Шәкіртақылық байқауының ережесі І. Жалпы ереже



бет3/5
Дата15.03.2023
өлшемі93 Kb.
#74638
1   2   3   4   5
Байланысты:
erezhe 4

yessenovfoundation.org - Қор сайтында онлайн-өтінімді толтыру қажет;

  • Өтінімге келесі құжаттарды тіркеу керек:



    Міндетті құжаттар:

      1. Жеке куәліктің скан-көшірмесі;

      2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. Эссе 750 сөзден аспауы керек (тек өңделетін Microsoft Word құжатында жіберіледі );

      3. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес); Балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;



    Қосымша құжаттар:

      1. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;

      2. Әлеуметтік белсенділік/Еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;

      3. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.

      4. Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі) - 1 құжаттан көп емес.



    *Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеу алуы қажет.

    3.6. Өтінімдер Қор сайтында: yessenovfoundation.org, 2023 жылдың 30 қаңтар мен 02 наурыз аралығында қабылданады.


    Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша 2023 жылдың 02 наурыз 15:00-де аяқталады.
    Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

    3.7. Байқауға қатысу үшін өтінімді тапсыра отырып, студент автоматты түрде жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін береді.


    3.8. Шәкіртақы атаулы болғандықтан бір студенттен келесі студентке берілмейді.


    3.9. Құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші бағдарламаның мақсаттарын қуаттайтынын және өзінің осы Ережеде көрсетілген шарттармен толық келісетіндігін, орындауға дайын екендігін білдіреді.


    3.10. Өтінімдер 2 (екі) тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.




    3.11. Қор ізденушілер бойынша өзі қабылдаған шешімдердің себептері туралы түсіндірмелер бермеу құқығын өзіне қалдырады

    3.12. Егер сараптама комиссиясы осындай шешім қабылдаған жағдайда, Қор мәлімделген 20-дан аз немесе көп грант беру құқығын өзіне қалдырады.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет