Схемотехника


 Дәріс. Адресация және  командалар



бет35/36
Дата25.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#32208
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
13 Дәріс. Адресация және  командалар

 

Команда – бұл МП белгілі әрекеттер орындауға мәжбүр ететін екі сөз. Командалар жиыны – МП орындай алатын барлық командалар жиынтығы. Команда екі бөліктен: операция кодынан (коп – opcode) және адрестен тұрады. ОПК басқару сызбасына «не істеу керек» және есептегіш командалары үшін командалар ұзындығын хабарлайды; ал адрес осы операцияға қатысатын  мәліметтердің орнын көрсетеді. i8085 сериясы микропроцессорлар үшін командалар жиыны 75-80 команданы құрайды. Командалар саны ОПК санынан едәуір көп, себебі командалар құрған кезде операцияның сол бір коды түрлі адрестеу әдістерінде қолданылуы мүмкін. Қысқаша әріптік белгілеу ОПК адресті  сандық жазу формасы түрінде жазу ассемблер бағдарламалау тілі деп аталады. Ассемблердің бағдарлама-трансляторы ОПК мнемоникалық белгілеуін машиналық код деп аталатын сәйкес екілік кодтарға түрлендіреді.  МП әртүрлі ұзындықты командаларға ие: 1, 2 немесе 3 байт. Мәліметтерге қарау типін адрестеу тәсілі деп атайды.



Адрестеу әдісінің келесі түрлері болады:

- анық емес – ақпарат көзі мен қабылдаушы адресі бірбайттық командада анық емес көрсетілген. Мысалы, В регистрінен А регистріне (В → А) жіберу командасы.  MOV A, B – opcode = 78h – СУ жіберуге арналған команда коды; 111- А регистр адресі, 000- В регистрі адресі;

- тәуелсіз – ОПК әрқашан команданың бірінші байтында орналасады, ал одан кейін тікелей командаға байланысты 2 немесе 2 байтты алатын мәліметтер жүреді.  MVI A, 6Dh 3E – КОП,  6Д – мәлімет (сан), 6Д санын А регистріне жіберетін екібайттық команда (6Д → А), жадыда екі торшаны алады;

- тура  – ОПК-дан кейін жады адресі немесе кіріс/шығыс құрылғысы (интерфейсі) орналасады, яғни адрес команданың өзінде көрсетіледі. STA 83F8 – А регистрін 83F8 адресі бойынша жады торына жіберетін үшбайтты команда. 32 (КОП) – F8(мл.байт) – 83(ст.байт);

- жанама – бірбайттық  команда, жадыдағы мәліметтер адресі бар регистрлік жұбының (HL, SP) ОПК-да көрсетілетін.

MOV A, M   - 7Eh – ОПК, адресі HL  регистрлік жұбында орналасқан жады  торынан қайта жіберу (көшіру).

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет