Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі



бет3/3
Дата06.10.2023
өлшемі28,54 Kb.
#113272
1   2   3
азаматтық лирикасының ауқымы аса кең. Ақын реализмінің күші де, ең алдымен, өз қоғамындағы әлеуметтік жағдайларды, теңсіздікті көре білуінде, соны әшкерелей білуінде. Ақынның негізгі нысаны – адам. «Ескіден қалған сөз теріп» деп аталатын өлеңінде ақын бірден өз көкірегін кернеген күйініші мен арманын жайып салады.Мұнда Шәкәрім өмір сүрген заманның реалистік суреті бар, ақынның айналасындағы адамдардың нанымды психологиялық рухани портреті бар.
Шәкәрім Абайдағы өнер-ғылымға үндеудің арнасын отаршылдықтың езгісіндегі ұлтының бостандығы жолындағы күреске бұруға ұмтылып, ол жолдағы ел мен ер бірлігінің атқарар міндетін айқындауды шығармашылығының негізгі өзегіне айналдырады. Жаңа ізденістерге бет бұрады. Осы бетбұрыстан кейінгі өз шығармаларына азаттық ойды арқау еткен Ахмет, Міржақыптарға ой салған алғашқы идеялардың көрінісі бой көрсетеді. Әрине, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармалары тікелей азатшылдық күресті меңземегенмен, осы ойдың өміршең болуына, өзінен кейінгілердің шығармашылығынан мол орын алуына септігі аз болған жоқ.
Шәкәрім шығармашылығында таза ағартушылық тақырыптың да орны ерекше. Шәкәрім жәй оқуға шақырушы емес, Шәкәрім үшін оқу-білім, ғылым жолы. Оның бұл ойлары “Сен ғылымға”, “Сынатарсың өзіңді”, “Ғылымсыз адам хайуан” т.б. өлеңдерінда анықта, нақты көрініс тапқан. Ол – әйтеуір оқудың жоқшысы емес, сол оқу апарар танымның жол басшысы.
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаңда ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Шәкәрімнің ғылымға үндеудегі мақсаты тым алыста. Ол -алдыңғы толқын қалыптастырған ағартушылық бағытты одан да әрі жетілдірмек ниетте жүрген “Жаңа жолдың басшысы”.
3. Шәкәрімнің төл туынды ретінде саналатын үш поэмасы бар. Олар – “Қалқаман-Мамыр”, “Еңілік-Кебек” (алғашқы аты “Жолсыз жаза, яки кез болған іс”), “Нартайлақ пен Айсұлу”. Бұлардың ішінде “Нартайлақ пен Айсұлуды” Шәкәрімнің өзі көркемдік деңгейі төмен деп бағалаған. Бұл шығармалардың тақырыбы – әйел теңсіздігі. “Қалқаман-Мамыр” мен “Еңлік-Кебек” те өз дәуірлерінің тарихи болмысы ашылады. Бұл поэма 1912 жылы Семейдегі “Жәрдем” баспасынан жарық көрген. Шәкәрім “Еңлік-Кебекті” тікелей Абайдың тапсыруымен жазған. Поэманың жанрын – әлеуметтік дастан деп қарастырған орынды.(бірнеше пікірлер бар)
Ш.Құдайбердиев өлең өлкесінде ғана еңбек етіп қоймай, қазақ прозасына да едәуір үлес қосты. Қазақ әдебиетінде бұрын поэзия, дастан, поэма, өлең басым болса, ХХ ғасырдың басында шын мәнінде көркем проза пайда болып, жедел дамығаны аян. Міне, осы процеске Шәкәрімнің прозалық туындылары - тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары шежіренама “Түрік, қазақ, қырғыз һәм ханлар шежіресі”, “Мұсылмандық шарты” трактаты, “Бәйшешек бақшасы” әңгімелер топтамасы, “Қайғылы роман” деп атаған шығармасы, “Мәңгі сөздер” атта афоризмдер топтамасы, “Шын бақтың айнасы”, “Мен жетпіс екі жасқа келгенше” тағы басқа толғамдары қосылады. Бұлардың әр қайсысында өзіндік идеялық-көркемдік салмақ бар. Бірде адам болмысын, тағдырын жан-жақты суреттеуге тырысуы, бірде күнделікті өмір құбылыстарының кейбір көріністері, сыр-сипаттары арқылы толғамды ой жүйеленуі кездеседі. Ш.Құдайбердиевтің баспа бетін көрген әңгімелері көп емес. Бірнешеуі кейін ақталған соң ғана газет-журнал беттерінде жарияланды. Шәкәрімнің көлемді шығармасы “Әділ мен Марияға” қарағанда, әңгімелері шығыстық мазмұнда, халық ауыз әдебиетінің үлгісімен ғибраттық-дидактикалық сарында жазылған. Бұлар – идеясы мен мазмұны үндес, бір қолдан шыққан дүниелер. Шәкәрімнің қай әңгімесін алсақта өзіндік бір ерекшелік – шағын ғана оқиға, аз сөзден ғибраттық үлгі алатын қорытынды жасап отыруы. Бұл – аңыз-әңгімелерге, шешендік сөздерге тән қасиет. Асылы, авторлық аңызәңгімелер, шешендік сөздер, ғибраттық әңгімелер ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің табиғи байланысын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Ш.Құдайбердиевтің өмірі, мол әдеби мұрасының мазмұны мен жанрлық түрлері, бағыт-бағдарлары мен әдіс-өрнектері тірі кезінде де, кейін де зиялылар назарында болған. Бірақ, ұзақ жылдар бойы жеке басқа табынушылық салдарынан халық еншісіне айнала алмаған Шәкәрім шығармалары зерттелмей, өз бағасын ала алмай келгенді. Кейінгі кезде Шәкәрім шығармашылығына қатысты біраз ғылыми зерттеулер дүниеге келді. Қашанда ұлы жанның жарығы өз айналасынан алысқа түсері белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет