Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет21/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
– Оттама, – деді Рысқұлға, – Ақылыңды басыңа шайнап жақ. 
Одан да мына Мақашқа көмектес. Тез! Тез! Таң атып қалады.
– Онда мен бұл масқараңды айдай әлемге жаямын. Бұл мен 
төзетін іс емес! – Рысқұл атының үстіне ширағырақ отырып
Қызыл Жебенің ноқтасына қол соза берді. Бірақ Мақаш қолын 
қағып жіберді.
– Жаярсың, сорлы! Жайып көр! Тісіңнен шығарып көр, 
аяғыңды аспаннан келтірейін. Тұқымбайдың жүйрігін ұрлап 
әкелген мен бе, сен бе? Осыған да миың жетпеді ме, өлер жерін 
білмеген ақымақ!
Mынa сөз Рысқұлдың қос өкпесін бірден тесіп өткен оқтан да 
жаман болды. Ашуланшақ, тар шеке Мақаш та дүңк етіп:
– Шешеңді... Қаңғыбас, болысекеме қарсы келетін сен кім 
едің, – деп Қызыл Жебенің мойнына қыл арқан салып үйдің 
сыртындағы топ шырғанақтың ішіне қарай жетектей жөнелді.
Рысқұл уақытты өткізіп алғанына өкінді. Әлгіде жүйріктің 
ноқтасын сыпыра салып, қамшымен осып-осып жібергенде, 
жануар құтылып кететін еді.
– Уа! Саймасай, қайт райыңнан. Бүкіл тұқым-тұяғыңа кететін 
қатал қарғысқа қаласың. Жылқының сұлтанын сойғанша, мына 
менің қаныма той, – деп Рысқұл атынан аунап түсіп болыстың 
аяғына жығыларман болды. Дабыр-дүбірге қойшы қарауылдар да, 
қоржық сары Таубай да келіп қалды. Өз адамдары көбейгенінен 
дес алған болыс Рысқұлды иығынан теуіп жіберді. Рысқұл 
орнынан тұра беріп, болыстың бетіне тіктеп қарап еді, бетінен 
оты лапылдап тұрғандай екен. Мейірімнен ноқаттай белгі жоқ. 
Кеудесі кеуек, көр сияқты көрінді. Сірә, жүрек жоқ болар.
– Шамаңды біл, Рысқұл! Өзіңді түрмеде шірітіп, қалған 
Шілмембеттің шаңын шығарып, күлін суырып, тентіретіп 
жіберемін. Тіліңді тістеп, тісіңнің арасынан шығарма, білдің 
бе? – Шақар болыстың шоқша сақалы секеңдеп кетті. Енді бұған 
қайырым жоқ.
«Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір 
Аллалап», – деген өлеңді Рысқұл құранның аятындай айтып 
жүрер. Мына болыстан күдерін әлі де үзбей, ақырғы амалын 
айтты:


44
Қызыл жебе 
– Болыс-еке, бауыздатпа. Мен осы атты саған өлтірмей-ақ 
сіңіріп берейін. Мына таудың ішінде жан баласы баспаған жайлар 
бар. Қызыл Жебені сонда сақтайын. Тіпті оған көнбесең қырғыз 
асырып жіберейін, тіпті Қоқан асырып жіберейін. Әйтеуір, 
Тұқымбай таппаса болды ғой саған. Көн мырза. Құлақ ас.
Болыс сәл безірейіп тұрды да:
– Жоқ! – деп басын қатты шайқағанда сақалы селтең ете 
қалды. – Бұл жыннан жаралған жүйріктің даңқы жердің түбінен 
де жетеді. Мұны тірідей жасырып болмайды. Тек көзін жойып 
жіберу ғана – жалғыз жол. Әй, неғып тұрсыңдар, ербиіп, 
албастыға ұқсап. Бар, Мақашқа көмектес. Жылдам жайлаңдар! – 
Болыстың шабармандары зыта жөнелді.
Рысқұлдың атына ыршып мінгенінен сескенген болыс:
– Әй, әзір болыңдар! – деп айқайлады.
Рысқұл Шолақты тебініп қалып, шырғанақ арасындағы 
алаңқайға атырылып жетіп, Қызыл Жебені сауырынан қамшымен 
тартып-тартып жіберіп еді, жануар ышқынып, аспанға бір-ақ 
шапшыды. Бірақ Мақаштың қолындағы қыл шылбыр кеңірдегін 
қырылдатып қысты да, жерге гүрс етіп қайта түсті. Рысқұл 
шылбырға жармаса бергенде, оң иығы опырылып түскендей, 
тұла бойы болбырап, әл-дәрмені кетіп, ат үстінен аунап құлап 
бара жатты.
Боржық Таубай анадай жерде жатқан бақанмен бастан көздеп 
ұрғаны иығына тиіп, мертікті. Талай сойқан соғыстарда бес-
алты адамның сілтеген сойылдарын бойына дарытпай сап-сау 
шығатын Рысқұл қапыда құлады.
– Байлап тастаңдар иттің баласын! – деді асығып жеткен 
болыс шабармандарына. Қазақта не көп, арқан көп, әп-сәтте 
Рысқұлдың аяқ-қолы сіресіп қыл арқанмен байланды да қалды. 
Бақан тиген иығы астында қалған екен, қақсап қоя берді, шекесіне 
шырғанақтың сояудай тікені қадалып, сүйегін тесіп, миына 
сұғылардай бірте-бірте сүңгіп бара жатты.
Обадай дәу Мақаш байлаулы жатқан адамды ақиланып тұрып 
теуіп кеп қалды. Болыс жекіріп:
– Тиме, жетті енді, – деді. – Бұл ит осы күйінде түрмеден бір-
ақ шығады, құдай қаласа. Ал, атты құлатыңдар. Тез бауыздап 


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет