26
«Біріздендіру» термині қалай жасалған?
«БІРІЗДЕНДІРУ» ТЕРМИНІНІҢ ТҮПМАҒЫНАСЫ,
ЖАСАЛУЫ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ
90-жылдарға дейін терминдерді
біріздендіру жөнінде бізде
көп сөз бола қоймады. Себебі терминологияны біріздендіру, рет-
теу, стандарттау жұмыстарының негізгі бағыты мен басшылыққа
алынатын критерийлерін Одақ көлемінде «совет халқына» ортақ
терминдер қорын қалыптастыру
мақсатын көздеген КСРО ор-
талығы Мәскеу белгілеп отырды. Сол кезеңнің талабына сәйкес
бұл ұғым атауы да біздің тілімізде көбінесе орыс тіліндегі қал-
пын сақтап «унификация» (немесе «унификациялау») түрінде
қолданылды. «Унификация» термині – о баста латынның unus –
бір, facio – «жасау»; «дайындау» деген сөздерінің негізінде жа-
салған атау. Негізгі мағынасы – бір ізге түсіру, біркелкілендіру,
біркелкі пішінге немесе бір жүйеге келтіру. Терминнің түпнұсқа
тілдегі (латын) бастапқы мағынасын ескере отырып, 90-жылдар-
дан кейін бұл ұғымның қазақша балама атауы ретінде «бірізден-
діру» сөзін ұсындық. Қазір осы «біріздендіру» атауының қолда-
нысы орнықты деуге болады. «Біріздендіру» сөзі өзге ғылымдар
мен арнау лы салалардағы зат, ұғым атауларын бір жүйеге келтіру
27
мағынасында да
қолданылатындықтан,
терминге қатысты жұм-
салғанда нақтылық үшін көбінесе «терминологияны бірізден-
діру», «терминдерді біріздендіру» түрінде жиі қолданылады.
«Біріздендіру» термині «бір таңбаланушыға –
бір таңба, бір
таңбаға – бір таңбаланушы» берілуі керек және «бір ұғымға –
бір ғана атау» сәйкес келуі тиіс деген қағидаттарды қамтамасыз
етуге бағытталған терминологиялық жұмыс түрі деген мағынада
жұмсалып келгені де белгілі. Шындап келгенде бұлар – термин-
дерді нормалау жұмысының ауқымында атқарылатын іс. Дәлірек
айтқанда бұл шарт терминнің бірмағыналылығы мен терминнің
синонимі болмауы қажет деген терминге
қойылатын негізгі та-
лаптар шеңберінде реттеле алады. Терминге қойылатын осы екі
тілдік талап орындалса, онда ол тұлғалық жағынан да, мағына-
лық жағынан да бір ізге түседі. Сондықтан да «біріздендіру» тер-
минін барлық терминологиялық жұмыстардың өзегі ретінде кең
мағынада қолдануға негіз бар. Сол себепті бұл термин осы еңбек-
те солай қолданылып та отыр.
Біріздендіруде қандай мақсат көзделеді?
Достарыңызбен бөлісу: