса, олар

дүниедегі тиерлік пайдасы–кемелдіктің алаңын

қалай ұмытсын. Ұмытпау үшін арнайы “зікір”–

еске алу әдісін өмірінде әр дем қолдану үстінде

болады.  Олар  дүниені  Тәңірдің  Бар  және  Бір

екендігінің айнасы ретінде қабылдайды.

Бірақ, Абайдың осы сынына қарап, оны

сопылық  дүниетанымның  негізі  мен  мәнін

білмейді деуге болмайды. Онда мақсат бар. Бұл

мақсатты Абай өзінің уақыты мен кеңістігіндегі

ахуалден  алып  отыр.  Абай  ғана  емес,  жалпы

Шығыс  әлемі,  Батыстың  технологиясынан,

ғылымынан кері қалудың басты себебі ретінде


58

Resume

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

Резюме

В статье показана роль наследия Абая в казахском религиоведении.

Resume


In the article an author is stopped to the place, that will takeheritage ofAbay  on religious cognition

Kazakh.

санаға жетелейтін, Иасауидің ақ жолынан нәр

алған  мирасшылар  екендігін  көрсетумен

шектелдік.  Дегенмен  ар  түзейтін  ғылымды

түсіндіру, талдау тәсілдерінде өзіндік ерекшелігі

бар бұл тарихи тұлғалардың мұрасы бүгінгі күн

тұрғысынан тереңінен зерделенуі тиіс. Өкінішке

орай, Абайды бүгін де ислам философиясының

ерекшеліктеріне терең бойлай алмайтын кейбір

зерттеушілер дуалист деп танып әрі танытып

келеді.  Абайдың  ойлау  жүйе сі  мен

дүниетанымын тани алмай келуіміздің бірінші

себебі,  кешегі  “ғылыми  философия  мен

Батыстық қалыптар” арқылы шарттандырылған

танымдық 

шеңбер 


шарасынан 

аса


алмауымыздан, екінші,  ислам философиясын

жете  білмеуімізден  туындап  отыр.  Бұлардың

мұраларында  Ислам  діні,  философиясы,

мәдениеті,  ғылымының  негіздері  қамтылған.

Аналогиялық  тұрғыдан  қарайтын  болсақ,  осы

ұлттық  тұлғаларымыздың  мұраларынан-ақ,

қазақ даласындағы діни ой-сана, зерделеу, ізденіс

деңгейінде  басқа  исламдық  мәдениеттермен

сабақтастығын  үзбегенін  көреміз.  Сондықтан

Иасауидей  пірі,  Абайдай  хәкімі,  Шәкәрімдей

данасы бар бүгінгі қазақ қоғамы өзінің діни білім

кеңістігі мен көкжиегін  дамыту үшін алдымен

олардан қалған мұраларды игеру сатысынан өтуі

тиіс.


60

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

Әдебиеттің  бұл  қызметі  оқырманның

көркем шығарманы қабылдау әрекетін неғұрлым

әсерлі  әрі  оңтайлы  етуге  қол  жеткізетін

әдістемелік құралдардың әр түрінің жасалуын

талап етеді. Ал енді мектептегі болсын, жоғары

оқу  орындарындағы  болсын  жалғыз  әдебиет

сабақтары  рухани  зәруліктерді  толтыра

алмайды.  Сол  үшін  әдебиетке  қосымша  оқу

бағдарламалары мен құралдары қажет.

Соның  бірі де  бірегейі –   Абай  мұрасын

танудың  кешенді  бағдарламасы.  Абай

мұрасымен  қазақ  баласы  мектепте  ғана

сусындамау қажет. Ол қазақ дүниетанымының

әліппесі  болудан  бастап,  қазақ  баласының

тіршілігінің соңына дейінгі рухани бойтұмары,

ұлы кітабы болуға тиіс. Абайды терең таныған

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абай сөзі

– қазақтың бойтұмары. Абайдың мұрасы – ең

қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен

мәңгібақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың

елін,  қазағын  жаңа  биіктерге,  асқар  асуларға

шақыра береді...

Абай 


– 

әлемдік 


ойшылдардың

қатарындағы  ғажайып  тұлға.  Абай  әрқашан

біздің  ұлттық  ұранымыз  болу  керек.  Абайды

тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз.

Менің  балаларым  мен  ертеңгі  ұрпағыма

Абайдан  артық,  Абайдан  ұлы,  Абайдан  киелі

ұғым болмауға тиіс!» дегенде, Жаңа ғасырдың,

Тәуелсіз Қазақстанның рухани Темірқазығына

нақты  жол  көрсетіп  тұрғанын  ең  алдымен

педагогтар терең түсініп, әрекетке көшуі қажет.

Біз  сияқты  аз  халықтың,  жаһанданудың

тасқынында жойылып кету қаупі бар халықтың

жайбасарлыққа салынатын уақыты өткен. Ендігі

жерде  сақтануды,  ұлтты,  тілді,  ұлттық  бедер-

белгіні  сақтаудың  барлық  оңтайлы  тәсілдерін

тауып,  тез  арада  іске  қосуға  әрекет  етпесек

болмайды.  Оның  жолы  –  Абай  жолы,  Абай

тағылымы. Конфуцийды Шығыстағы алпауыт

елдер  қалай  ұстаз  тұтса,  тағылымын  өмірлік

ұстаным етсе, дәл солай біз де ұлы данышпан

Абайды ҰСТАЗ тұтынып, халқымыздың рухани

көсемі деңгейіне жеткізуіміз қажет. Бірде зиялы

қауым бас қосқан жиында бір белгілі журналист,

ақпарат  құралдарының  бастығы:  «Абай

өлеңдерін мектеп оқулығына береді, Абайды мен

қырық  жасқа  толғанда  әрең  түсіндім,  5-

сыныптың баласы Абайды қалай түсінеді?» деді,

залда  отырған  зиялы  қауымнан  бір  ауыз

қарсылық  болмады.    Сонда  Абайды  қырыққа

толғандар  ғана  оқып  түсінеді  деп  күтіп

отыруымыз  қажет  пе?  Жоқ,  әлде  қырыққа

толғандар өз ұрпағына түсіндіру, ұқтыру қажет

пе? Онсыз да соңғы жылдарда мектептегі қазақ

әдебиеті пәні мектептің білім беру мазмұнына,

білім  стандартына  бір  кіріп,  бір  алынып

тасталып жатқан заманда қазақтың ана тілінде

еркін сөйлеп, нанын жеп жүрген зиялы жұрты

мектепте Абайды оқытпау керек десе, онда нағыз

жанына  бір  тамшы  сәуле  түспейтін,  ізгілікті

бойынан  іздесең  де  таппайтын  ұрпақ  легін

өсіріп, ұлттың түбіне жетуді күтіп отырамыз да...

Жоқ, ағайын, топан судан кезінде Нұх пайғамбар

кемесімен  құтқарса,  бүгін  қазақты  (мүмкін

адамзатты)  Абай  даналығы,  Абай  сөзі

құтқарады.  Сол себепті де  бізге «Абай Әлемін

танудың  кешенді  бағдарламасы»  қажет.  Абай

мұрасы отбасы тәрбиесі, бала бақша  тәрбиесінен

бастап, мектеп, жоғары оқу орны, магистратура,

докторантура  және  қызмет  орнында  үздіксіз

оқытылып, насихатталып, тұлғаның азаматтық

нормасына айналуы қажет деп білеміз.

Біздің  «Абай  Әлемін  танудың  кешенді

бағдарламасына»  Елбасының  жоғарыда

келтірген сөздері, ойлары негіз болады.

1)  Абай – бойтұмар, ең қасиетті қазына,

ұлттық ұран.

2)  Абай – әлемдік деңгейдегі ойшыл.

3)  Абайды тану: Абайдан артық, Абайдан

ұлы, Абайдан киелі ұғым жоқ.

4)  Қазақстан  және  Абай,  бұл  екеуі  –  бір

ұғым.

5) Мәңгілік елдің Абайы



Рухани-адамгершілік ұстанымдары іргелі

сипаттағы қазақ классикалық әдебиетінің, оның

ішінде  рухани  қуаттылығын  бүкіл  дүниежүзі

мойындаған Абай шығармаларының жас ұрпақ

тәрбиесіндегі маңызы арта түсуде. Бүгінгі таңда

абайтану  курстары  орта  мектепте  таңдау  пәні

ретінде  оқытылып  жатыр. Бұл  да  белгілі,  ұлт

тағдырын  терең  түсінген  жандардың

жанайғайы, үлкен ісінің арқасы.

«Абай  Әлемін  т анудың  кешенді

бағдарламасының»  1-баспалдағы:  «Абай

әлемінің әліппесі» деп аталады. Мұнда оқырман



62

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

емтиханда  бұрынғыдай  шығарма  жазбайтын

болды. Сол себепті әдебиет, т.б пәндер сырғып

екінші планға шықты.

Хрестоматиялық баян “Абай жолы” роман-

эпопеясының  мазмұндық  құрылымы  мен

желісін толық сақтай отырып, мемлекеттік оқу

бағдарламасы  негізінде  ұлы  Абай  бейнесін

сомдауға,  қазақ  қоғамының  суретін  беруге,

халықтың өмірін, адамгершілік-рухани сапасын

ашуға тікелей қатысты үзінділерден құрылған. Ол

үзінділерді  өзара  мазмұндық-сюжеттік

байланыстары ғана құрастырушылар тарапынан

көркем баяндалған. Үзінділер роман-эпопеядан

өзгеріссіз  берілген.  Нәтижесінде  роман-

эпопеяның  мазмұндық  толықтығы,  авторлық

идея мен пафос мейлінше сақталған.

Хрестоматиялық  баян  -  оқырман  қауым

үшін аса өзекті құрал, өйткені ол ұлы суреткердің

ұлы мұрасына деген қызығушылықты күшейтуге

қызмет етеді, қазіргі ақпараттар тасқынында жас

ұрпақтың эстетикалық – мәдени бағдарлануына

көмек береді.

Хрестоматиялық  баян  қазақ  әдебиетінде

ежелден қалыптасқан қисса жанрларының  жаңа

көрінісі.  Алайда  қисса-назымдарда  Шығыс

әдебиетінің інжу- маржандары қазақ тілінде еркін

баяндалған, оларда текстологиялық дәлме-дәлдік

сақталмаған.  Бергі  дәуірлерде  әдебиетімізде

батырлар жырын қарасөзбен  баяндау тәжірибесі

болғанын  айту  керек.  Мысалы,  А.Сейдімбек

жасаған “Алпамыс батыр” , “Қамбар батыр” т.б.

баяндар.

Хрестоматиялық баян ақиқатты көркемдік

меңгеру  туралы  философтардың,  эстеттердің,

психоло гтардың  және  филологтардың

пікірлеріне сай келеді. Әлемді көркемдік меңгеру,

қайта  түзу,  танымдық,  құндылық-бағдарлық

және  қарым-қатынастық  әрекеттерден

құрылатынын    М.С.Каганның  айтқанындай

[3,169]    бұл  құрал  да  оқушының  шығарманы

танып біле отырып, дұрыс құндылық-бағдарлық

және  қарым-қатынастық  нәр  алып,  оның

бойында  қайта  түзілуіне  септік  етеді.

А.А.Леонтьев  айтуында  адам  көркемөнермен

табысқан  кездерде  оның  ішкі  өзара  қарым-

қатынастарына тұлға ретінде қатысып отырады

[4].    Осы  тұрғыдан  хрестоматиялық  баянда

көркемөнермен  қарым-қатынасқа  баулитын

дербес  жүктемесі  бар  үзінділер  алынған.

Сондай-ақ ойлау әрекетінің  дәуір рухына жауап

беретін “өз бетінше ойлауға өзін өзі тәрбиелеу

және дамыту жолы” [5,234]  да, бұл еңбектің

бағдаршамы ретінде алынған. Хрестоматиялық

баян  оқушыларды  жеке  үзінділер  желісіне

сүйене отырып, тұтас ұғымға жетуге үйретеді.

Ойлау 

үрдісінде 



шығарманың 

жеке


детальдарының қабылдануы алғашқы кезекте

жүретін  заңдылығын,  содан  соң  барып  қана

оның байланыстырушы және генерализациялау

сатыларына  көшу  жүзеге  асатынын  ашқан

П.П.Блонскийдің  [6,24]  ұсынғанындай,

хресто матиялық  баян  роман-эпо пеяның

танымдық-дидактикалық блоктарын мүшелеп,

детальдық  күйде  береді,  соның  негізінде

ойлаудың байланыстырушы және тұтастырушы

сатылары  жүреді  де  шығарманы  қабылдау

тұтастығына  жету  көзделген.  Түсініктің

қалыптасуының  мұндай  заңдылығын  кезінде

Л.С.Выготский өз лабораторияларында зерттеп,

“дамудың алдында жүргенде ғана оқу нәтижелі”

[7,248] болатыны туралы қорытындыға келген.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға

бұрынғыдай білім, білік, дағдыны емес, баланың

жеке  тұлғасын қалыптастыруды  қояды,  оның

білім  алу  арқылы  дамуына  баса  көңіл  бөледі.

Ұғымдық мазмұнын жинақтай айтқанда, “жеке

тұлға” деп түрлі сапалардың жинақты жүйелері

көрінетін  адамның  психикалық,  рухани

болмысын айтады. Олар: адамның әлеуметтік

мәні бар қасиеттерінің, әрекеттерінің жиыны;

қоршаған  әлеммен  және  өз-өзімен  қатынасы;

мінез-құлық жиыны; қажеттіліктердің жүйесі;

қабілеттерінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің

жиыны”  т.б.  [8,  68].  Тұлғаның  толымды

қалыптасуы оны қалыптастырушы факторларға

тікелей байланысты: факторлар адамгершілік-

рухани тұрғыдан мазмұнды, мәнді, эстетикалық

қуатты,  оң  және  ізгі  болған  сайын  тұлғаның

қалыптасу  сапасы  арта  түспек.  М.Әуезовтің

“Абай  жолының”  хрестоматиялық  баяны

осындай 

дидактикалық 

ұстанымды

басшылыққа ала отырып түзілді. Оның өзі қазіргі

бүкіл  әлем  бет  бұрып  о тырған  рухани-

адамгершілік 

зәрулікті 

толықтыруға

бағытталған. Мектептегі әдебиет пәнінің жеке

тұлғаға бағдарлай оқыту сипатын жүзеге асыра



64

ӘОЖ 821.512.122-3



Қ.ЕРГӨБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

АБАЙТАНУДАҒЫ БІР ДҮНИЕТАНЫМ ТӨҢКЕРІСІ

(Батыр ғалым Бейсембай Кенжебайұлының бір рухани ерлігі хақында)

Автор мақалада әдебиет зеттеушісі Б.Кенжебаевтың тырнақалды зерттеулерінің бірі

«Абай» мақаласының қазақ әдебиеттану ғылымындағы маңызына тоқталады.

Тірек сөздер: Б.Кенжебаев, Абай, абайтану, қазақ әдебиеті.

Уақыт  өзгермелі.  Адам  табиғаты  сонша

күрделі.  Өлшем  ұдайы  жетіліп  отырмақ  –

заңдылық. Әлемдік әдебиет тарихы тәжірибесіне

қарап  отырсақ  қызық  құбылыстардың  куәсі

боламыз. Біреу бар – өмір бойы даңқты ерттеп

мініп, халық тарапынан көрген құрмет, махаббат

пен естіген марапат сөзден басы айналып өтеді.

Ғажабы ол да емес. Ең ғажабы сондай бір халық

басына  көтерген  ондай  даңқ  иелерінің  жүзін

суық  топырақ  жапқан  соң-ақ  тіршілігінде

тірнектеп жиған абырой-беделі арзандап, даңқы

бордан жасалған бюст секілді мүжіліп тоза береді,

тоза береді. Ақыры күндердің күнінде белгісіздік

тұманына батып ізім-қайым жоғалады. Демек,

даңқ  та  өзгермелі.  Демек,  дүбірлеген  даңқ  та

баянсыз.  Айталық,  ұлы  ақын  А.С.Пушкин

төңірегінде  тіршілігінде  даңқы  дүбірлегені

соншалық,  қазір  әлем  атақ-даңқына  қарап

отырған Александр Сергеевичтің өзіне көлеңке

түсіріп,  көлегелейтін  дарындар  болды.  Күні

кешеге дейін келген А.С.Пушкин ұлы ма, әлде

Некрасов ұлы ма дейтін орайсыз салыстырулар

тіршіліктегі атақ, даңқтан өрістейтін, туындайтын

мәселелер. Әйтпесе ұлы жазушы А.П.Чеховты

қазіргі оқырман шығармасын оқымақ түгілі, атын

естімеген  қайдағы-жайдағы  бір  Павленкодан

төмен қойған ғой уақытында. Атақты Соллогуб,

Лажечниковтар  қайда  бұл  күнде?  Демек,

әдебиеттегі  мәңгілік –  жүзден жүйріктің  емес,

мыңнан бірдің ғана маңдайына жазылар сирек

бақыт. Бұл – мәселенің бір қыры. Енді мәселенің

екінші бір қыры және бар.

Біреу бар, өмір бойы халық деп атой салып

ұрандамай-ақ, еңбегім ерекше сіңді, маған неге

сыйлық  бермейсің,  лавр  жапырағын  қашан

жапсырасың  маған  демей-ақ  қойдан  қоңыр

көптің бірі болып қана жүреді, бірақ халықтық

іспен ғұмыр кешеді. Бұл да ғажаптың бір түрі.

Құдай  берген  дарынды  жұрт  алдында

жарқыратып  жасамай,  жасырынғандай  болып

үн-түнсіз істеу де келісіп тұрған жоқ. Амал қанша,

бұл да бір жұмбақ табиғат. Ғажабы да бұл емес.

Ең  ғажабы  ғұмырды  елеусіз  бұйығы  өткізген

адам дүниеден көшкеннен соң, аз-кем уақыттан

кейін ондай жұмбақ жандардың даңқы жұртты

қайран қалдырып өсе бастайды. Тіпті ондайлар

бір  халықтың  мақтанышына,  ұлттық  мөріне,

азаматтық  арына  айналатынын  қайтерсің.

Айталық, «Афоризмдер» жазған неміс философы

Лихтенберг. Тіршілігінде кісі екен деп қарады ма

екен  оған  қатар  ғұмыр  кешкен  әріптестері?

Шығармасы  халыққа  кең  тарамады,  қатары

мойындамады, аяулы философ аштан өлді. Қазір

неміс философиясын сөз еткенде ауызға алдымен

Лихтенберг есімі ілінеді. Оның   «Афоризмдерін»

оқымайтын адам бар ма, қазір?! Әйтпесе, «Ақыл

қалтаны» /карманный оракуль/ жазған Балтасар

Грасианды алайық. Ол өз отандасы Маркестен

әлдеқайда  бұрын  туып,  әлдеқайда  кейін

танылды. Және өз отандастарының қайсысынан

да  оның  туындылары  ұзақ  жасайтыны  күмән

туғызбасқа керек.

Әлемдік ой тарихында мұндай мысалдар

көп-ақ.  Тікелей  әдебиеттануға  келгенде  өткен

ғасырда  өмір  сүрген  Потебня,  күні  кеше

арамыздан кеткен Бахтиннің қайсысының шекесі

шылқыды екен даңқтан?



66

басы саналатын, Жақаңы аталатын, тұла бойы

тұнған  ұлттық  қайраткер  Міржақып  Дулатов

абайтануда жаңа пікір айтылды, жаңашыл ой беті

түзелді  деп  жанымен  қуанып,  «Қазақ

кітаптарының  көрсеткіші»  /Қызылорда,  1926/

аталатын    библиографиялық  көресткішіне  21

жасар Бейсембайдың мақаласының атын тізіп,

«Абай  халық  ақыны.  Халықтың  тумысындағы

кем-кетіктерін,  жайсыз  қылықтарын  жазған.

Олардан  құтылуға  жол  көрсеткен.  Абайдың

ұстаған  жолы,  көздеген  мақсаты  елді  түземек

болған.  Абай  ілгерішіл  ақын»  –  деген  пікірін

көшіре  жазыпты.  Есесіне  өлкелік  партия

комитетінің  баспасөз  бөлімін  басқаратын

Әбдірахман Байділдин уыздай жас баланы азуын

айға білеп тұрып сынапты, білегін түрініп тұрып

сыбапты.


Ойшыл  Міржақып  Дулатов  жерден  жеті

қоян  тапқандай  қуанатын,  сүйсінетін,  әсіре

белсенді  Әбдірахман  Байділдин  жерден  жік

шыққандай,  екі  құлағы  тік  шыққандай

күйінетіндей не болды сонша? Жиырма бір жасар

баланың қарапайым пікірінің біреуді күйіндіріп,

біреуді сүйіндіретіндей, астарына ара, әлде шаян

жасырынған ба? Мәселенің өзі де осында.

Ол кезде Қазақстанда Абайдың тегі, әдеби

мұрасы  жойқын  әңгіме,  таптық  талас-тартыс

болып жатқан. Турасын айтқанда басқаның емес,

Абайдың басы дауға айналған. Шыққан тегі бай,

ет жеген, қымыз ішкен, қос-қостан қатын алған

Абай  халық  ақыны  бола  алмайды  деген  көп

білгіш.  Бірен-саран  Абай  жайын  шын  білетін,

түйсіне  түсінетіндер  әуелінде  айтысып  көріп,

большевик  белсенділердің  бел  бермесін

білгендіктен  уақытша  бұғуға  мәжбүр  болып

тұрған  кез  еді  ол.  Сол  сәтте    Москваның

И.В.Сталин  атындағы  Күншығыс  еңбекшілері

коммунистік университетінің» (КУТВ) жап-жас

оқушысы  өзінің  әлгіндей,  Абай  жарықтықты

жарыққа  сүйреген,  халыққа  теліген  пікірін

«Еңбекші  қазақ» бетінде  жарқ  еткізді. Жеңіс  –

Абайды шын танушылар жағына ойысып жүре

берді.


Жап-жас баланың мақаласы қалайша биік

дәрежеде жазылды?

«Еңбекші  қазақ»  газетінің  басқармасы

мақаланы қалай батылы жетіп басты?

Бейсембай  Кенжебайұлы  туыстары  мал

со ңына  салып  қойған  жерден  Бөгеннен,

көгеннен қашып Тәшкеннен бір-ақ шыққан жетім

бала. Сандалып жүріп, адасып жүріп жеткен жері

– Тәшкент, түскен ортасы – жетім балалар.

Алайда  жетім  балалар  жетекшісі  –

жалынды  Ғани Мұратбаев,  серіктері –  Өтебай

Тұрманжанов,  Жүсіпбек  Арыстанов,  Нұртас

Оңдасынов, тағы басқа балалар. Жетім балалар

үйінде кітапқұмарлыққа тәрбиелеген ұстаздары

–  Мәшһүр  Жүсіптің  баласы  Әмин  Жүсіпов,

белгілі  дирижер  Тұрғыт  Оспановтың  әкесі  –

Сәдуақас Оспанов. Жетім балалар үйінен сауат

ашып, ұшып жеткен жері – КУТВ. Ең ғажабы –

бұл оқу орнында қазақтың маңдайы жарқыраған

ұлы  лирик  ақыны  Мағжан  Жұмабаев  әдебиет

пәнінен  сабақ  береді.  Оқушы  балалардың

жетекшісі,  талағының  биті  бар,  Тәшкентте

жүрген кезден «Ақ жол» газетіне жаза-жаза «тілші

бала» атанып келген Бейсембайды ақын ағасы

қасынан қалдырмай ерте жүреді, үйіне ерте келіп

тамақ ішкізеді,  сұлу жырлармен  сусындатады,

жассынбай жан сырын айтады, әдебиеттен көп-

көп  кеңес  береді,  жазғандарын  оқушыларға

оқытып бірге талдайды. Алдында ғана «Тазша

бала»   жайын   жанынан    жазған     ертегісі

жарияланған  баспасөзде.  Енді  оқушылар

алдында  Абай  өлеңдері  хақында  баяндама

жасады. Баяндама жаны нәзік ұстазға да, оқушы

тұстастарына да ұнады. Көпшілікке ұнаған соң

әлгі  ертегінің  ізімен  баяндаманы  мақалаға

айналдырып, Қазақстанға почтамен айдап қоя

берді. Көздегені басқа басылым емес, «Еңбекші

қазақтың» өзі.

Бала  Бейсембай  ұзамай  жауап  хат  алды.

Қазақстаннан.  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  бас

редакторының орынбасары,  жазушы Бейімбет

Майлин  екен  жауап  жолдаған.  «Мақалаңды

алдық. Пікірің ұнады. Батыл жазу керек осылай.

Оқушысың  ғой,    тарығып  қаласың  ба  деп,

қаламақы есебінен елу сом ақшаны алдын ала

жіберіп 


отырмын. 

Жиі 


жазып 

тұр.


Жазғандарыңды менің атыма жолда» – деп хат

жазыпты  Биағаң.  Жадау-жалпы  жолдастары

балаша қуанды. Мақала қаламақысына Өтебай,

Жүсіпбек үшеуі барып бірсыпыра киінді. Ептеп

сыра ұрттады. Қалғанын ауылдағы аш-жалаңаш


68

жастағы  Бейсембай  Кенжебаев  әдебиет  есігін

жұртты  таң қалдырған еңбегімен ашқан. Бұл –

Бейсекеңнің ырым алды рухани ерлігі еді.

…Бейсекең уыз шағында бетін ашқан бұл

тақырыпқа  кейін  әлденеше  рет  қайта  оралып,

қалам  тартты.  1945  жылы  ұлы  абайтанушы

Мұхтар Әуезовпен бірге қазақ-орыс тілдерінде,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет