Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі



бет2/3
Дата06.10.2023
өлшемі28,54 Kb.
#113272
1   2   3
Ол ел ішіне оралып, айналасындағы жаңалықтар мен өзгерістерді қуана жырға қосады. Баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жариялайды, көсемсөзші ретінде заман жаңғыруына жалынды үнін қосады.
Шәкәрім өмірінің соңғы жылдары Шақпақтағы саятқорада өтеді. Сонда жүріп 1931 жылы қазанның 2-сі күні қайғылы қазаға ұшырайды.
Қазақстанда 20-шы жылдардың аяғында басталған ашаршылық пен ауыртпалық, асыра сілтеушілік бірте-бірте әділетсіз жазалауға қуғын-сүргінге ұласты. Осы тұста Шәкәрімнің есімі мен шығармашылық мұрасы да асыра сілтеудің құрбаны болды.
Шәкәрімнің қазақ әдебиетінің тарихынан алатын орны, оның Абай негізін салған реалистік әдебиеттің дәстүрлерін жалғастырудағы ролі жайында тұңғыш ғылыми пікір айтқан адам – М.Әуезов. Абай шығармашылығын зерттеу, оның өмірбаянын жазу барысында М.Әуезов Абайдың әдеби мектебі, тәлім алған шәкірттері жайында үнемі айтып отырған.Отызыншы жылдары ол «Әдебиет журналында» жарияланған «Абайдың ақындық айналасы» атты мақаласында Шәкәрімнің әдебиеттегі орнын айқындап берген болатын. Шәкәрім шығармашылығына жанашырлық танытып, жекелеген шығармаларын жариялауда, ақын жайында салиқалы пікір білдіруде көрнекті ақын Сәкен Сейфуллиннің еңбегі ерекше.
Абай маңында шоғырланған, ұлы ақынның тікелей қамқорлығын көрген талантты жастар шығармашылығын зерттеуде, оның ішінде Шәкәрімнің шығармашылық өнерін оқырманға танытуда белгілі ғалым Қайым Мұхаметханов көп іс тындырды. Аталған мәселе төңірегінде дау-дамай өршіп тұрған жылдардың өзінде де «Абай төңірегіндегі ақындар» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбекте белгілі себептерге байланысты Шәкәрім шығармашылығына қатысты пікір болмағанымен ғалымның бұдан кейінгі жұмыстарында Шәкәрім мұрасы айрықша орын алды. «Қазір әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін. Өйткені ол Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда – бірегейі» - дейді Қ.Мұхаметханов.
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген белгілі ғалым Ы.Дүйсенбаев Шәкәрім жайында қысқаша әдеби энциклопедияда мақала жариялады.
Шәкәрім шығармашылығын танытуда көп еңбек сіңірген ғалым – М.Мағауин. Ақынның «Жолсыз жаза» жинағына жазған мақаласында және сондай-ақ Шәкәрім есімі жаладан арылмай тұрған кездің өзінде Ленинградта өзінің құрастыруымен басылып шыққан «Поэты Казахстана» атты жинаққа жазған мақаласында ғалым оның ұлттық әдебиетіміздегі салмағын ғылыми тұрғыда саралап береді.
Белгілі философ ғалым К.Бейсембиевтің 1961 жылы жарық көрген «Идейно-политические течения в казахстане конца ХІХ – начала ХХ века» атты кітабында Шәкәрімнің дүниетанымына, философиялық ой-тұжырымдарына қатысты арнайы тарау бар. Өкінішке орай, бұл зерттеуде ақынның шығармашылық мұрасына деген сыңаржақ, солақай көзқарас басым.бірыңғай қаралау ниеті үстем, обьективті дәлелдер аз.
Қазақ әдебиетіндегі трагедия жанрын зерттеуге арналған «Трагедия табиғаты» атты еңбегінде белгілі ғалым Р.Нұрғали Шәкәрімнің «Еңлік –Кебек» дастанын оның әр кезеңде жазылған өзге нұсқаларымен салыстыра қарастырады. Ө.Күмісбаевтың «Казахские и персидские-арабскик литературные связи» деген еңбегінде Шәкәрім жырлаған «Ләйлі –Мәжнүн» жайында сөз болады.Белгілі әдебиеттанушы ғалым Балтабай Әбдіғазиев «Асыл арна» (Абай дәстүрі және Шәкәрім) еңбегінде Шәкәрім шығармашылығына кеңінен зерттеу жазған.
2. Шынайы сезім, шыңырау ойға толы Шәкәрім поэзиясының кәусар бұлағы, бастау алған қайнар көзі ұлы Абайдың құдіретті жыры, ол бастаған реалистік дәстүр болды. Ол заңды да, өйткені Шәкәрім Абайдың замандасы ғана емес, әрдайым жанында болып, тағлымын алған талантты ақын інісі, ұлы ойшылдың маңайында топтасқан талантты жастар шоғырының шоқтықты өкілі еді.
Шәкәрімнің Абайдан тәлім алған шәкірт екендігін, ұлы ақын дәстүрінің тұңғыш жалғастырушыларының бірі болғандығын алғаш рет ғылыми негіздеп берген М.Әуезов болды. Ол өзінің 1934 жылы жазған «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында ұлы Абайдың маңына топтасқан талантты шәкірттер жайында айта келіп, «Мұндай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай мен Мағауия Абайдың өз балалары. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері», – дейді.
Ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ерекше ықыласын сезіне жүріп қалыптасқан Шәкәрім о бастан-ақ ақындық өнер жолындағы өзінің биік нысанасын, асыл мұратын жете түсінді, лирикалық поэзияны айрықша қастерлі дүние деп есептеді. Оның болашақтағы шығармашылық өсу жолына үзілмес желідей болған идея да осы сезімнен туды. Халқының мұңын жырлау, бүкіл әлеуметтік мұратын көздеу, адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді бағалау оның лирикалық шығармаларының тақырыптық аясын айқындап берді.
Шын мәнінде Абай мен Шәкәрім арасындағы қаламгерлік тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан Абай тәрізді Шәкәрімнің лирик ақын ретінде өсу эволюциясының өн бойында жеке адамдағы ұсақ-түйек міндерден бастап сол кездегі саясат сияқты күрделі ұғымға дейінгі мәселелердің бәрі қамтылған. Қандай ақынның болсын поэзиясында өзі ғұмыр кешкен кезеңнің сыр-сипаты, ақыл-ойы мен болмыс бітімі тұжырым табады. Шәкәрімнің реалистік лирикасына да осы сипатта анықтама берген жөн.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап күрт алға басқан ағартушылық ой-сананың өрістеуі Абай арқылы қазақ поэзиясына азаматтық ой-толғанысты әкелген болатын. Шәкәрім де ұлы ұстаз ұстанған осы бағытты дамытты. Азаматтық поэзияға тән биік асқақтық, өмір құбылысына терең үңілген таным-толғам Шәкәрім өлеңдерінің басты идеялық тұғырына айналды.
Шәкәрімнің реалистік бағыттағы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет