Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет106/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125
Қызыл жебе
алып,  шіңкілдек  дауыспен  ұзақ  сөйлеп  кетті.  Қазіргі  кезде 
бүлікшілдердің бас көтере бастағаны, соның әсері киргиздарға да 
ықпал еткені, патша қызметіндегі адамдарға деген қастандықтың 
өте зиянды екені, қырық бір болыс қол қойған арызды ескерусіз 
қалдыруға болмайтындығы, тағысын тағылар... Ақыры прокурор 
дауысын  мейлінше  қаһарлырақ  шығарып:
–  Рысқұл  Жылқайдаров  әскери  сотпен  сотталса,  өлім 
жазасына  лайық  қылмыскер.  Ал  біздің  рақымы  мол,  дархан 
императордың  Жетісу  болысына  әскери  сот  енгізбегені  –  Ұлы 
мәртебелі  патшаның  елін,  халқын  сүйгендігінің  белгісі.  Бірақ 
бұл кісі өлтіруге, жай кісі емес, ақ патшаның адал қызметкері, 
аса сыйлы адамды өлтіруге жол берілсін деген сөз емес. Менің 
айтарым,  Рысқұл  Жылқайдаров  жиырма  бес  жыл  каторгаға 
айдалып,  барлық  мал-мүлкінен  айрылсын.
Бұл  талапты  естігенде  Рысқұл  мырс  етті.  Бетінің  терін 
орамалмен сүртіп тұрған прокурор Рысқұлдың мұнысын байқап:
–  Неменеге күлесіз? – деп шақшиды.
–  Мал-мүлкінен айрылсын дегенің не, прокорер. Менде мал-
мүлік бар ма еді?
–  Сөйлесуге  рұқсат  жоқ!  –  деп  судья  кішкентай  балғамен 
қоңырауды  қағып  қалды.
Прокурор  өкініп  отыр.  Талай  кылмыскерді  айыптап,  жаза 
салмағының  әр  түрін  беріп  еді.  Талайы  жалынып-жалпайып, 
кешірім сұрап еді. Мынау күледі. «Өзіне өмірлік каторга жазасын 
сұрамаған  екенмін»,  –  деп  пұшәйман  жеп  отыр.
Ал  Рысқұл  болса,  әлгіде  далада  қаусап  қалған  Ахат  ағасын 
ойлады. «Тұрарды соған ілестіріп неге жібермедім. Жиырма бес 
жыл  дейді.  Оған  қалған  өмір  жетер  ме?  Сонда  қалай?  Қайтып 
туған елді көрмеу керек пе? Дауылбай болыс жиырма бес жылға 
дейін тірі жүре бере ме? Жиырма бес жыл дейді, ә! Біз Түлкібастан 
кеткелі бері де жиырма бес жыл болды-ау, осы. Күні кеше сияқты. 
Ойлап тұрсаң, жиырма бес жыл дегенің де тез өте шығатын қас-
қағым  уақыт  қой.  Елден  мен  кеткенде  жиырма  жаста  едім-ау. 
Қазір қырық бес. Каторгадан қайтқанша жетпіске келеді екенмін. 
Ахаттың жасы ғой. Ал мен келгенше Ахаттың сүйегі де қурап 
кетер. Бірақ кім біледі, кәрі өле ме, жас өле ме – бір Алланың ісі. 


214
Қызыл жебе 
Тұрар отыз беске шығады ол кезде. Отыз бесінде оны не күтіп тұр 
екен? Кім болар екен? Оқу оқып жетіліп кетсе, мені мерзімінен 
бұрын  құтқарып  та  алар.  Түйметай  отызға  толады  екен.  Үйлі-
жайлы болып кететін шығар. Ізбайша... Иә, Ізбайша кетеді ғой. 
Ол басқа біреудікі. Шолақ Шабдар мен Ізбайша басқа біреудікі. 
Тірі  болса,  Тұрар  мен  Түйметай  ғой  мені  тосатын.  Әттең,  сәл 
есің  кіргенше,  өз  қолдары  өз  ауыздарына  жеткенше  қасында 
бола алмады. Он жасар ойын баласы, бес жасар жортпаш қыз. 
Е, жасаған өзің төзім бере гөр. Оу, осы соларды өзіммен бірге 
ала кетсем ше? Әкімдердің бір ақылдысы, әділі ұшыраса менің 
бағыма,  мүмкін  рақымы  түсер.  Ала  кетемін  деймін,  атасына 
нәлет. Алатауы не, Итжеккені не? Алатаудың бауыры каторгадан 
несі кем? Бір күнімізді көрерміз. Ала кетемін. Әттең, Тұрар өсіп, 
оқыса, Метрейді тауып алар ма еді? Ай, Метрей, Метрей! Қазір 
осында болар ма едің... Мына қасқабас білер еді сонда менің кім 
екенімді. Ана шегірткенің айғырындай шіңкілдеген піркорердің 
аузына  құм  құйылар  еді.  Қайтейін,  бағым  жанбаған  бір  жан 
болдым ғой. Атасына нәлет, ойла не, ойлама не. Күніне тоқсан 
түрлі бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан».
Рысқұл  селт  етіп,  басын  көтеріп  алды.  Тілмаш  бала  сөйлеп 
тұр  екен.  Орысша  ағып  тұр.  Сөздерінің  бірін  ұғып,  бірін 
ұқпайды. Тұспалдайды, мұны жақтап айтатын сияқты. Алғашқы 
күндегідей емес, кеше кеште камерада екеуі шешіліп сөйлескен. 
Алдында Бронников айтты: «ол жігітке сенуге болады, түйілме», 
–деді. Екеуі есікке қарап-қарап қойып, орысшалап көп сөйлесті. 
Тілмаш бала Бронниковке қойнынан суырып бір бүктеулі қағаз 
да  берді.  Бронников  оны  ышқырына  тығып  жіберді.  Тілмаш 
шығып кеткен соң Бронников айтты: бұл өзіміздің адам. Дымың 
ішіңде  болсын  деді.
Міне,  сол  Боташ  Шоқұлы  сөйлеп  тұр.  Камераның 
қаракөлеңкесінде байқамаған екен, шашы көмірдей қара, қысқа 
қырқылған,  маңдайы  келісті,  көзінің  шоғы  бар,  қыр  мұрынды, 
ат  жақты,  бидай  өңді  бозым  жігіт  екен.  Қияқ  мұрты  шыққалы 
да  көп  болмаған,  сірә.  Оның  сөзіне  қасқабас  судьяның  өзі  де 
ұйып қалған сияқты. Ал прокурор шықылықтаған шымшықтай 
шыжбаңдап,  бұлт-бұлт  етіп  қозғала  берді.


215


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет