Мәскеу, бәнкі, зауыт, станса, кәбіл, нөмір, пәлте, пәл-
сапа, пойыз, режім, рөл, тауар
т.б.) бұрынғы орфографиялық
ережелерді бұзып жазып жүргенімізбен, аталған ереже, қағидат-
тарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жаңалары әлі ресми
түрде заңдастырылған жоқ. Ұлттық терминқор қалыптастыруда
термин сөздердің этно-мәдени, ұлттық мағынасын ескеруге де біз
жеткілікті көңіл бөліп келдік деп айта алмаймыз. Бұл жөнінде ре-
сейлік тілші-ғалым М.Н. Володинаның кеңестік кезеңде айтқан
төмендегі пікірі де назар аудартады. Ғалым: «Внутренняя фор-
61
ма» термина нередко несет в себе дополнительное, специфически
национальное значение, так называемый «семантический фон»,
обуслов ленный лингвистическими моментами, сопровождаю-
щими образование соответствующего термина.» – деп жазады.
[Володина М.Н. Соотношение национальных и интернациональ-
ных элементов в терминологической лексике// Филологические
науки. 1984. №3. С. 77-81.]
Ұлттық терминқор қалыптастыру, терминқорымыздың ұлт-
тық сипатын арттыру туралы сөз қозғалғанда мәселенің осы
қырын ескерусіз қалдыруға болмайды. Жоғарыда келтірілген
В.А.Гречко ның пікірімен үндесіп, В.Н.Володина айтқан тер-
миннің «ішкі пішінінің» кірме терминдерге қатысты қырын аша
түсетін Т.Р.Кияктың тұжырымы да ескеруді қажет етеді. «Следует
учитывать тот факт, что внутренняя форма терминов интернацио-
нализмов часто «затемнена» употреблением международных
слово образовательных морфем, чрезмерное увеличение которы-
ми может существенно затруднить взаимопонимание» [Кияк Т.Р.
Мотивированность как возможный критерий отбора и упорядоче-
ния терминов-интернационализмов//Научно-техническая инфор-
мация. Сер. 1. 1985. №10. С. 15-19.].
Көріп отырғанымыздай, терминологияны халықаралықтан-
дыру бағытын ұстанған кездің өзінде ғалымдар, ондай термин-
дерді шектен тыс көп қабылдай берудің, қабылдаушы тілдің
заңдылықтарына икемдемеудің ұлт тіліне зиянын тигізетінін
дәлелдейтін тұжырымдар жасаған. Өкінішке қарай бізде жетпіс
жыл көлемінде халықаралық атауларды асыра дәріптеу, оларды
прогрестің жаршысы, әлемдік ғылымды игерудің кілті, халықтар
достығы мен ғылыми ынтымақтастықтың көрсеткіші ретінде
түсіндіру орын алып келді. Соның салдарынан шет тілдерінің
терминдері шектен тыс көп қабылданып, терминқорымыздың
ұлттық сипаты әлсіреді. Ұлт тіліндегі термин шығармашылығы
тежелді.
Кейде «ұлы тіл» деген тіркесті орынсыз қолданып, немесе кең
тараған ұлттардың тілін үлгі ретінде ұсынып, терминологияны
62
дамытуда «соларды үлгі етуіміз керек» дейтін де ойлар айтылып
жатады. Жалпы алғанда тіл білімі терминологиясында ресми
тұрақтаған «ұлы тіл» деген термин қолданылмайды. «Әлем тіл-
дері» (мировые языки), «халықаралық тілдер» (международные
языки) деген атаулар, нақты ұғымдар бар. Негізінен тілдердің
кең тарағандығына байланысты артықшылықтарын айтқанда
осы терминдер қолданылып жатады. Құқықтық тұрғыдан заңдас-
тырылған БҰҰның ресми және жұмыс тілдері саналатын алты
тілді (ағылшын, араб, испан, қытай, француз, орыс) «халық-
аралық тілдер» дейтініміз белгілі. Бірақ бұл тілдердің мұндай
мәртебені иеленуі олардың өзге тілдерден құрылымдық, сөздік
құрам немесе стилдік тармақтарының жақсы дамығандығымен
ғана байланысты екен деген біржақты түсінік туындамауы ке-
рек. Бұл жерде осы тілдердің иесі, тұтынушысы болып табыла-
тын халықтар тұратын мемлекеттерінің саяси, экономикалық
т.б. тұрғыдан дамуымен, тілдердің кең таралуымен, яғни тілден
тыс факторлар ықпалының да зор екенін естен шығаруға бол-
майды. Кеңестік дәуірде жазылған әдебиеттерде, басылымдарда
«ұлы орыс халқы», «ұлы орыс мәдениеті», «ұлы орыс тілі» де-
ген тіркес тер көп жағдайда өзге халықтармен салыстыра алған-
да орынсыз әрі жиі қолданылатын. Кезінде кеңестік идеология
арқылы осы ұғымдар қоғам санасына сіңіріліп жататындықтан
солай қабылданып, солай болуға тиіс сияқты болып та көрінетін.
Кейін келе оның астарында бір тілдің үстемдігін орнату пиғылы
жатқандығы баршаға мәлім болды. Бодандықтан арылып, ұлттық
сана ояна бастағанда, өз тіліміздің қадір-қасиеті мен мәртебесі
жайлы жиі сөз болып, оның да ұлы тіл екендігі айтыла баста-
ды. Әділетсіздік қашанда қарсылық туғызады. Кейінгі жылдары
орыс тіліне қатыс ты қолданылғанда «ұлы халық», «ұлы тіл» де-
ген тіркестердің тыр нақшаның ішіндегі ұғымдар ретінде «өктем
халық», «өктем тіл» мағынасында ұғынылады. Шындығында ға-
сырлар бойы өркендеп, «халық тілі», «ұлт тілі», «әдеби тіл» дәре-
жесіне дейін дами алған тілдердің барлығы да – ұлы тілдер. Саны
жағынан салыс тыруға келмейтін шағын ғана ұлттың тілінен он-
63
даған, жүздеген миллиондар мен миллиардтар тұтынатын кең та-
раған тілдерден табыла бермейтін ұғым атаулары мен оралымдар,
мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер табуға болады. Сондықтан
да әр тіл өзінше бірегей, әр тіл өзінше ұлы. Әртүрлі мәлімет көз-
дерінен алған деректерге қарағанда қазір әлемде 5000-нан 7000
мыңға дейін тіл бар деп саналады. Осы тілдердің мұншасы «ұлы
тілдер» ал мұншасы «қатардағы тілдер» деп әлемнің ешбір ғұла-
масы, бірде-бір көрнекті тілші-ғалымы жіктеп-жіліктеп, бөліп
бере алмаса керек. Сондықтан «ұлы тіл» деген тіркесті тілдерді
салыстыра айтқанда қолданудың реті жоқ. Оларды жеке бір ұлт
тілінің ерекшелігін, бірегей қасиетін, сөздік қорының байлығын,
қолданылу аймағын айрықша атап айту керек болғанда қолда-
нуға әбден болады. Әр халықтың ата-бабаларынан мұра болып
қалған өз ұлтының тілін қымбат та ұлы санауы да табиғи нәрсе
әрі солай айтуға қақысы да бар. Ұлт тілдерін халықаралық тер-
минологияда орныққан сөздерінің үлес салмағына қарай бағалап,
терминалмасым кезінде сол тілдерге басымдық беру қажет деп
санайтындар да бар. Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің тілдерін-
де ағылшын, француз, неміс сияқты еуропа халықтары тілдерінің
сөздері көбірек кездесетіні белгілі. Оны өзіміздің терминқоры-
мыздан да көруге болады. Бірақ оны сол тілдердің ұлылығынан
деп ұғынуға болмайды. Ғылым-білімнің, экономиканың өркендеу
деңгейіне, халықтардың ғылыми-мәдени қарым-қатынасына бай-
ланысты белгілі бір халықтың сөздері, терминдері өзге тілдер-
ге көбірек қабылдануы мүмкін. Бодан елдер мен дамушы елдер
тілдеріне үстемдік етуші елдер тілдерінің жекелеген терминдері
ғана емес қоғам өмірінің көптеген салаларында солардың тілі
тұтастай үстемдік құруы да мүмкін екендігі белгілі. Cондай-ақ
жазба ескерткіштерде сақталған қазіргі қолданыста жоқ өлі тіл-
дердің де халықаралық терминологияда үлесі едәуір болуы мүм-
кін. Мысалы, латын тілі сөздерінің халықаралық қолданыстағы
терминдер қатарындағы үлесі едәуір. Кейде қолданыстағы ұлт
тілдерінің қатарында болмағандықтан да өлі тіл болса да, латын
тілінің сөздері терминдік элемент ретінде дайын күйінде пайда-
64
ланылып та жатады. Екінші жағынан алып қарасақ, бір жарым
миллиардтан астам адам сөйлейтін БҰҰ-ның ресми тілдерінің
бірі қытай тілінің халықаралық терминологиядағы үлесі жоқтың
қасы. Ал бұл тілді дамымаған тіл, ұлы тілдердің қатарына жат-
пайды деп ешкім де айта алмайды. Керісінше, терминқорын өз
тілінің негізінде қалыптастырып отыр ған сол қытай тілі үшін «ха-
лықаралық терминдер» деген ұғым мойындалмайды. Сол сияқ ты
бірнеше араб елдерінің мемлекеттік тілі әрі халықаралық тіл бо-
лып табылатын араб пен Үндістандай миллиардтан астам халқы
бар елдің тілі хинди тілдерін де халықаралық терминологиядағы
үлесіне қарап ұлы тілдер қатарынан алып тастаудың қандай не-
гізі бар? Ендеше, тілдердің ұлылығын олардың халықаралық тер-
минқорға қосқан үлесіне қарай анықтауға болмайды деген сөз.
Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта халықаралық терминдер
туралы бұрынғыша біржақты айтылмай, олардың табиғатына те-
реңірек үңілу нәтижесінде ескеруге тұрарлық тың пікірлер айты-
ла бастады. Сондай пікірлердің бірін академик Ә.Қайдаровтың
еңбегінен кездестіреміз. Ғалым халықаралық терминдер тура-
лы былай дейді: «Тіл-тілдердің арасында ортақ интернациона-
лизмдер болмаса, немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми
қарым-қатынас үзіледі» деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер
жүзіндегі терминдік ұғымдардың бәрін шет тіл сөздері арқылы
емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамы-
тып отырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы білеміз. Де-
мек, ортақ интернационализмдердің қажеттігі ең алдымен елдің
саяси-әлеуметтік жағдайына, даму дәрежесіне, оларға деген сұра-
ным мен қажеттілікке, әр тілдің өз мүмкіншілігіне байланысты
екен» [Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.
–Алматы, 1993. 22-б.].
Шындығында да, халықаралық терминдерсіз ғылым дамымай,
ғылыми қарым-қатынас әлсірейді деудің негізі жоқ. Біздің ха лық а ралық
терминдерге көп жүгінуіміздің ең басты себебі ғылыми ұғымдар
жүйесін тілдік тұрғыдан жүйелеп берудің қиындығынан туын-
дайды. Терминология мәселесін арнайы зерттеп жүрген ғалымдар
65
«Егер қандай да бір елдегі ұлттық тілдің ғылыми терминологиясы
болмаса және ол жасалып жатпаса, онда ғалымдар терминология-
сы қалыптасқан өзге тілге жүгінуге мәжбүр» [Суперанская А.В.,
Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: Вопросы
теории. –М., 1989. -С.4.] – деп көрсетеді.
Әрине, солай болып жататыны pac. Бірақ мәселеге екінші қы-
рынан қарайтын болсақ, біздің тілімізде ғылыми терминология
жасалмаған деп үнемі өзге тілдерге жүгіне беруді еш ақтауға бол-
майды. Өйткені сол ғылыми терминологиясы жақсы дамыған,
қалыптасқан тілдің терминдерін ұлт тілінде жасаған сол елдің
ғалымдары мен салалық мамандары. Біз де солай етуімізге бола-
ды. Ешбір ұлттың тілін термин жасауға мүмкіндігі жетпейтін тіл
деуге болмайды. Мәселе ұлт тілін термин шығармашылығында
пайдалануға байланысты. Терминжасам процесінде өз тілімізді
пайдаланбай, өзге тілдерден дайын терминдерді өзгеріссіз қа-
былдай берсек, терминологиямыз ұлт тілінде жасалып, оның ұлт-
тық сипаты артпайды. Сондықтан ғылыми терминологияны ұлт
тілінде қалыптастыру – сол тілді тұтынушылардың, ұлттық кадр-
лардың қолындағы іс. Халықаралық терминдер жөнінде арнайы
сөз қозғаған отандық ғалымдардың бірі – Б.Қалиұлы. Ғалым ха-
лықаралық терминдер мәселесіне арнайы тоқтала келіп, оларды
таралуына байланысты 5 аймаққа бөледі. Ол «Егер халықаралық
терминдер бүкіл дүниежүзі тілдеріне ортақ екендігі pac болса,
ол сөздердің Еуропа тілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка,
араб, қытай, жапон, үнді, Индонезия тілдеріне де ортақ болулары
керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралық терминдер делініп
жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты сөздерді Шығыс Азия
(қытай, жапон, корей, вьетнам), араб, үнді, Индонезия халықта-
рының тілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қа-
рағанда халықаралық терминдер дегеніміз, сайып келгенде, бел-
гілі бір аймаққа тән ортақ сөздер болып шығады» [Қалиұлы Б.
Жат сөздер жағадан ала бермесін//Қазақ тілінің көкейтесті мәсе-
лелері. –Алматы, 1997. 108-б.], – дейді.
Жалпы мұндай аймақ құру және ғылыми терминологияны ұлт
66
тілінде қалыптастыру қытай, жапон тілдерін былай қойғанда, Еуро-
па елдерінің тілдерінде де анық байқалып отырған құбылыс. Өткен
ғасырдың 70-жылдарында Еуропаның герман тілді елдерінде «ар-
наулы мақсаттар тілі» (язык для специальных целей LSP) деген тер-
мин пайда болады. Оның туындау себебі – Австрия, Бельгия, ГДР,
ФРГ (қазіргі біртұтас Германия), Швейцария елдерінің аумағында
арнаулы салалардың тілі ретінде неміс тілін сақтау, фонетикалық,
орфографиялық, лексикалық сәйкессіздікті жою. Сөйтіп, терми-
нология саласында жұмыс істейтін мамандар ғылым мен техника
саласындағы қатынастар неміс тілінде болуы қажет деп тапты.
Біздегі халықаралық терминдер оларды өзгертуге болмайды деп
жүрген, сондай-ақ Еуропа халықтары тілдерінің де көпшілігін-
де біркелкі (орфографиялық және орфоэпиялық өзгешеліктерді
есептемегенде) қолданылатын радио, телевидение терминдерінің
неміс тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |