36
Қызыл жебе
тізгінін тартып,
кері бұрылып, қарсыласын қуып көріп еді,
қайдан болсын, Қызыл Жебенің бір бұрқ еткен шаңына көміліп
қала берді.
Сол шабыста Қызыл Жебе Тұрарға жарқ ете қалған найзағай
сияқты көрінді. Қызыл Жебенің желбіреген жал-құйрығы
найзағайдың тарам-тарам бұталарындай жалындап бара жатты.
«О, Қызыл Жебе!» – деген дауыс Шолақ Шабдардың үстінде
отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді.
Қызыл Жебе Кесіктөбеге оқтай атылып, аяғы жерге тиер-тимес
бір-ақ топ етті. Ол шапқанда әлдебір қабылан қарғығандай, яки
көлдегі көкала үйрекке аспаннан қаршыға құйылғандай көрінеді
екен. Әйтеуір қалың халық әлгі жануардың аяғы жерге тиді ме,
тимеді ме, соны байқай алмай «өң бе, түс пе?» деп таң болғаны
ақиқат.
Тұсынан Қызыл Жебе мінген көкесі зу етіп өте шыққанда,
Тұрарға
көкесі ат емес, найзағайға мініп көзілеспей ұшып
өткендей көрінді. «О, Қызыл Жебе!» – деп тағы да тандана
айқайлап жібергенін байқамай да қалды. Өз даусынан өзі
қысылып жан-жағына қараса, жан біткеннің бәрі: «Қызыл Жебе!
Рысқұл! Қызыл Жебе! Рысқұл!» – деп жамырап тұр екен.
Туған баласының алдында беделі жоқ әке сорлы. Рысқұлдың
бағы бар екен. Тұрар оны пайғамбардай сыйлайды. Жер бауырлаған
жеті жасар бала не біледі дейтіндердің соры қалың. «Әке көрген
оқ жонар» болса, сол жеті жастағы
жеткіншек Тұрар туған
әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан
ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін
көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ
жетпесі.
Ал, енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы келбетін
көріп, Тұрардың төбесі көкке жеткендей, аспандағы жұлдызды
қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпардың үстіне құрыш
қонғандай әдемі сурет жас баланың жанын әлдилейді. Рысқұл
садақпен атылған Қызыл Жебенің құрыш ұшындай болып барған,
айтулы палуан Мақаштың тастай тақымын талқандап, көкпарды
тартып алғанда, Тұрар бұл
өмірдің додалы көкпар екенін,
күреспесе, алыспаса адам өз сыбағасынан, бәлкім бақытынан