Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет16/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   123
Қызыл жебе
болыстан іргесін аулақ салып көріп-ақ еді, тұзаққа қайта келіп 
түсті.
– Бір қойдың құны желеу болды. Қойды қойшы, Саймасай өз 
жерінен қуады. Қайда барып сияды? Түлкібас дарбазасы жабық. 
Мерке мен Жуалыдан мекен табылмады.
Жеті шоқылы Талғардың алпауыт шыңы Жаңғырық тынбасы 
алтынмен булағандай балқып, айналасын адасқақ алау шалып
толықсыған ай кербез көтеріліп келе жатты. Жайшылықта 
көзге ілінбей тұрған кілегей кірбің бұлт абайлап қана алтын 
жалатқандай айдарлана берді. Ай құлақтанып көтерілді.
Ай сәулесі сайдан шығып, жазыққа ілінген Рысқұлдың кіршең 
ақ қалпағын да шалып қалған. Шабдар да қылаң, сұрқай шекпен 
де қылаң. Түлкібастан қалған жалғыз белгі – ақ қалпақ та қылаң. 
Жазыққа ылдиланған сайын жон-арқадағы Талғар асқақтап
айбындай түседі.
Рысқұл қазір тауфихсыз жорыққа шығып бара жатып, 
артына қарап, Ай нұрына малынып манаураған Талғарды көріп, 
былтырғы оқымысты орыспен соның шыңына шыққаны есіне 
түсті. «Ол да бір бақытты күндер екен-ау, адал, ақ жол еді ғой» 
деп күрсінді.
Содан соң ыңылдап, өзінің құранындай көретін жалғыз ауыз 
өлеңін айтты.
* * *
«Қызыл Жебе», – деп күбірледі. Рысқұл, осыдан жолы болып, 
Қызыл Жебе тақымына бір тисе, атасына нәлет, тас басып, тау 
асып, Ақсу-Жабағылыға бір-ақ тартып кеткісі де келді, Ақсу-
Жабағылы есіне түскенде ілуде бір жігері құм болып, көзіне жас 
келіп қалатын ауруы тағы ұстады.
Бірақ Түлкібастан өзі бастап алып келген арық-тұрақ ағайынды 
қайтеді? Байлығына емес, батырлығына қызығып қыздай 
қосылған Ізбайшаны қайтіп қалдырады? Мен Қызыл Жебемін! – 
деп анда-санда саңқ ететін Тұрарды қайда қалдырады?
Өткен күзде Майлыбайдың асы болды. Ac болғанда – шығысы 
албан, суан, қызай, түстігі – Алатаудың ар жағындағы қырғыздар, 
батысы – шапырашты, дулат, жалайыр, терістігі – Аягөз, Ақсудан 
бергі арғын, найман қатысқан ұлан ас болды.


34
Қызыл жебе 
Рысқұл Шолақ Шабдарды ерттеп, Қаракемер, Шелек жағына 
жиналғанда Тұрар бұрын байқалмаған мінез танытты. Бұрын 
қанша сапарға аттанды – ала кет деп айтпаушы еді. Әйтеуір сол 
жолы қатты қиылды. Баланың көңілін жықпай, Шолақтың артына 
мінгестіріп ала кетті.
Шымалдай құжынаған қалың халықтың арасында адасып 
кетеp деп, Рысқұл баласын жанынан бір елі тастаған жоқ. Ас 
қызығы – алпыс шақырымға айдаған ат бәйгесі еді. Жебе сол 
бәйгеде аққан жұлдыздай алдымен келіп, даңқы бұрынғыдан 
бетер шарықтап кетті. Астын үшінші күні көкпар тартылды. 
Әсіресе көкпар дегенде делебесі қозып кетіп Рысқұл Тұрарды 
арқасына жәрбитіп жабыстырған күйі, доданы айналшақтап, 
қызыл майданның қызуына өзі түспесе де, қараптан-қарап жүріп, 
қиқулап қояды.
Дода - арасы екі-үш шақырымдай екі төбенің ортасында 
басталды. Өрдегі Сазтөбе – Саймасай ауылының мәресі. 
Ылдидағы Кесіктөбе – Тұқымбай ауылының мәресі. Саймасайдың 
Күрең Қасқасы додашыл мал еді. Күрең Қасқадағы Мақаш палуан 
көкпарды қатарынан екі рет апарып салғанда Тұқымбай түтігіп, 
сақалын жұлып, жер сабалады. Саймасай сақ-сақ күліп, айбыны 
асты.
Ызаға булыққан Тұқымбай көкпарға Қызыл Жебені қос деп 
бұйырды жігіттеріне. Қызыл Жебе додаға жоқ еді. Бірақ додадан 
шыққан Мақаштың Күрең Қасқасын адым аштырмай қуып 
жетеді. Амал не, үстіндегі жігіт Мақаштың тақымындағы тайдай 
серкені сілкіп ала алмай ажырап қала берді. «Ой, әттесі-ай! Ой, 
қайран Қызыл Жебе-ай!» – деп жұрт санын соғып, аһ ұрады.
Көкпардың желігі қыспасын, бір қысса адамның екі көзіне 
қан толып, ертеңін ойлап жатпас. Рысқұлды желік жеңді. 
Саймасайдың сойыл соғары екені есінен шығып, Қызыл Жебенің 
бір ездің астында көрер көзге қор болғанын көріп, Шолақ 
Шабдарды тебіне түсіп, кимелеп Тұқымбайдың алдына барған.
– Уа, Тұқа, Қаңлы, Жаныстың емес, Қызыл Жебенің намысы 
үшін, мына мен қалысқа рұқсатыңды бір берші, мен көрейін, –
деді.


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет