Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет50/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
–  Баланы қоя бер, мені өлтір! – деп өгей шеше өлермендікпен 
кимелеп Мақаштың аяғын құша тағы жығылды.
–  Қанға  –  қан!  Бауыздап  жібер  жауыздың  жалғызын!  –  деп 
старшын селкілдеді. – Мынаның бәрі Рысқұлдың туысқандары. 
Бәрін  ұстап,  байлаңдар!  Тауып  берсін  жасырынып  жатқан 
жауызды!
Сақал-шашы,  жалбыр  қасы  аппақ  қудай  Ахат  қарт  мына 
суықта жолда иығынан шапаны түсіп қалып, жейде-дамбалшаң 
жетіп,  Тұрардың  үстіне  жығылғанда,  Мақаш  дәу  не  істерін 
білмей, белдігіндегі қыннан суырған кездікті жалаң ұстаған күйі 
тұрып  қалды.
Біраздан  бері  қазақтардың  қырқысын  қызықтап  тұрған 
приставтың  бір  таң  қалғаны  он  жасар  шамасындағы  қаршадай 
баланың қайсарлығы еді. Ажал аранында, арыстанның аузында 
тұрып, бала болып бір қыңқ демеді-ау. Безерген күйі бедірейіп, 
бетінен ет кесіп алса да бүлк етпестей, сазара тістеніп, көзі кірпік 
қақпастан тесірейіп, мына қауқылдасқан, қан тілеп, қарқылдасқан 
қарға-құзғын сияқты үлкендерді иттің етінен бетер жек көретінін 
жасырмай және жанталаспай, соншалықты салмақ сақтап қалған.
Пристав келіп, Таубай старшынға:
–  Тоқтат! – деді: – даланың жабайы заңын қой сен. Мұрынбоқ 
баланы  өлтіргеннен  болыстың  құны  өтелмейді.  Ұлы  мәртебелі 
императордың  адал  қызметшісі,  айтулы  управитель  Саймасай 
Үшкемпіровтың  өлімі  бір  жаман  баламен  өтеледі  деп,  сен, 
старшын,  марқұм  болыстың  жарқын  рухын  қалай  қорлайсың! 
Одан  да  бұл  баланы  тұтқында  ұстаңдар.  Егер  мұның  болысты 
атып  өлтірген  әкесі  үш  күннің  ішінде  өз  еркімен  келіп  қолға 
түспесе,  баланы  сонда  өлтіріңдер.  Ал  қазір  өлтірсең,  Рысқұл 
қайтып бұл маңайды көрмей, мүлде қолға түспей кетеді. Бөлтірігі 
ұсталған қасқыр алысқа ұзап қашпайды. Осыған да ми жетпей 
ме?  Ал  мына,  туысқандары  түгел  тұтқындалсын.  Рысқұлдың 
қайда  жасырынып  жатқанын  айтсын.  Айтпайды  екен,  жазасын 
тартсын.
Тұрар  енді  қорқайын  деді.  «Көкем  болысты  өлтірген  екен 
ғой», – деген ойдан тұла бойы тітіркеніп, бармақтай басына тау 
құлағандай қалың қайғының сансыз батпан салмағын енді сезді.


101
Қызыл жебе
Шені  бар  орысты  көрсе  шыбындаған  жылқыдай  бас  шұлғи 
беретін  қу  мінез  біткен  қазақтың  атқамінерлерінің  бірі  Таубай 
старшын:
–  Әй, міне, ақыл, табылған ақыл. Әуелі әкесін қолға түсіріп 
алайық, күшігі құтылмас. Мақаш, балаға сен ие бол. Ұқтың ба? 
–  деп  қопалақтап,  қайтадан  приставқа  бұрылды.  –  Өте  тауып 
айттыңыз,  мырза.  Рақмет  Сізге,  спасибо,  спәсибә...
* * *
–  Ол  ағаштар  алдақашан  шіріп  кеткен.  Ол  ағаштардың 
түбінде сол күні тұрған адамдардың да көбінің сүйегі баяғыда 
қурап қалған. Бірен-саран тірі жүргендері де бар. Қазір сол көзі 
тірілер  сол  кезде  бала  болатын.  Енді  қаудырап,  қаусаған  халге 
жеткен. Содан бері жетпіс жылдан асты ғой. Бұл уақиғаның сол 
соңғы тірі куәлері күннің шұғыласын, айдың нұрын, аспанның 
көгілдірін  көріп  жүре  бергей...
Ол  ағаштар  алдақашан  шіріп  кеткен.  Егер  бар  болса, 
ғажайыптан  тіл  бітсе,  сондағы  аяғынан  асылған  адамдардың 
ғаламат  сезімдерін,  жан-дүниесінің  сұрапыл  күйзелісін  бізге 
жеткізер  еді.  Ағаш  екеш  ағашта  да  сезім  бар.  Тамыры  жердің 
сөлінен нәр алып, жапырағы күннің сәулесінен әл алып тұрған 
кезде  ағаш  әулие  құстың  әніне,  желдің  уіліне,  жұлдыздың 
жарығына, күннің қызуына елтіп, жасыл жапырақтары зүмірет 
қадаған жанардай жайнаңдар еді. Жаңа туған бөпеге бесік болуға 
жараған тал өзін бақытты сезінер. Жаңа отаудың шаңырағы мен 
уығына шабылған сәмбіде де өкініш жоқ. Омаш сақаның тісіне 
жараған  ағаш  та  мені  балта  кесті-ау  деп  қайғырмас.
Дүниеде дар үшін соғылған ағаштың соры қалың.
Ол ағаштар әу басында кәдімгі бақан еді. Тау-Шілмембеттің 
маңдайындағы екі-үш құрым киіз үйдің ескі бақандары болатын. 
Заманның  заманында,  әлі  Сәлік-Сарының  тоз-тозы  шықпаған 
аманында, бұл бақандар сонау Талас Алатауының құйымшағында 
жатқан  Ақсу-Жабағылының  жәннатты  орманынан  шабылған. 
Кейін  1880  жылғы  үдермеде  жиырма  үй  Сәлік-Сары  қолына 
іліккен осы ағаштарды азып-тозған азғана көшімен бірге мына 
Іле Алатауына ала келген. Іленің Алатауында ағаш жоқ деді ме 
екен,  жарықтықтар.


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет