Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет101/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
бітірген көрінеді. Демек, жасырын болса да жақсы жандар бар 
ол төңіректе. Ал, Рысқұл, – деп енді Бронников басын жағасына 
тығып  алып  қырын  отырған  жолдасына  бұрылды.  –  Сен  ертек 
дейсің.  Менің  айтқаным  ертек-ақ  болсын.  Сонда  сен  өзің  неге 
патша өкіметінің өкіліне оқ аттың? Осы сұраққа жауап берші.
–  Тергеушіге  бергем  ол  жауапты.  Дәл  осы  сұрақты  онда 
да  қойған.  Сен  де  тергеуге  алайын  деп  пе  ең?  Атқым  келді, 
аттым. Арқардан да оңай аттым. Арқар жарықтық оңайлықпен 
аттырмайды. Ал ана дәйісті еріккенде ата салатын жаман қарақұс 
құсатып  қалбаң  еткіздім,  атасына  нәлет.
–  Неге? Себебі бар ғой. Құрдан-құр ата салмайды ғой адамды, 
– деп енді Бронников төне түсті.
–  Негесі  бар  ма,  қорлады,  жала  жапты,  нақақтан  күйдірді. 
Қанша еңбегім кетті, ақымды жеді. Аш-жалаңаш қалдық. Амал 
таусылды.  Содан  кейін...
–  Ә, солай ма екен? Сонда сенің ақыңды ешкім жемеске, саған 
ешкім қиянат жасамасқа, қорламасқа, аш-жалаңаш болмасқа не 
істеу керек?
–  Не істеу керек? Болыс атаулыны пытырлатып атып тастау 
керек,  атасына  нәлет.
–  Болыстарды  ғана  емес.  Рысқұл,  қоғамдағы  бүтін  үстем 
тапты құлату керек. Сен түсініп отырсың ба, Тұрар? Әлгі Қызыл 
Жебенің  иесі  кім  еді?
–  Тұқымбай.
–  Иә,  Тұқымбай  сияқтылар,  Таубай  старшын,  болыстар, 
ояздар,  губернаторлар,  министрлер,  патша  –  барлығы  құлауы 
керек.
–  Оған  күшің  жете  ме,  байғұс-ау?  –  деп  Рысқұл  әңгіменің 
дәмін  ала  бастады.  Өзі  де  бір  кез  солай  қиялдайтын.  Бірақ  ол 
қиял, бұлдыр сағым сияқты ұшығын ұстатпай, бұлаңдай беретін.
–  Жетеді, Рысқұл, жетеді. Үстем тап – азшылық, ал халық – 
көпшілік.  Көп  көтерілсе,  халық  көтерілсе  оған  шыдайтын  күш 
жоқ.  Әне,  сол  халықты  көтерудің  амалын  ойлап,  пәрменді  әл 
жиюшы, ұйымдастырушы, оларды бес саусақтай жұмылдырушы, 
күреске бастаушы – партия. Енді түсіндің бе?


204
Қызыл жебе 
–  Мейлі, партия, партия. Әлгі болыстардың сайлауында жақ-
жақ болып таласатын қуларды партия деуші еді. Мынауың сол 
сияқты топ болды ғой. Онда Тұқымбай сорлы да партия болды 
ғой.
–  Сенің  айтып  отырғаның  тұрпайы  түрі,  Рысқұл.  Ал  біздің 
партия  жеке  бір  жіктің,  аз  ғана  топтың  мүддесін  емес,  бүкіл 
халықтың  қамын  ойлайды.
–  Ал,  мұны  да  мейлі  делік.  Сонда  партия:  мен,  сен,  Тұрар. 
Енді біз үшеуімізді бастайтын біреу болу керек емес пе? Бар ма 
ондай  адам?
–  Бар-бар, Рысқұл! Бар! Ол – Ленин.
–  Ленин,  Ленин,  –  деп  әлдекімді  есіне  түсіргісі  келгендей 
Рысқұл  мұртын  ұстаған  күйі  тұқшиып  отырып  қалды.
–  Ленин, – деді Тұрар да әлгі есімді қайталап. Неге екенін өзі 
де  білмейді,  бірақ  Ленин  ең  жақын  адам  сияқты  елестеді.  Тегі 
Ахат атасындай да көрінеді. Басынан сипап, маңдайынан иіскеп, 
шыр  етерін  осының  аузына  тосып,  құрбандық  болып  кетуге 
дайын тұрушы еді сол қарт.
Сонда  Тұрар,  әрине,  енді  он  бес  жылдан  кейін  Ленинмен 
жүзбе-жүз кездесіп, оның алдында отырып, үнін есітіп, дидарын 
көретінін, әрине, сезген де жоқ, білген де жоқ. Ал арада он бес 
жыл өткен соң, мың да тоғыз жүз жиырмасыншы жылдың жазғы 
тұрымында Лениннің қабылдауында отырып, Ленин деген есімді 
тұңғыш рет тас түрмеде, Александр Бронниковтен естігенін есіне 
алар.
* * *
Ертеңіне камераға сұңғақ бойлы, қара-сұр қазақ жігіт келді. 
Тас  іннің  ала-көбеңінде  бөтен  адамды  жіті  тани  алмай  қалған 
Рысқұл  оның  бетіне  үңіліп:
–  Әй, сен әлгі тілмаш бала емессің бе? – деді.
–  Иә,  сізбен  тергеуде  кездесіп  жүрміз  ғой.  Немене,  өз 
тілмашыңызды танымай қалдыңыз ба? – деп жігіт ықпай сөйледі. 
Отырар  жер  таппай,  жан-жағына  қарады.  Есікті  тарсылдатып, 
надзирательді  шақырып,  кішкентай  орындық  алдырды.
–  Менің  аты-жөнім  –  Боташ  Шоқұлы.  Округтік  сотта 
тілмашпын. Мені сізге адвокат етіп бекітті. Сізде тергеу аяқталып 


205


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет