Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет81/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
– Сен бе? – деді Ахат ұп-ұзын сұқ саусағымен Сақан 
палуанның көзін шұқып ала жаздап. – Сен Алсайсың ба? Алсайдан 
аласталғыр. Не бетіңмен аузың барып айтып отырсың батырдың 
күміс ерін! Алсай екенің рас болса, сол күміс ер Алсайыңның пірі 
емес пе, киелі туы емес пе? Оны ояздың астына қайтіп саласың 
қолың барып? Алсаймын дейді, Алсайдан алас кеткір. Шіріген 
жұмыртқасың да сен, намысы жоқ...
– Жетті! – деп Сақан палуан ақырып қалды. Ошақтан аулақ, 
оттың күңгірт сәулесі қараң-құраң жеткен жерде жатқан қара 
есектің қодығы әлгі ақырған дауыстан шошып, орнынан тірсегі 
дір-дір етіп атып тұрды. Шәуілдеп иттер үрді. Қараптан қарап 
тұрып, жөнсіз-жорықсыз сиыр мөңіреді. Ыңырсып бұзауы үн 
қатқанда ғана зеңгі-баба қайтадан күйіс қайырып, пыс етіп бір 
күрсініп, тыншыды.
– Атаңа нәлет, ақымақтар! – деді Сақан палуан орнынан 
қамшының сабына сүйеніп тұра беріп. – Сіңірі шыққан кілең 
қу сирақ! Ел дейді мұны, ел болмай ебелек боп ұшып кеткір. 
Күміс ер сенің не теңің, өңшең сорлы. Қу ағашын құшақтап 
жатыңдар. Қап, бәлем! Тұра тұр! Аяғыма ертең өздерің келіп 
жығыласыңдар. Жығылтар болыс. Жақсылықты білмеген өңшең 
тобыр. Қарақойыннан айдап шықса, қаңғып кетерсің, түге!
Палуан белдеудегі аттың шылбырын дар-дар еткізіп суырып 
алды, құрым киіз шыдамай ыдырап ала жөнелді. Ауыр денесімен 
аунап кеспелтек жуан қара атқа тез мінді.
Қараша үйдің алдындағылар тып-тыныш тың тыңдағандай 
үнсіз отырып қалған. Қара аттың тапырақ шабысынан шыққан 
дүбір едәуір заманнан кейін барып басылды. Шапқан атқа 
шәуілдей қосылған дарақы иттердің маңқылы да тиылды. Тек 
жаңа тауға қарай палуан тасырлата шапқан кезде, үзеңгісіне 
жармаса жарысқан бір төбетті Сақан қамшымен қақ тұмсықтан 
салып жіберсе керек: «қаңқ» етіп қалып еді, сол барақ төбет 
анда-санда әлі қаңсылап қойып жатыр. Айнала төңірек зіл 
тартқан тыныштық құшағында. Әлгі дәу аямайтынын айтып 
кетті. Әркім ойланып қалды. Ертеңгі күн күдікке толы. Жүрегі 
түскір суылдайды. Ошақтағы от әлсіреп, ойнаған шоқтан ажар 
тайды. Қараңғылықтың көкірегінен итеріп жібермей тұрған 


165
Қызыл жебе
жарық тіреу жалп етіп құлағандай көрінді. Қараңғылық қамап 
тұрғанда барып, Қатшагүл үйден өлегізген май шамды тұтатып, 
есік алдындағыларды кешкі асқа шақырды.
Үйдің керегелері дүниенің өзіндей көпті көрген көне еді. 
Дауыл да жыққан, жауын да сіңген. Жосасы кетіп, кәдімгідей 
қарайған. Түйенің терісін тіліп түйген көгі тастай қатып о 
да қарайған. Кім білген, әр жерінде жоса бояу қызғылтым-
қызғылтым боп сақталған да шығар. Бірақ үйдің іші күңгірт, 
содан да қара бояу басым. Қуыс құлақ түңкеге тоң май салып 
мақтадан ескен білтенің бір ұшын сол майға батырып, бір ұшына 
от тұтатып қойған.
Үйде отырғандардың бәрінің көз тоқтатары сол майшам. Ағаш 
келіні төңкеріп, соның үстіне үйдің ортасына қойыпты. Ортада 
бейнебір ауру адам отырғандай, адамдар айнала қоршап соның 
тілеуін тілеп, үзіліп кетпесе екен деп жалбарынып жатқандай.
Қатшагүл берген кеспе көжені бәрі бір қара шарадан айнала 
отырып ішіп болған соң, Ахат бетін сипап бата қылды. Дастарқан 
жиылды.
Тарының енді бір суы қалды, – деді Ахат. – Дән тартып, 
болып-ақ тұр, енді бір су ішсе, құдай берейін-ақ деп тұр. Ал су 
ішпесе, қайдам, күйіп кетер түрі бар. Шиная боп қалар.
– Мына Дауылбайдың әупілдектері ана жолғыдай тағы да 
итше шуылдар. Жөнді су ішкізеді дейсің бе, – деп Рысқұл арт 
жағына бұрылып шырт түкірді. – Оның үстіне мына бір күміс ер 
дегенді тағы шығарды. Өткен жолы да осы ер-тоқымды қалаған, 
былтыр да араға кісі салған. Ұмытпайды-ақ екен, дәйіс!
– Е, бұл ұмытпайды, – деп күрсінді Ахат қос алақанын бір-
біріне үйкеп жүресінен бүк түсіп. – Бұл жаман. Буынсыз жерден 
пышақ салады. Кешегі Қоқан заманында сарттардың бегімен 
қосылып сорушы еді бұның әкесі елді, енді бұл орыстың оязымен 
қосылып ойсыратып барады. Көп асқанға–бір тосқан деуші еді, 
бұларға дауа жоқ екен де, қызталақ. Бірақ су сұрамасқа амал жоқ, 
батырдың ер-тоқымын бере алмаймыз. Сондай тұйыққа тіреліп 
тұрмыз ғой.
– Ау, бұл не өзі! – деп Рысқұл Ахатқа қарай сілкіне бұрылған 
кезде майшам шалықтап сөніп қала жаздады. – Жер Дауылбайдікі, 


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет