Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет122/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Қызыл жебе 
–  Музыкаға  тілдің,  тілмаштың  керегі  жоқ,  жақсы  музыка 
кімге  болса  да  түсінікті,  –  деді  қыз  қазақ  әуенін  бірден  ұғып 
алғанына  қуанып.
Хат  танымайтын  Рысқұлға  қатын-баламды  өзіммен  бірге 
ала  кетемін  деп  арыз  жазып  бергені  үшін,  түрме  бастық 
Александр Бронниковты қайтадан саяси тұтқындар камерасына 
ауыстырған. Әу бастағы үміті ақталмады. Бір камераға діні басқа 
орыс  пен  қазақты  қатар  жатқызып,  ырылдастырып  қоймақшы 
еді,  қайта  бұлар  бірі  нағашы,  бірі  жиендей  бауырласып  кетті. 
Рысқұлды  қойшы,  ол  енді  қақпанға  түскен  қасқыр,  бүлікшіл 
Питердің  бұзығы  бала  Тұрарды  большевиктердің  идеясымен 
ауыздандырып  жүрер  деп,  Приходько  кәнігі  революционердің 
іргесін аулақ салған. Бірақ ақылы түстен кейін кірді. Приходько 
Тұрардың  санасын  шіркеудің  шырмауығымен  шатыстырамын 
деп жүргенде, Бронников Лениннің есімін оның балғын жүрегіне 
жазып  қойған.
Приходько  Тұрарға  бір  емес,  екі  мұғалім  тауып  бергенін 
де  білген  жоқ.  Бірі  -  өзінің  қызы  Наташа  да,  бірі  –  Александр 
Бронников. Наташадан Тұрар орыстың тілі мен әліппесін үйренсе, 
Бронниковтен  өміртану  ғылымынан,  қоғамтану  ғылымынан 
ауызданып,  сауат  алды.  Наташадан  ол  Пушкиннің  атын  есітті. 
Бронников  арқылы  Ленин  есімі  жатталып  қалды.
Аркаша  мен  Наташаны  Тұрар  күймеге  салып,  гимназиядан 
алып қайтқанда, Наташа Тұрарды жібермей, екеуі отыра қалып, 
Пушкиннің ертегілерін оқушы еді. Бір күні Наташа Пушкиннен 
«Тұтқын» деген өлең оқыды.
«Сижу за решеткой в темнице сырой.
Вскормленный в неволе орел молодой.
Мой грустный товарищ, махая крылом,
Кровавую пищу клюет под окном.
Клюет и бросает, и смотрит в окно.
Как будто со мною задумал одно.
Зовет меня взглядом и криком своим
И вымолвить хочет: «Давай, улетим!
Мы вольные птицы: пора, брат, пора!
Туда, где за тучей белеет гора,


245
Қызыл жебе
Туда, где синеют морские края,
Туда, где гуляем лишь ветер... да я!..».
–  Тұра  тұршы,  Наташа!  –  Тұрар  қараторы  жүзіне  қан 
шапшығандай  күреңітіп.  –  Ол  менің  көкемді  қайдан  біледі?
–  Кім? – деді Наташа түкке түсінбей, шашыраңқы гүліндей 
көгілдір  көздері  таңдана  кең  ашылып.
–  Пушкин. Мынау жазып отырғаны менің көкем той. Жуан 
темір тордың ар жағында, дымқыл түнекте отырған менің көкем. 
Ол темір торға мұңая қарағанда:
«Әттең,  қанат  бітіп,  мына  тесіктен  ұшып  шығып,  ақбас 
шыңдарға,  тек  самал  ескен  кең  дүниеге  кетсек»,  –  дегендей 
болып  отырады.
–  Ой, Тұрарка! – деп күліп жіберді Наташа. Үні ботақанның 
мойнындағы  күміс  қоныраудай  сыңғырлайды.  –  Пушкинді 
алдақашан  атып  өлтірген.  Ол  сенің  көкеңді  қайдан  білед?
–  Жоқ,  Наташа.  Мынау  менің  көкем  туралы,  –  деп  Тұрар 
көнбеді. Көнгісі де, сенгісі де келмеді. Пушкин оның санасына 
пайғамбар  болып  енді.
–  Енді  көкемді  алысқа-алысқа  алып  кетеді.  Ол  жақта  жаз 
болмайтын  көрінеді.  Шанаға  ит  жегіп  жүреді  екен.  Ақ  аюы 
болады екен. Ал, менің көкемнің жыртық шекпенінен басқа киімі 
де  жоқ,  –  деп  мұңайды  кенет.
Наташа өзінің кішкентай досын аяп кетті. Оның қам көңілін 
немен  көтерерін  білмей,  қайтіп  қана  көмектесерін  білмей 
қиналды. Жүгіріп асүйге барып, ішіне алма салып пісірген аппақ 
нан  әкеліп:
–  Мә, Тұрарка, – деді.
Тұрар нанды қағазға орап қалтасына салды.
–  Жесеңші, – деді Наташа көкшіл көздері мейірленіп.
–  Көкеме  апарып  беремін.  Мүмкін,  оны  таяуда  әкететін 
шығар.  Жолға  азығы  да  жоқ.
–  Бишара Тұрарка, – деп Наташа баланың қап-қара шашынан 
сипап қойды.
Кенет Наташа бөлмесіне Приходько мырзаның өзі кіріп келді. 
Қорқып  кеткен  Тұрар  орнынан  ұшып  тұрды.  Ұрлық  қылған 
адамдай,  қалтасындағы  нанды  сипалады.


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет