ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл ғылыми-әдістемелік құралда ең алдымен, терминоло-
гияны біріздендіру жұмысының мән-маңызы мен оның логика-
лық-ұғымдық, лингвистикалық тұрғыдан жүргізілу реті көрсетіл-
ді. Белгілі терминтанушы ғалымдар пікірі мен кейінгі кезеңде
жарық көрген көптеген терминологиялық әдебиеттердегі қолда-
нысы ескеріле отырып, «біріздендіру» термині бұл еңбекте бар-
лық терминологиялық жұмыстардың басын қосатын көп сатылы
кәсіби қызмет түрінің атауы ретінде кең мағынада қолданылды.
Екіншіден, терминологияны біріздендіру жұмысының ұлттық
ғылым тілін дамыту мен қолданыс аясын кеңейтудегі мән-маңы-
зы, не үшін қажет екендігі және қалай атқарылатындығы жан-
жақты түсіндіріледі. Біріздендірудің түпкі мақсаты – жүйеге
түскен, нормаланған, қалыптанған, жетілдірілген ұлттық термин-
жүйе қалыптастыру екендігі ғылыми тұрғыдан негізделеді. Тер-
минжүйені түзуде атқарылатын жұмыстардың рет-тәртібі көр-
сетіліп, олардың қалай жүргізілуіне қатысты әдістемелік кеңес
беріліп отырады.
Үшіншіден, біріздендіру бірі аяқталғаннан кейін екіншісі
басталып, сатылай атқарылатын түгендеу, жіктеу, жүйелеу, нор-
малау, қалыптау, стандарттау, үйлестіру сияқты негізгі термино-
логиялық жұмыстардың өзегі, тірек-негізі ретінде алынады.
Төртіншіден, арнаулы сала ұғымдарының іштей жіктеліп, топ-
тастырылып, олардың өзара қарым-қатынасы мен сатылық байла-
нысын көрсететін жүйе құрудың мән-маңызы ашып көрсетіледі.
Терминжүйе түзуде ұғымдар жүйесін негіз етіп алуға ерекше на-
зар аудару қажеттілігі ескертіледі.
Бесіншіден, терминологияны біріздендірудің лингвистикалық
тұрғыдан қалай атқарылатыны жүйелі түрде сипатталып, оған
нақты мысалдар мен үлгілер беріледі.
Алтыншыдан, терминологияны біріздендірудің жалпы
бағыт-бағдарын айқындау мәселесі қойылып, ғылыми негіздел-
ген қағидаттар ұсынылады. Терминологияның ұлттық сипатын
83
арттыру мен халықаралықтандыру үрдістерінің көздеген мақ-
сат-мүддесі, ұлт тілі үшін тиімді-тиімсіз жақтары баяндалады.
Жетіншіден, терминологияны біріздендіру мен терминологи-
ялық жұмыстарды республикалық деңгейде үйлестіру, ұйымда-
стыру жұмыстарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасалады.
Осы жұмыстардың атқарылуындағы кемшіліктердің туындау се-
бептері аталып, оларды түзету жолдары айтылады.
|