Ұғымдарды жүйелеу (систематизация понятии) – сала
ұғымдарын категориялары бойынша жүйелеу және ұғымдардың
классификациялық схемасын жасау. Яғни, белгілі бір арнаулы са-
ланың (білім, ғылым, техника) құрылымына сәйкес оның ұғымда-
рын орналастыру.
Терминологияны талдау (анализ терминологии) –
терминология ның кемшіліктерін анықтау мақсатымен жүргізілетін
талдау, сараптау жұмысы. Бұл жұмыс – семантикалық талдау,
функционалдық талдау, диахронды талдау деп аталатын үш саты-
дан тұрады.
Терминдерді нормалау (нормализация терминов) – мамандар-
дың тілдік
қолданысындағы терминдердің ішінен мейілінше қолай- лы әрі дәл нұсқаларды, терминдерді қолдану мен жасау ережелерін
таңдау және соларға басымдық бере отырып, бекіту. Терминологи-
ялық норма жалпытілдік нормаға негізделеді, алайда оған сәйкес
келмейтін жағдайлар да болады. Терминологияны қалыптандыру-
дың екі жағы бар. Біріншісі – терминдердің мазмұнын реттеуді көз-
дейтін біріздендіру де, екіншісі – тұлғасы жағынан тиімді терминді
таңдап алуды мақсат ететін оңтайландыру.
Кең мағынасында түсінер болсақ, терминологиядағы лингвис-
тикалық нормативтілік деген – терминнің тілдік нормаларға сай
жасалуы мен дұрыс қолданылуы.
Терминологиялық сараптама (терминологическая экспер- тиза) – құжаттардағы қолдануға ұсынылмаған терминдер нор-
маланған терминдермен алмастырылады және құжаттағы барлық
терминдердің жалпыға бірдей талаптарға сай келуіне баға беріліп,
оларды жетілдіруге арналған ұсыныстар беріледі.
Терминологиялық аударма (терминологический перевод) –
шет тілдері терминдерінің ұлт тіліндегі терминдерге сәйкестігі
анықталады да, ұлт тілінде тиісті баламасы жоқ терминдер болса,
соларға сәйкесетін жаңа терминдер жасалады. Жаңа терминдер
31
мен аударма сөздіктерге енбеген терминдерді аударуға қажетті дең-
гейдегі білім мен машық керек болады. Сондықтан да терминоло-
гиялық аударма кезінде жаңа терминдерді жиі жасауға тура келеді.