Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет18/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
адасып қалатынын бала көңілмен, көмескілеу болса да аңдады. 
Егер әлгінде Рысқұл көп көрерменнің бірі болып, бұғып тұра 
берсе, мақтанышқа мастықтан Мақаштың екі көзінің еті өсіп, 
есіріп кетер еді.
Тұрар сонда қорқақ болмау керек екенін, адал айқасқа 
аянбай түсу керек екенін сұңғылалықпен емес, бала түйсігінің 
алғырлығымен сезінді.
Қызыл Жебе мен Рысқұл Тұрар оқыған өмір атты қалың 
кітаптың бір парағы.
Бірақ бұл құдірет аямай төге салған ағыл-тегіл қуаныштың 
арты ұлы жанжалға ұласа жаздады. Әлбетте, әуелі Саймасай 
салды сойқанды. Рысқұлға:
– Сатқынсың! Қарақшысың! Тауфихсыз кірме итсің! 
Құртамын да жоямын! – деді.
Бурадай бұрқылдап Мақаш қамшы үйіріп ұрмақ болды. Қанды 
жағы Рысқұлды жақтап, олар бір бүйірден килікті.
– Айып менен, алдияр! – деп Рысқұл Саймасайдың алдына 
қол қусырғанмен, болыстың көкірегіне қан қатып қалды.
– Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын деген 
қайда? Рысқұл исі дулаттың намысын емес, тұлпар тұяғының 
намысын Қамбар ата аруағын, ас-жиынның, ойын-тойдың 
намысын қорғады. Оған сенін нең кетті, болыс! Кірме деп қорлай 
берсең, мен-ақ сыйдырып аламын, Шымыр дулат маған да алыс 
емес! – деп Тұқымбай дәуірледі.
Астан қайтқалы Қызыл Жебе Саймасайдың көз алдында 
ойнақтап тұрды да қойды. Түнде кәдімгідей түсіне кіреді. Түсінде 
оны біреулер беліне қырық құлаш арқан байлап зынданға түсіреді. 
Зынданның бір түкпірінде Қызыл Жебе құлағын жымырайтып, 
артқы аяғын көтеріңкіреп тебейін деп тұрады. Саймасай Қызыл 
Жебенің жанына жолай алмайды. Қырық құлаш арқанның ұшын 
тұзақтап, бұғалық тастамақ еді... ала арқанның өзі ала шұбар 
жылан болып басын қайқаңдатты.
Саймасай бастығырылып барып: «Бісміллә! Бісміллә!» –деп 
оянды.
Тұра тұр, Тұқымбай! – деді болыс. – Сенің жазаң Тау-
Шілмембеттен болсын!


38
Қызыл жебе 
* * *
Айтса айтқандай, Тау-Шілмембет оның құрған тұзағынан 
құтыла алмады. Рысқұл осы келе жатқанда сол ұзын тұзақтың 
бір ұшы өз мойнында, бір ұшы болыс қолында екенін бек сезініп 
келе жатқан.
* * *
Тұқымбай да сезіктенулі болатын. Қызыл Жебенің даңқы 
аспандап кеткен сайын байдан да дегбір қаша бастады. Жүйрік 
аттың иесіне жау көп. Бақ қонған жерге күншілдік үйір болады. 
Аттың иесін табанына таптай алмаған жерде, жүйріктің өзіне 
қастандық жасау қашаннан бар жамандық.
Соны білген Тұқымбай Қызыл Жебенің аяғына жуандығы 
білектей кісен салып, қараша киіз үйдің ішіне кіргізіп, түнде 
табалдырыққа қарауыл қоятын болды.
Рысқұл мұны біледі. Ай үлкен сәске тұсына жетіп, толықсып 
тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен. Жабайы 
алмалы қырқаның етегіндегі жазықта жатқан ауыл ай сәулесімен 
ап-анық көрінді. Қой жатқан қотанды қоршалай тіккен кілең 
қоңыр үйлер. Әдетте бай үйі ақ шаңқан болар еді. Тұқымбай 
қотан үй тікпейді, Тасбақадай тарбиған дәу үй ауылдың ортасын 
ала орналасыпты. Бай мекені сол.
Садақша иіліп орналасқан жайлардың дәл ортасында, қой 
қотанның тура іргесінде жеке бір үй қараяды. Қызыл Жебе сонда.
Төбедегі жабайы алманың тасасында тұрып, Рысқұл төңіректің 
бәрін әбден барлап алды да, Шабдарды талға байлап, ауылға жаяу 
беттеді.
Қотан шетінде қарауыл бар. Қой күзететін аран ауыз барақ 
төбеттер де сол маңда. Қотан шетінен кірмей Рысқұл не де болса 
тура байдың үлкен қоңыр үйінің тұсынан тартты. Үйдің тұсында 
тұрып тың тыңдады. Бүкіл ауылда ояу жатқан бұл кезде бір адам 
болса ол Тұқымбайдың өзі болады. Өзгенің бәрі айлы түннің 
әлдиімен қалың ұйқыға кеткен шақ.
Ұйқысы сергек, секемшіл шал ояу жатқан белгі бермеді. 
Пеш түбінде бұйығып жатқан кәрі мысықтың пырылындай үн 
шығады. «Байдың өзі», – деді Рысқұл. Үйшікте қамаулы қалған 
жалғыз күшіктің қыңсылағанындай бір жалынышты, аянышты 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет