13
қазақ сөздерін алу» қазақ терминологиясын дамытудың басты
қағидаты ретінде көрсетілген. 1993 жылы Ә.Қайдар ұсынған 11
қағидаттың үшіншісі «қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптас-
қан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану» деп бел-
гіленген.
Терминге және терминологияға қойылатын талаптарға жа уап
беретіндей атауларды сұрыптап алып, барынша ұтымды пай-
даланылуға тиісті қазақ тілінің ішкі лексикалық қоры – жалпы
қолданыстағы сөздер, көнерген сөздер, кәсіби сөздер мен диалек-
тизмдер сияқты лексикалық қабаттар мен өзге де өнімсіз көздер
болуға тиіс. Түрлі лексикалық қабаттардан сұрыпталып алынатын
атаулар есебінен терминқорды толықтырумен бірге лексика-се-
мантикалық, морфологиялық, синтаксистік және калька, термин-
дену сияқты сөзжасам, терминжасам тәсілдерін ұтымды пайдала-
ну арқылы да ұлт тілінің термин шығармашылығы үздіксіз дамып
отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: