Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет49/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125
Қызыл жебе 
Қара шұбар топ тіптен таяп қалды: Енді бір сәттен соң мұның 
тұсына  келеді.  Сампылдап,  қауқылдап  сөйлескендеріне  дейін, 
қарқылдап күлгендеріне дейін естілді.
Рысқұлдың  тілеуі  болды.  Қалдықызыл  ат  арқан  бойы  алда 
келеді екен. Үстіндегі адам ұйықтап қалғандай, басы омырауына 
салбырап, ұнжырғасы түсіңкіреп кеткен. «Болыс неге пәс? – деді 
Рысқұл. – Абайсызда атқаным болмас. Кімнің қолынан өлгенін 
біліп кетсін. Қарақшы құсап қапылыста атып, қаша жөнелмеймін. 
Олар мені қазір бәрібір ұстай алмайды. Жардан шыға алмайды».
Рысқұл итмұрын бұтасының түбінен тік түрегелді. Мылтықты 
созып керді.
Қара шұбар топ тақала бергенде:
–  Саймасай! – деген дауыс санқ ете қалды.
Қара  шұбар  топ  тұмсығы  тасқа  тірелген  кемедей  кейін 
шегіншектеп  барып  тоқтағандай  болды.
Болыс  басын  жұлып  алып,  жоғары  қарады.  Мая  тұсында 
тұрған  адам  әуелі  қалбайып,  қарауытып  көрінді  де,  кенет 
көзінің алды тағы қызғылтым тартып, жар қабақта Қызыл Жебе 
тұяғымен жер тарпып тұрғандай елестеді. Кенет Қызыл Жебенің 
тамағынан қан шашырап, бетіне шапшып кеткендей, Саймасай 
көзін жұмып, қолымен бет-аузын ұстай алды. Жоқ, қан жұкпаған 
екен.  Бірақ  жұмулы  көзін  ашуға  қорықты.  Қызыл  Жебе  елесін 
көрмеуге  тырысты.  Жалғанды  жалпағынан  басып  келе  жатқан 
айбатты адам енді мына дүниеге көзін ашып қарауға жасқанғаны 
жақсылық  емес  еді.  Оның  жанын  алуға  әзірейіл  Қызыл  Жебе 
бейнесінде келгендей көрінеді. Әлгі үрейлі үн тағы да саңқ ете 
қалды.
–  Саймасай!  Мен  Рысқұлмын.  Көкірегіме  запыран  сыймай 
кетті.  Соның  бір  түйірін  сенің  кеудеңе  түкірсем  деймін.  Сен 
көзінен  сорасын  ағызған  сорлылар  үшін!  Сен  сөлін  сорған 
жарлылар  үшін!  Қызыл  Жебенің  қаны  үшін!
Мылтық  дауысы  гүрс  еткенде,  әуелі  қою  түтіннен  түк 
көрінбеді. Дәрінің исі бұрқ етті. Сәлден соң шалқалай құлаған 
болыстың бір аяғы үзеңгіден шықпай, үріккен Қалдықызылдың 
сүйреткісінде үйдей дене үлпек қарды сыпыра, артында қап-қара 
жолақ  сызық  қалдырып  бара  жатқанын  көрді.


99
Қызыл жебе
«Бүткіл өмірің қара сызық еді сенің, Саймасай», – деді Рысқұл 
маяның тасасындағы Шолақ Шабдарға асыға беттеп бара жатып.
Бесағаштың  үстінде  қыстың  қыраулы  күнінде  шартылдап 
найзағай  ойнады.  Үркердей  үрпиген  аз  ауылдың  азан-қазаны 
шықты. Қылыш, мылтық асынған сарыала түймелі жандармдар, 
солдаттар  қаптады.
Таубай старшын мен өлген болыстың інісі Анарбай, Мақаш 
палуан  үшеуі  әуелі  Рысқұлдың  жертөлесінен  бастады.  Олар 
топырлап  кіріп  келгенде,  сықырлауық  есіктің  топшысы  тағы 
жұлынып түсіп, ішке бұрқ етіп бір будақ бу қоса енді. Не сұмдық 
екенін  ажырата  алмаған  Ізбайша:
–  Ойбай,  –  деп  ошақ  басынан  ұшып  тұрған.  Төсекте 
қарындасын  ойнатып  отырған  Тұрар  жерге  жалаң  аяқ  секіріп 
түскен.  Түйметай  төсек  үстінде  шашы  сексиіп,  қорыққанынан 
шырылдап  қоя  берген.
–  Әне! – Таубай старшын қамшымен Тұрарды кезеп. – Бөрінің 
бөлтірігі,  иттің  күшігі  сол.  Ұста,  Мақаш.  Тарт  иттің  баласын! 
Далаға шығарып бауыздап жібер! Мына күңді де алып шық!
–  Ойбай, не жаздық? – Ізбайша басынан ақ жаулығын жұлып 
алып, шашын жайып жіберіп, отыра қалып жер сабалады. – Не 
жаздық,  ойбай  құдай!  Айтсаңдаршы,  елім-ау,  жұртым-ау,  не 
қылдық  қу  құдайға?
–  Не жаздық? Не қылдық? Мүләйімсуін сайқалдың.
–  Қанға – қан, жанға – жан! Тарт!
Старшын қамшымен Ізбайшаны арқасынан осып жібергенде 
бейшара әйел кирелең ете қалды. Мақаш төбедей төніп барып, 
Тұрардың  желкесінен  бүріп  ұстап  дырылдатып  сыртқа  сүйреп 
әкетті.
–  Ойбай,  мені  өлтір,  ағатай!  Нәрестенің  қанын  мойныңа 
жүктеме!  –  деп  Ізбайша  Мақаштың  аяғына  орала  беріп  еді, 
старшын  қамшымен  тағы  тартып  жіберді.
Жалаң аяқ, жалаң бас жас баланы дырылдатып сүйреп жүрген 
Мақашты  көріп,  жанұшырып  әуелі  Молдабек  жетті.  Артынша 
Шыныбек  келді.  Сүрініп-қабынып  Ахат  алыстан  айқайлады. 
Қорған  ұста  Мақаштың  қолына  жармасты.


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет