Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет29/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   125
Қызыл жебе 
Айдауыл  аяғы  талғанша  қаққан  қазықтай  қозғалмай  тұрады, 
ақыры  шыдамы  таусылған  соң  ұятты  былай  жиып  қойып, 
сықырлауық  есіктің  саңылауынан  сығалап:
–  Өліп қалдың ба? Әлде шұқырға құлап кеттің бе? Шық уақыт 
бітті алдақашан! – деп ақырады.
–  Е, алла, мұндайды көрсеткеніңе де шүкір, – дейді тұтқын 
айдауылдың  жынын  қоздыра  түсіп.  –  Мына  менен  гөрі  сен 
сорлының  көрген  күнің  де,  адам  басына  бермей-ақ  қоятын 
тіршілік-ау,  –  деп  қояды  айдауылға.
Бір  күні  кешкі  дәреттен  қайтып  келе  жатып,  қарауытқан 
қаудың  қасынан  өте  бергенде,  әдетінше  жолдан  шығыңқырап, 
қияс басқанда оң аяғының тұмсығы әлденеге тірелгендей болды. 
Еңкейіп қарамай, тек көзінің қиығын салып еді, үшкір бірдеңенің 
ұшы қылтиып жатыр екен. Тоқтамай, сыр бермей өтіп кетті.
Келесі күні таңертеңгі дәретке бара жатып, кешегі қылтиғанды 
сол  аяғының  тұмсығымен  тағы  бір  түртіп  өтті.  Жерге  кіріп 
жатқан темір екен. Қайтар жолда тағы бір түртіп өтті. Істік темір 
босаңқырап  қалды.
Сәл  еңкейсе  қолмен  суырып-ақ  алатын  нәрсе.  Амал  нешік, 
еңкеюге  жол  жоқ.  Еңкеймек  тұрғай,  сәл  бұрылсаң  айдауыл 
секем алып қалады. Еңгезердей шомбал палуан жалт беріп, бір 
ұрып құлатып, құтылып кете ме деп қорқатын да шығар, әйтеуір 
Рысқұлдың  әрбір  адымы  аңдулы.
«Батыр  –  бір  оқтық»  деген  осы.  Әйтпесе  мына  жапырағы 
түскен сасыр сояудай немені бір сүйкеуден қалдырмай, қашып 
кетер еді... Сидиған қурайдай болса да айдауылдың мылтығы бар 
да, амал жоқ.
Әйтеуір әлгі темірді тағы бір түртіп босатып кеткеніне де көңіл 
тоқ. Тіршілік болса ертең тағы күн бар, үміт алда. Тұтқынның 
тұтқасы  –  үміт.  Үміт  үзілген  күні  тұтқын  –  шын  тұтқын.  Ал 
Рысқұлдың  бүткіл  өмірі  жақсылықты  алдан  күтумен  өтулі.
Түнімен есінен сол бір істік темір кетпей қойған. Жер бетіне 
шығып  жатқаны,  шамасы,  сынық  сүйем  құралпы.  Былқылдап 
қалғанына  қарағанда,  жасырынып  жатқаны  және  бір  сынық 
сүйем  бар  шығар.


59
Қызыл жебе
Енді  камераға  соны  қалай  алып  кіру  керек?  –  деген  сұңқыл 
сұрақ  басында  шыңылдады  да  тұрды.
Сөйтсе,  қарасораның  қауында  күндізгі  шекшектің  орнына 
шілде  қоңыз  шырылдап  отыр  екен.  Түрменің  темір  торлы 
терезесінен  анық  естіліп  тұр.  Басындағы  шыңыл  мен  қара 
сорадағы  шырылдың  бірі  мен  бірі  үндесіп,  қосылып  айтылған 
әлдебір  мұңлы  әндей  әсер  туғызғаны  Рысқұлды  аң-таң  халде 
қалдырды.
Шырылдап тұрған шілдеқоңыз емес, сынық сүйем істік темір 
сияқты.  Темір  екеш  темір  де  түрме  тұтқынының  жанын  ұғып, 
оның шарасыз тағдырына жаны ашығандай аян береді.
Шілдеқоңыздың  жағы  бір  сембеді.  Рысқұлға  сынық  темір 
туралы  ұмытып  кетпе  деп  ұдайы  есіне  салып  тұруды  парыз 
көргендей  бір  тынбады.
Толассыз әнге Рысқұл да байқаусызда қосылып кетіп:
–  Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір алладан, –
деп ыңылдады.
* * *
Таңға таяу көзі ілініп кеткен екен, кенет шошып оянды. Қызыл 
Жебе кісінеп келіп, абақтының есігін тепкілеп тұр екен. Рысқұл 
өң мен түстің арасын ажырата алмай мең-зең күйде сәл аңырып 
отырып қалған.
«Е,  жарықтық,  жылқы  жануардың  да  әруағы  болғаны  ма? 
Қамбар  ата  ғой  әлгі.  Қызыл  тұлпардың  қаны  менің  мойнымда 
емес  еді  ғой?  Heгe  мені  торып  жүр?  Ұрлаған  мен  болғанмен, 
ұрлатқан,  қанын  шашып  бауыздатқан  Саймасай  еді  ғой?  Е, 
айналып кетейін, Қамбар ата! Менен күнә болса кеше гөр! Бірақ 
менің  жазығым  жоқ.  Құдай  куә.  Егер  көрмесе,  құдайдың  көзі 
шықсын. Қызыл тұлпарды пышаққа, қиянатқа қимай ара түсем 
деп  нақақтан  құрбан  болдым,  Қамбар  ата!»
Рысқұл  жылқының  аруағына  сыйынып  отырғанда  есіктің 
алдынан айдауыл өтті. Етігінің тақасынан таныды. Сонда барып 
әлгі  түстің  сырын  ұққандай  болды.  Есікті  тепкілеген  Қызыл 


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет