Шешендік өнердің пайда болу тарихы



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі53,65 Kb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені

Еңкейіп барып батқаны

Қара жердің өлгені

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ

Бір Алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді, –
деген екен. Жиренше шешеннің бұл толғауын тапқырлықтың тамаша үлгісі деуге болады.

Жанқұтты шешен “Кім жау?” деген сұраққа былай жауап беріпті:


Жаман болса, жақын – жау,

Шайпау болса, қатын – жау,

Шабан болса, атың – жау,

Тартыншақ болса, түйең – жау,

Тебеген болса, биең – жау,

Күнде келсе, күйеу – жау,

Жымысқы болса, жиен – жау,

Тіл алмаса, ұлың – жау,

Арсыз болса, қызың – жау.
Осы шешендік толғау (сұрақ-жауап) кейде Малайсары бидің атынан да айтылады. Бірақ қай би-шешен айтса да, өмір шындығын бақылап-байқаудан туған түйін-толғам екені даусыз.

Шешендік толғау халықтың өмірден көріп-білгенінен, жақсы-жаманнан шығарған қорытындысы, фәлсафалық ой-тұжырымы және болашақ ұрпаққа қалдырған ақыл-өсиеті, аманаты.

Шешендік сөздердің бір түрі – шешендік дау. Оны халықтың үлкенді-кішілі даулы мәселелерді шешетін әдет-заңы десе болады. Шешендік дауды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар-намыс дауы деп беске бөледі.12

Жер халықтың байлық көзінің бірі болған. Елге қоныс, малға өріс болуы тұрмыс-тіршіліктің қажеттілігі еді. Алайда кейде жайылым не шабындық жер үшін талас-тартыста болмай қалмаған. Осындай дауларды бейнелейтін шешендік даулардың үлгілері де ұшырасып отырады.

Шабындық жерге таласып жатқан екі адамға бір жігіт:
Өзімнің атым Күдері

Ер Көшектік баласы.

Талассаң, бағың кетеді,

Таласпасаңдар не етеді?

Бірлік қылсаң, ағалар,

Анау тұрған шабындық

Баршаңызға жетеді.

Дүние, шіркін, жалған ғой,

Бастарыңнан әлі-ақ өтеді, –
деп басу айтып, ара ағайындық көрсеткен екен.

Төрт түлік мал да халық өмірінен ерекше орын алғандықтан, ел ішінде мал дауы да аз болмаған. Кейде ұры-қарылар малды ұрлап әкетсе, кейде әлдебір сылтаумен ру арасында малды барымталап алу секілді жаман әдет те болған. Осындай жағдайда би-шешендер бұл іске араласып, мал дауын бітіру үшін билік-бітім айтқан. Сондықтан мал дауына байланысты айтылатын шешендік сөздер де аз емес.

Нау дейтін адам жоғалған ешкісін даулап, Ақмырза бидің алдына келіпті.

– Бір ешкі үшін туысқаныңмен дауласып, би алдына келгенің не, Нау? – дейді Ақмырза. Сонда Нау:



Ешкім саусам, бұлақ еді,

Іші толған лақ еді,

Терісі бұтыма қап еді,

Мүйізі пышағыма сап еді,

Тоқты қарын майы бар еді,

Тоқсан шақпақ құрты бар еді, –
дейді. Сонда Ақмырза:

– Ешкінің мақтауын жеткіздің. Енді ағайыныңа ауысқан бір ешкінің билігін өзің айтшы! – дейді.

– Бидің билігіне бір ат, төрешіге түк жоқ. Ешкінің мойнына қосақ, артына тіркеу, - деп, туысына қарап тағы былай дейді:

– Қу туысқан, өлетін қойдың көзіндей көзің бозарып кетіпті ғой, қайыр, қалғанын саған кештім! – депті.

Кезекті бір мал дауын Сырым қысқа да нұсқа сөзімен бітіріп жібереді. Ертеде мал дауымен келе жатқан адамдар Сырымға жолығып жөн сұрайды. Сонда Сырым:

– Уа, азаматтар, жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушысыңдар? – дейді. Жолаушылар мән-жайын айтады. Бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Ел арасын жақындастыруды ойлаған Сырым ханға:

– Бір дауды шеше алмасаң, сен не ғып хан болып отырсың, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ емес пе? – дейді. Хан сөзден тосылып малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, жолаушыларды разы ғып қайтарыпты.

Бұған қарағанда, шешендік даудың қай түрі болса да, ұзақ-сонар айтыспай-ақ алымды да шалымды бір ауыз сөзбен бітіруге болады екен.

Ескі қазақ қоғамындағы қайшылықтың бірі әйелдердің бас еркіндігіне байланысты туындап отырған. Қыз баланың кішкене кезінде-ақ басын байлап қалың мал төлеу, жесір қалған әйелді әмеңгерлік әдет бойынша бір адамға қосу, қыздардың ұнатқан адамына бара алмауы – осының бәрі де ел ішінде дау-шардың туындауына себеп болған, ағайын арасындағы ащы араздықты күшейткен.

Ертеде жер, жесір дауы, құн дауы болғанда қазақтың үш биі (Төле, Қазыбек, Әйтеке) ақыл-кеңес құра отырып, ел тағдырын шешкен, халықтың береке-бірлігін сақтауға күш салған. Бірде екі ел арасында жесір дауы басталып, жанжал шығады. Екі жақтың адамдары Төле би мен Қазыбекке жүгінеді. Қазыбек:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет