Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
терминология книга

Термин
Анықтамасы
1. Анықтауыш
Зат есімдерден немесе олардың орнына жұм-
салатын басқа сөздерден болған сөйлем мү-
шелерінің әртүрлі сынын, сапасын, меншік-
тілігін білдіретін тұрлаусыз мүше.


74
2. Пысықтауыш Қимылдың сынын, заттың қимылдық сапасын 
білдіретін сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. 
3. Тоғыспалы 
ықпал
Қатар келген дауыссыздардың өзара ықпалы 
нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы.
Ескерту:
Мысал жарық көрген сөздік-стандарттан алынып 
отырған жоқ. Үлгі түрінде берілді. 
Біріздендіруде терминологиялық сөздіктер 
қандай рөл атқарады?
БІРІЗДЕНДІРУ ЖӘНЕ ТЕРМИНОГРАФИЯ
Терминологияны ретке келтіруде терминографияның алатын 
орны айрықша. Терминологиялық жұмыстардың барлығы соның 
ішінде, біріздендіру де терминографиямен тікелей байланысты. 
Терминдерді түгендеуден бастап, біріздендірудің барлық кезеңі 
терминографияның қатысынсыз жүзеге аспайды. 
Терминография 
– арнаулы сөздіктер түзудің жалпы әдіснама-
сы мен нақты тәсілдерін жасауды, терминологиялық сөздіктерді 
түріне қарай топтастыру мен жіктеудің қағидаттарын жасауды, 
жекелеген типтегі сөздіктерге арнаулы лексиканы таңдап алу мен 
оларды сөздікте берудің, сипаттаудың, мағынасын түсіндірудің 
ғылыми негізделген қағидаттарын жасауды қарастыратын тер-
минтанудың саласы. 
Терминографияны терминтанудың жеке бір саласы ретінде қа-
растырушы ғалымдар оны іштей бірнеше тармаққа жіктейді. Мы-
салы, терминографияның әдіснамалық, теориялық мәселелерін 
қарастыратын саласын – жалпы терминография (общая терми-
нография), екі тілді терминологиялық сөздіктер жасаудың ғылы-
ми-практикалық мәселелерін қарастыратын саласын – екітілді 
терминография (двуязычная терминография), көптілді (үш не-
месе одан көп тіл) терминологиялық сөздіктер жасаудың ғылы-


75
ми-практикалық мәселелерін қарастыратын саласын – көптілді 
терминография (двуязычная терминография), ал бір ғана арнаулы 
саланың терминологиялық сөздіктерін жасау мәселелерін қара-
стыратын саласын – салалық терминография (отраслевая терми-
нография) деп атаушы ғалымдар бар.
Бұған дейін қолданылып жүрген «терминологиялық лекси-
кография» (терминологическая лексикография), «ғылыми-тех-
никалық лексикография» (научно-техническая лексикография) 
терминдерін 1971 жылы А.Д.Хаютин ұсынған «терминография» 
термині толық алмастырды деуге болады. 
Қазақ терминологиясын даму тарихына көз жүгіртер болсақ, 
оның дамуы мен қалыптасуында терминографияның алар орны 
айрықша екенін көруге болады. Осыдан бір ғасыр бұрын жарық 
көрген «Орысша-қазақша әскерлік атаулар» (Қызылорда, 1926), 
«Пән сөздер» (Құрастырған: Н.Қаратышқанов. Қызылорда, 1927) 
сияқты алғашқы терминологиялық сөздіктерден бастап, 2014 
жылы шыққан 30 томдыққа дейін ондаған салалық терминология-
лық сөздіктер жарық көрді. Қазақ тілінің терминологиялық қоры 
осы сөздіктерде көрініс тапқан. Кейінгі 20-30 жыл көлемінде тер-
минологиялық сөздіктер саны күрт өсті. Әсіресе екі тілді терми-
нологиялық сөздіктер көп шықты. Олардың арасында жақсы жа-
салғандарымен қатар, арнаулы сөздіктерге қойылатын талаптарға 
толық жауап бере алмайтындары да аз емес. Сан мен сапаның 
арасындағы сәйкессіздіктер өз алдына бөлек әңгіме. Ал жалпы 
алғанда бізде барлық терминологиялық жұмыстардың міндетін 
атқарып, жүгін арқалап келген осы салалық терминологиялық 
сөздіктер екенін айту керек. Терминологияны біріздендіру мен 
с тандарттау осы сөздіктерге сүйенуге тура келеді. Дегенмен ал-
дағы уақытта терминологиялық сөздіктерді сараптамадан өткізу 
мен редакциялауды, оларды басып шығаруға рұқсат беруді бұл 
істің жайын білетін мамандары бар бір орталыққа тапсыру өте 
маңызды деп білеміз. Қазіргі кезде түрлі қалалар мен өңірлерде, 
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жа-
салып, жарық көріп жатқан сөздіктерде көптеген кемшіліктер, 


76
сәйкессіздіктер кездеседі. Осы олқылықтың орын толтырып, тер-
минологиялық сөздіктер сапасын жақсарту үшін бұл іске жауап-
ты мекеме белгіленіп, терминологиялық сөздіктер редакциясы 
құрылуға тиіс.
Терминография және біріздендіру жөнінде сөз болғанда бе-
кі тілген терминдер сөздіктері туралы атап айтқан орынды. 
А.Байтұрсын ұлы басқарған термин комиссиясы мақұлдап шығарған 
алғашқы сөздіктерден бастап, күні бүгінге дейін бізде терминоло-
гияны ретке келтіріп жүйелеудің, біріздендіру мен стандарттаудың 
жалғыз тетігі осы бекітілген терминдер сөздіктерін шығару болып 
келді. Бұл барлық терминологиялық жұмыс тардың міндетін осы 
сөздіктер мінсіз атқарды деген сөз емес. Терминологиялық жұмыс-
тарды жүргізу тетігінің қалыптаспағандығынан, бұл жұмыстарды 
ретімен атқарудың жолға қойылмағандығынан болған жағдай. Тіпті 
осы терминдерді бекіту жұмысы да мінсіз атқарылып жатыр деуге 
әлі ертерек. Бекітілетін терминдерді іріктеп алу мен сараптан өт-
кізудің рет-тәртібін жетілдіру керек екендігін де уақыт өзі көрсетіп 
отыр. Дегенмен осы уақытқа дейін термин қалыптастыруға, тер-
миндер қолданысының тұрақтауына бұл сөздіктердің септігі тиді. 
Терминдерді біріздендіру мен стандарттау кезінде онда қамтылған 
терминдердің бәрін болмаса да, басым бөлігін алуға, терминқорға 
енгізуге болады. Ал алдағы уақытта бұл сөздік түрін шығарудың 
сапасын да арттырып, оған енген терминдердің сөзсіз қолданысқа 
енетіндей болуына қол жеткізу қажет. 
Терминнің дұрыс жасалуы мен қолданысы – оның лингвистика-
лық нормативтілігінің жалпы сипаты. Термин жалпы алғанда әде-
би тілдің нормаларына сәйкес келуге тиіс. Алайда терминтану 
ғылымында әбден орныққан терминге қойылатын талаптар бар. 
Бұлар – терминге қойылатын қосымша нормалық талаптар. Мы-
салы, терминологияның жүйелілігі, мәнмәтінге тәуелсіздігі, аб-
солютті немесе салыстырмалы түрде бірмағыналылығы, ықшам-
дылығы мен ұғынықтылығы, қолданысқа енгендігі солардың ең 
негізгілері деуге болады. Осы аталған талаптардың барлығына 
бірдей жауап бермесе де, ең бастыларына сай келетін терминдер 


77
жасап, қажеттілігіне қарай қабылданған кірме терминдерді тілге 
бейімдеп, оларды қолданысқа енгізу міндет. Осы міндетті атқа-
руда терминологиялық сөздіктердің, соның ішінде, нормативті 
терминологиялық сөздіктің атқаратын рөлі айрықша. Соңғы жыл-
дары біздің елде сан түрлі авторлық терминологиялық сөздіктер 
жарық көрді. Олардың арасында сапалы жасалғандары да бар. 
Дегенмен, елдің әр түкпірінде жарық көрген осы сөздіктердің 
көпшілігінде бір ұғым атауы түрліше беріліп, дефинициялары да 
толық сәйкес келмей жатады. Мұндай үдеріс жалғаса берсе, тер-
миндердің бірізденуі қиынға соғады. Сондықтан терминдердің 
бірізді қолданылуына қол жеткіземіз десек, терминологиялық 
сөздіктерді сараптан өткізу мен шығаруды орталықтандыру керек. 
Терминологияны біріздендіруде қалыптанған терминдер сөздігі 
мен сөздік-стандарттардың (стандартталған терминдер сөздігі) 
алатын орны айрықша. Мемлекеттік қаржыға сөздіктердің осы 
типтерінің шығарылғаны орынды. 
Сондай-ақ терминография жайында сөз болғанда жаңа тер-
миндер, неонимдер жайлы да ұмытуға болмайды. Неонимия – 
жаңа терминдердің пайда болуының себептерін, семантикасын, 
т.б. зерттейтін неологияның бір тармағы. Осы терминтанудың бір 
тармағы саналатын неонимия тұрғысынан қарай отырып, жаңа 
терминдерді де сөздіктерде қамтып, қолданысқа енгізуді назар-
да ұстау айрықша маңызды. Бұл терминологияны біріздендіру-
мен бірге ұлт тіліндегі термин шығармашылығының дамып, тер-
минқордың ұлттық сипатының артуына да септігін тигізеді. 
Терминологиялық жұмыстарды жүргізуде, біріздендіруде 
жариялылық қажет пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет