Қызыл жебе
Жебе емес, әлгіндей айдауыл қара құлып қалпында ма екен деп
салдыратып, тексеріп шыққан болды.
Сонда бір ой басына сап етті. Атып тұрып есікті тоқпақтай
бастады. Асығыс басқан айдауыл аяғының дыбысы естілді.
– Не керек? – деп зекіп қалды айдауыл.
– Ішім бұрап әкетіп барады. Тезірек аш, мырза, – деп жалынды
тұтқын.
– Өлмейсің, шыда! Әлі таң атқан жоқ, қараңғы, – деп қарауыл
ары кете беріп еді, Рысқұл есікті тағы тарсылдатты.
– Мырза, шыдай алар емеспін! Бұ құрғыр таңның атып,
күннің шыққанын күтіп тұратын сыпа емес қой. Іш бұзылса, мен
не істейін?!
Қарауыл бұрқылдап, балағаттап жүріп, салдырлатып есікті
ашты. Ашудан көзі ежірейіп кетіпті. Жейдешең, жалаңаяқ, жалаң
бас Рысқұлды мылтықтың оқтығымен бір нұқып, алдына салып:
– Мені алдағың келсе – аямаймын! – деп ескертті.
Бозала таң құланиектеніп келеді екен. Қапастан кейінгі сап-
салқын уыз ауа тұтқынның қапырық өкпесін қауып, ағыл-тегіл
мол демнен тұншығып қала жаздады.
«Таң таза атып кетпей, қара күңгірт бола тұрса екен», – деп
тіледі Рысқұл. Шілдеқоңыз қалжыраса керек, үні семіпті. Қара
сораның тұсынан өте бере, жалаң аяғымен жер сыдырып, істік
темірді іздеді. Сол аяқтың бас бармағы сояудай қатты затқа
тірелгенде, сипалап екі башпайдың арасына тірей қысып алып,
жұлқа тартып, жүре берді. Қап-қатты суық темір табанына батты.
Бұрынғыдай жылдам жүре алмай, бір аяғын сүйретіп, кібіртіктеп
қалды. Оны өзінше бөтен ойға жорыған қарауыл:
– Бас аяғыңды! Қыстап бара жатса, асықпайсың ба?! – деп
зірк етті.
– Ішім, – деп Рысқұл екі бүктеліп, сүйретіліп бара жатқан.
Ойында:
– «Саусағымнан шығып кетпесе екен», – деп башпайларын
қарыстырып қыса түсті. Қысқан сайын темірдің істігі етіне кірш
етіп кіріп бара жатты.
– «Қан тамса – біліп қояды-ау» – деп қысылды тұтқын.
61
Қызыл жебе
Ілдәбай дәретханаға дейінгі он-он бес адым жер тозақ жолынан
жүз есе қиын еді.
Ерте ме, кеш пе, әйтеуір келетін бір өлім бар. О дүниеде
Рысқұл тозақ отына түсе қоймас. Құдай бар болса, шын дүниенің
парызын Рысқұл мына жалған дүниеде-ақ жүз есе артығымен
атқарып қойғанын көріп тұрған шығар.
Аяғының саусақтарының арасы жіпсігендей, жылбысқы
бірдеңе білінеді. Жылы қаннан саусақтар арасы жылпылдақ.
Темір сырғып түсіп бара жатқандай сезіледі. Жан дәрменде бас
бармағын бүріп, тұтқын ышқына түседі.
...Су перісінің ай десе аузы, күн десе көзі бар перизат қызы
жер бетіндегі патша баласына ғашық екен. Ал су перілерінің
адамдардан бір айырмашылығы аяқ орнына балықтың құйрығы
болады. Адамдардың аяғындай аяғы жоқ перизат патша баласына
ғашықтықтың дертінен өлер болған соң перілердің тәуібіне барып
жалынады. Тәуіп кемпір дауысы барылдап қалған әзірейілдей
еді. Перизаттың үні күміс қоңыраудай сыңғырлап тұратын.
Перизаттың арызын тыңдап болған соң тәуіп кемпір айтады:
– Ей, сор айдаған сұлу! Жазылмайтын дертке ұшыраған
екенсің. Айтқаныңнан қайтпассың. Жарайды. Мен саған
адамдардың аяғындай аяқ жасап берейін. Ақысына бірақ күмістей
сыңғырлаған дауысыңды аламын. Сен тілсіз, үнсіз қаласың. Бұл
– бір деп қой. Мен берген дәріні ішкеннен кейін саған балық
құйрығының орнына аяқ пайда болады. Бірақ әрбір адым сайын
табаныңа қанжар қадалғандай шыбын жаныңды шырқыратып
қуыртады. Өмір бойы табаныңа қанжар қадалып өтесің. Осыған
көнсең – көндің. Көнбесең – өзің біл!
Не керек, небір азапқа көніп, перизат адам бейнесіне еніп,
патша баласына жолығады. Патша баласы да бұған құлай ғашық
болады.
– Атың кім? – деп сұрайды патша баласы.
Перизат бәрін түсініп тұр. Бірақ айтайын десе тіл жоқ. Аяғын
әрбір басқан сайын табанына қанжар қадалады.
Не керек, патша баласына тілсіз сұлуға үйленуге батасын
бермей, басқа бір падишахтың қызына құда түседі...
|