Екінші қағидаттың қысқаша негіздемесі.
Өзге тілдердің
барлығы да біз үшін терминологиялық лексикамызды толықты-
рудың сыртқы көзі болып cаналады. Алайда оларды пайдалану
мәселесіне келгенде түрлі пікірлер бар. Біріншісі – ғылымы мен
экономикасы жақсы дамыған ықпалды Еуропа мемлекеттерінің
тілдерінен термин сөздерді көптеп қабылдау арқылы термино-
логияны халықаралықтандыру, батыс ғалымдарымен кәсіби қа-
рым-қатынасты жеңілдету мүмкіндігіне ие боламыз дейтін көзқа-
рас та, екіншісі – генетикалық таралуы жағынан жақын, туыстас
тілдер арасындағы терминалмасуды бірінші кезекке қою қажет
дейтін көзқарас. Сондай-ақ әлем тілдерінің бәрін де терминқор
қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде бірдей пайдаланайық дей-
тін пікір айтушылар да бар. Тілдік дыбыстық-құрылымдық, ұлт-
тық-танымдық, генетикалық және типологиялық жіктелісі тұрғы-
сынан қарағанда терминқор қалыптастырудың сыртқы көзін
кәдемізге жаратуда туыстас тілдерге басымдық беру дұрыс деп
санаймыз. Оның кейбір артықшылығын кезінде А.Байтұрсынұлы
да атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ мұндай бағыт ұстану туыс-
14
тас тілдер тобын құрайтын өзге тілдер тәжірибесінде де бар. Сон-
дықтан сыртқы көзді пайдалануда алдымен түбі бір туыстас тіл-
дерге жүгініп, содан кейін барып өзге тілдерден терминалмасу
осы қағидатты басшылыққа алудың реті болуға тиіс. Қазақ тіліне
қай тілден сөз (термин) қабылданса да, олар тіліміздің дыбыс тық-
құрылымдық заңдарына бағындырылып алынуы қажет.
а) Туыстас түркі тілдерінен термин қабылдау
Е.Омарұлында «Қазақтың өз тілінен табылмаған пән сөздер,
басқа түрік халықтарынан ізделсін; басқа түріктер тіліндегі пән
сөздер – жалпы түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, -
ондай сөздер жатырқамай алынсын» делінсе, А.Байтұрсынұлында
«Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас
тілдерден алу» деп, екеуінде де екінші қағидат ретінде ұсы-
нылған. Ә.Қайдар ұсынған қағидаттардың төртіншісі «Термин
шығармашылығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (әсіре-
се терминология дәстүріне бай жазба тілдердің) озық тәжірибе-
лерінен, терминдік өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз
жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану» белгіленеді.
Туыстас тілдерден термин іздеу қажеттігіміздің себептерін
А.Байтұрсынұлы былай түсіндірген болатын. «Олай етуіміздің
себебі: 1) туыстас тілдердің көптеген сөздерінің тұлғалары бірдей
болмаса да олар ортақ түбірден тараған, сол себепті туыстас емес
тілдердің сөздеріне қарағанда оларды түсіну жеңіл және естіген-
де де айтқанда да бөтен болып сезілмейді; 2) түркі халықтары
қашанда өзара қарым-қатынаста болған және бола да береді, сон-
дықтан да бір тілдің көптеген сөздері ортақ түбірден өрбімесе де
өзге тілдің тұтынушыларына таныс болуы мүмкін».
Бізде туыстас тілдер арасындағы өзара терминалмасу осы
уақытқа дейін іс жүзінде жүзеге асып, қалыптасып дәстүрге ай-
налмады. Кеңестік кезеңде КСРО халықтары тілдерінің терми-
нологиясын қалыптастырудың негізгі бағыт-бағдарын Одақтың
ортақ тілі орыс тілінің мүддесіне сәйкес Мәскеу белгіледі. Түркі
халықтары да КСРО құрамындағы өзге де көптеген ұлттар мен
ұлыстар сынды ғылыми-техникалық терминдер қорының орыс
15
тілімен ортақтығын молайта беру бағытын ұстанды. Терминқор
қалыптастырудың сыртқы көзі, термин қабылдайтын бірден-бір
тіл – орыс тілі болып белгіленді. Біз еуропа тілдерінің сөздерін де
тек орыс тілі арқылы, олардың өз тілдеріне бейімдеп, тиісті ды-
быстық-құрылымдық өзгерістер жасап алған қалпында айна-қа-
тесіз қабылдадық. Алаш зиялыларының сөзімен айтқанда еуропа
халықтары тілдерінің «орыс шапанын жамылып» қабылданған
сөздеріне біз өз шапанымызды жаба алмай, сол орыстанған
күйін де сөздік құрамымызға енгіздік. Ондай кірме атаулардың
бас-аяғын бүлдіріп алмау үшін орыс тілінің жекелеген қосымша-
ларын да тілімізге өзгертпей қабылдау туралы ережелер жасап,
заңдастырып та қойдық. Одан да бұрын кириллицаға көшіп, әліп-
биімізді орыс сөздеріне нұқсан келтіріп алмайтындай етіп жазуға
икемдеп, қажетті таңбалармен толықтырып алғанымыз белгілі.
