БЕКМАҒАМБЕТ ПЕН ЖАУКЕНІҢ ҚАҒЫСУЫ
Бекмағамбет Омбы еліне бара жатып, жолда Жауке дегеннің үйіне қонады. Тамақ ішіп отырғанда Жауке еттің майын Бекеңе қарай итере беріп: «Беке алыңыз, бұл жүрекке тиетін сары май емес қой»,— дей беріпті. Олай дейтіні Бекмағамбет Сарымай дейтін әйелді аламын деп, көп әуреленіп, ақыры ала алмай қалған жайы бар екен. Бекмағамбет жауаптан тосылып қалыпты. Сонда Бекеңнің жанындағы жолдасы Хасен деген жігіт аңдып отырып:
— Бәкең, әрине, майды талғап жейді ғой, көңіліне жақпаса құлағына сырға тақса да қайтсін ондайды,— депті. Онысы — Жауке де «Сырға» деген әйелді алам деп ала алмай айрылып қалған екен.
Жауке сөзден тоқтап, үндемей қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |