Қызыл жебе
«Кірме» атанған аз ауыл да ауық-ауық әу деп ән салып,
шілдехана, некеқиярда ойын-сауық құрса керек. Содан әлгі
бақандардан алтыбақан соғылатын.
Сол алтыбақан Тау-Шілмембеттің кәрі мен жасына сирек
кездесетін қуанышты күндердің куәсіндей, суық бұлттың
арасынан, анда-санда бір жылт ететін күннің көзіндей көріне ме
екен, кім білген, әйтеуір қаңтар қысқа дейін жығылмай тұрған.
Алыстан қараған жанға ол адамдар алтыбақандарға мойнынан
асылғандай, арқанды аяз қарығандай үрейлі көрініс береді.
Ал шындығында Молдабек те, Шыныбек те, Қорған да
мойындарынан емес, аяқтарынан асулы тұр еді.
Пристав пен старшын әуелі оларды жәй тергеуге алған.
Жалғыз сұрақ:
– Рысқұл қайда?
Рысқұлдың қайда екенін әлгілер білмейді.
– Білмейміз, – дейді.
Одан болмаған соң, үшеуін де жығып салып, сирақтарын
қосақтап буып, бастарын төмен салбыратып, алтыбақанға
аяқтарынан асып қойған.
Таубай старшын Ахатты да аспақшы еді, пристав тыйып
тастады. Басқалардың үрей болуы үшін мына үшеуінің асылуы
да жетеді. Қалғаны өз жандарынан қорқып-ақ шынын айтуға тиіс.
Тау-Шілмембеттің қатындары бастарына қара орнына
шапандарын жамылып, тамұқтағы отқа шыжғырылған
сорлылардың зарын қылып, кеудесінен әлі жаны кетпеген
азаматтарына жоқтау айтып сай-сүйекті сырқыратқан.
Азан-қазан азынаудан, беттеріне тырнақ салып, қан жоса
болған қатындардың түрінен шошынған, тұтқындардан жөнді
жауап ала алмай шаршаған пристав бір мезгіл Мақаштың
шеңгелінде тұрған Тұрарға назарын салды.
Бала қар үстінде бір аяғын көтеріп, бауырына қысып алған
балапан сияқты екен. Бір аяғын екінші аяғының балағына қысып
жылытпақшы болады. Жердегі аяғының бармақтары барбиып,
үсіген картоптай талаурап кеткен екен.
Жарық келінің үстінде отырған орнынан тұрып, пристав
Тұрардың жанына барды. Бала «ұрады екен» деп жасқанып
103
Қызыл жебе
қалды. Балағына тығып тұрған екінші аяғын жерге түсірді.
Қолымен бетін жасқап кейін шегіншектей беріп еді, Мақаш
желкесінен жұлқып қалды.
– Тыныш тұр, бәтшағар!
Приставтың қалың табанды хром етігінің астындағы қар
сықырлады. Түсін жылытқан болып, ақырмай-жекірмей ақырын
сөйледі.
– Атың кім?
Бала бедірейіп тіл қатпады.
– Атың кім?
– Айт! Айт! – деп екі жақтан Мақаш пен Таубай старшын
түйіп-түйіп жіберді.
– Тимеңдер, – деді пристав оларға алара қарап.
– Атың кім?
– Тұрар, – деді бала приставтың ала шапыраш суықтау көзіне
тіке қарап.
– Кімнің баласысың?
– Рысқұлдың. – Бала приставтың тінткі көзінен көзін
тайдырып әкетіп еді, аяқтарынан асулы тұрған үшеуді көрді.
Үшеуінің де беттері көнектей болып кеуіп, ісініп кеткен екен.
Көздері бұған шарасынан шыға атырыла қарап қалыпты.
– Сен бұларды жақсы көресің бе? – деді пристав алтыбақандар
жақты көздеп.
– Иә,–деді бала мұрнынан аққан суды жеңімен сүрте беріп.
– Жақсы көретінің рас болса, әкеңнің қайда жасырынып
жатқанын айт. Сонда оларды босатамын.
Тұрардың көзі аяқтарынан ілінген үшеуге тағы түсті. Өздерінің
тағдыры Тұрардың қолында тұрғандай, үшеуі де бұған телміре,
жалына қараған сияқты. Үшеуінің қасында мылтық кезеген үш
солдат. Оларды босатпақ болып, Ахмет, Омар тағы бірер адам
ұмтылып еді, солдаттар тойтарып тастаған. Енді олар екіншілей
беттей алмай «апыр-ай, апыр-ай, иә құдай, иә әруақ, өзің жар
бола гөр!» – десіп, шарасыз өлі мен тірінің арасында қалған.
Үшеуінің ішінде Тұрар әсіресе Қорған жәкесін жақсы көруші
еді. Өз баласы Арманнан кем көрмей, Қорған Тұрарды үнемі
үйіне ертіп апарып, тақыл-тұқыл тамағын бөліп ішер еді. Бұған
104
Достарыңызбен бөлісу: |