Ол жөнінде сонау 20-жылдары-ақ А.Байтұрсынұлы бастаған
алаш зиялыларының айтқанына, мәселен, Х.Досмұхамедұлының:
«Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ
деп айтса да болады» деп жазғанына қарамастан, әлем тілдердің
барлығының дерлік сөзалмасу (заимствование), терминалмасу
(терминозаимствование) тәжірибесінде жоқ дәстүрді қалыпта-
стырдық. Өзге тілдерден сөз алудың мұндай советтік тәсілін тіл-
дерде бұрыннан-ақ бар «сөзалмасу», «терминалмасу» деп атаудан
гөрі «термин көшіру» деп атау орынды болар еді. Басқа тілден
қабылдаған терминдерді әр тіл өзінің фоно-морфологиялық ерек-
шеліктеріне қарай икемдеп алатыны белгілі. Шығыс, ислам мә-
дениетіне емес еуропа мәдениетіне ден қойып, ғасырлар бойы
қалыптасқан тарихи-мәдени байланыстарымыздың, еларалық
қатынастарымыздың бағыт-бағдарын өзгертуімізге орай, біздегі
тіларалық сөзалмасу процесі де басқа арнаға бұрылды. Мұсыл-
манша білім алуды орысша оқумен, араб әліпбиіне негізделген
жазуымызды алдымен латынмен, көп ұзамай орыс әліпбиімен
алмастырғанымыз т.б. рухани-мәдени, материалдық өміріміздегі
көптеген өзгерістеріміз соның көрінісі еді. Кеңес өкіметі КСРО-
ның барша халқына орыс мәдениетін үлгі етіп ұсынумен бірге
16
одақта орыс тілінің толық үстемдігін орнатуды мақсат етті. Бүкіл
«кеңес халқының» ғылым мен техника, басқа да арнаулы сала-
лардағы кәсіби қарым-қатынасын қамтамасыз етуге тиіс жалпы-
кеңестік терминқорын (общесоветский терминологический фонд)
да орыс тілін үлгі ете отырып қалыптастыру көзделді. Нәтиже-
сінде терминалмасу ісінде біржақтылық орын алып, бұрын тер-
минқор қалыптастырудың сыртқы көздерінің қатарында пайдала-
нылып келген араб, иран т.б. шығыс тілдерін былай қойғанда тегі,
түбі бір туыстас түркі халықтарының бір-бірінен сөз алуы ерсі
құбылыс ретінде қабылдана бастады. Кеңестік кезеңде тіпті түркі
тілдері бір-бірін сөздік қорын байытудың сыртқы көзі ретінде та-
нудан қала бастаған деуге болады. Бодандық құрсауында болған
кезең орыс терминологиясы сырттан не алып, қалай қабылдаса,
бізге де сол қалпында ұсынды. Соның бәрін заңдылық ретінде
танып, өзгеріссіз қабылдап келдік. Кеңестік идеология мен тіл
саясаты қалыптастырып кеткен бұл жағдайдың түркі халықтары
тәуелсіздіктерін жариялап, егеменді ел ретінде өзге жұрттармен
көпвекторлы саясат жүргізе бастаған жылдарында да көп өзгере
қоймады. «Ұшақ» тәрізді бірлі-жарым сөз алмасқанымыз болма-
са, ғылыми, тіларалық байланыстарымызды нығайтып, бірімізде
жоғымызды екіншімізден іздеп жатқанымыз аңғарыла қоймайды.
Түркілердің кешегі өткен кезеңде одақтастардың орыс тілі негізін-
де кеңес халқына ортақ терминқор қалыптастыруын көздегенін-
дей, өз ішінде халықаралық біріздендіру жұмысын жоспарлы
түрде жүргізуді немесе қазақ, түрік, өзбек, әзербайжан, қырғыз,
татар тілдерінің біріне негізделген терминқор жасауды да мақ-
сат етпес. Бірақ біз сөздік қоры мен сөздік құрамында онсыз да
ортақтығы мол түбі бір туысқан тілдердің қажетіне қарай сөзал-
масу, терминалмасу арқылы қаншама ғасырлардан бері жалғасып
келе жатқан өзара сабақтастық пен тіларалық байланысты сақтап,
дыбыстық-құрылымдық болмыс-бітімі ұқсас тілдердің өзіндік та-
биғатын бұзбауға да әр халық мүдделі болары сөзсіз. Сондықтан
да түркі халықтарының бұл тұрғыда кеңестік тіл саясаты белгілеп
берген терминалмасу қағидаттарының шырмауынан шығып,
17
жаңаша тілдік қатынастар қалыптастырған абзал. Сол арқылы
түркі тілдерінің өзара терминалмасу үдерісі жолға қойылып, ор-
тақтүркілік терминдер қорын молайтуға негіз қаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |