Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет109/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

үшін  Жылқайдаровтың  екі  түрде  түсірілген  үш  фотосуретін 
жеткізіп  беруіңіз  керек.
Вице-губернатор Осташкин».
деп қол қойып, гербілі мөр басып, көмекшісі арқылы поли-
.цмейстерге жедел жөнелтті
XIII
Верный полицмейстрі Верный облыстық түрмесінің бастығы 
Приходькоға  жедел  нұсқау  жолдап,  Рысқұлды  тез  комиссияға 
жеткізуді талап етті. Сонымен тұтқын анықтау комиссиясының 


219
Қызыл жебе
алдында  тұр  еді.  Анықтама  жасау  актісіне  вице-губернатор 
Осташкин бас болып, округтік прокурор, Жетісу облыстық бас 
дәрігері, оған көмекші екі дәрігер, Верныйдың учаскелік дәрігері, 
Ұзынағаш станциясының учаскелік және облыстық басқарманың 
кеңесшісі  қатысты.
«Бұлар мені тағы тексере ме, қайта соттай ма? Мұнша адам 
жиналғаны несі, атасына нәлет», – деп Рысқұл секем алып қалды. 
Вице-губернатордың  ишарасы  бойынша  айдауылдар  Рысқұлды 
шешіндіре бастады. Ішкі жейдесіне дейін шешті. Енді дамбалын 
шеше бастағанда Рысқұл әлгілерді итеріп-итеріп тастады.
–  Атасына нәлет, тірідей қорлағандарың аз ба еді!
Вице-губернатор  округтік  соттың  тілмашы  Шоқұлын 
шақыртты. Әнеу күні сотта өзін қорғап сөз сөйлеген қияқ мұртты 
қазақ жігітін көріп, Рысқұл өз баласын көргендей қуанып кетті.
Вице-губернатор Боташ Шоқұлына істің мән-жайын түсіндірді. 
Шоқұлы Рысқұлдың қолын алып амандасты:
–  Отағасы,  тәртіп  солай,  тыр  жалаңаш  шешініңіз.  Бұлар 
ерекше  белгілеріңіз  болса,  соны  жазып  алады.  Ссылкаға 
айдалатындарды сөйтіп тексереді. Оған шамданбай-ақ қойыңыз, 
–  деп  арқасынан  қақты.
–  Дені дұрыс па, атасына нәлет. Менде қандай ерекше белгі 
болмақ? Елдің еркегінікі қандай болса, менікі де сондай. Әбиүрді 
білмейтін неғылған имансыз еді, түге.
–  Ештеңе етпейді, отағасы. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ұсақ-
түйекке  бола  ерегісе  бермеңіз.  Ісіңізді  қиындатып  жібереді.
–  Мейлі,  атасына  нәлет.  Бірақ  ана  әйнек  көз  дәу  қатынды 
шығарып  жіберсін.
Тілмаш  орысшалағанда  отырғандар  күліп  жіберді.  Бәрі  әлгі 
әйел  дәрігерді  әжуалап,  тиісе  бастады.
–  Иә,  бұл  түземдерде  әлі  табиғи  ұят,  әдеп  сақталған,  –  деп 
сөзін салмақтап вице-губернатор жұрттың әзіл-оспағын тоқтатты. 
– 
Маргарита Васильевна, сіз шыға тұрыңыз. Түземдердің әлі 
бұзылмаған  әдетімен  санаспауға  болмайды.
Жуан  сары  дәрігер  әйел  иығын  қиқаң  еткізіп,  шығып  бара 
жатып,  Рысқұлға:
–  Сеники қорқақ, – деп кетті.


220
Қызыл жебе 
–  Ананы  қарашы,  бұлғаңдауын  қарашы,  ұялмастан 
отырмақшы  осында,  нешауа,  маржа,  нешауа,  –  деп  Рысқұл  да 
күліп  жіберді.
Комиссия  ғылымға  әлі  белгісіз  бір  ерекше  жанды 
тамашалағандай  жалаңаш  Рысқұлды  жан-жақтан  зерттей 
бастады. Тексерушілердің айтқанын хатшы қағазға түсіріп отыр:
«Статьялық тізім № 1
Жетісу  облыстық  басқармасында  толтырылды.  30  октябрь, 
1905  ж.
Жылқайдаров Рысқұл. Ұлты – киргиз (қазақ)
Жасы – 45
Бойы – 2 аршын 48/8 сүйем.
Дене бітімі – мығым.
Көзі – қоңыр.
Бетінің түсі – қара торы.
Шашы – қара, аздаған ағы бар.
Сақал-мұрты – қара.
Құлағы – орташа, сопақтау, түгі майда, сырғалығы салбыраңқы, 
әжімді, шұңқыры үлкен, тереңдеу.
Ерекше белгісі: сол құлағы оң құлағынан кішкенелеу.
Алдынан қарағанда құлақтары қалқаңдау.
Маңдайы – жазықтау, терең қос әжімі бар.
Қабағы – орташа, қату.
Мұрны – орташа көлемді, кеңсірігі батыңқы емес, үсті аздап 
дөңестеу.
Шықшыты – түзу.
Тісі – түгел, қатты.
Ерекше нышандары:
Басының құйқасында үш тыртық бар.
Сірә, соққыдан түскен.
Оң иығында бір сүйем тыртық бар. Сірә, соққыдан түскен.
Оң  аяғының  тізесінен  жоғары  тыртық  бар.  Сірә,  соққыдан 
түскен. Сол жақ қабырғасын ала бір қарыстай ұзын тыртық бар. 
Сірә,  соққыдан  түскен.
–  Мынаның сау жері жоқ қой. Тұлабойы сойылдың ізі, – деп 
қалды  комиссияның  бір  мүшесі.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет