46
Қызыл жебе
– Ә, болыс, қан шеңгелдеп қалдың ба? Тұра тұр, бұл зілдей
салмақты, ауыр қан текке кетпес, – деді.
Қаталдық пен осалдық қатар жүреді. Өзінің қаталдығын ар
алдында ақтауға осал адам өте шебер. Саймасай мына сұмдықтан
ақталудың, өзіне күнә жолатпаудың себебі деп Қызыл Жебенің
осы ауылдан шыққанын желеу қылады. Тұқымбайға талай сөз
салғанын, болыс басымен тілегі орындалмай сағы сынғанын
бетке тұтады. Әлгіде сескеніп, апырай, бұл қалай? – деп қалса
да, қайтадан қарғыс қайратына мініп алып, қатайып кетті. Қолын
қалың теңге жапыраққа сүрте салып, жалшыларының біріне:
– Әй, су әкел, көргенсіз, – деп зекіді.
Қанды қолды, бетіне баттасып, кеберси қатып үлгірген қара-
қошқыл дақты су тазартқан. Бірақ бір былғаныш сезімді көңілінен
тазарта алмады. Қанша қасамдап жуса да әлгі бәле беті-қолында
әлі жұғып тұрғандай әзірейіл әсерден арылу жоқ. Түптің түбінде
ібілістей күнәні су тазарта алмақ емес. Дүниеде оттан таза нәрсе
жоқ. Қылмысқа қылқынған пенденің күнәсін от
қана тазарта
алар. Сират көпірінен құлап, тозақ отында шыжғырылса ғана
арамдықтан арылар. Соның өзінде отқа күйген бет пен алақанда
мәңгілік қарғыс таңбасындай болып қарақошқыл дақ қалмаса...
Жылқы баласының сұлтаны – Қызыл Жебенің терісі
сыпырылып, түңгі салқынмен буы бұрқыраған еті жайрап қалды.
Етінен жылт еткен май көрінбеді. Кілең қара кесек, тарамыстау
қызылды байқаған болыстың басына
тағы бір сұмдық ой сап
ете түсті. Бұл ойдан ол тіпті бүкіл уайым, сезіктену сияқты
сезімдерден құлантаза жазылып, жадырап шыға келді.
Осы бір қаһар қысқан айлы түннен бір күн бұрын Софийск
станциясының (Талғар қаласы) бір мұжығы болысқа арыз айта
келіп еді. Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. Соны табуға
көмектесіңіз, мырза, – дейді. Болыс орыстың мұжығын:
– Оттама, бізде сенің көтерем атыңды ұрлайтын ешкім жоқ.
Қазақ жылқы алса, ісіне татитындай етіп молынан алады және
алыстан алады. Ауылдасына тимейді, – деп шығарып салған.
Шабармандар жан-жаққа шашырады. Болыс боржық Таубайды
приставқа жіберді. Бір жігітін Талғардағы аты жоғалған мұжыққа
жұмсады. Мақаш пен тағы бір нөкері Қызыл Жебенің етін Рысқұл