Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра


ЖАЛАҢБАС БАТЫР МЕН  САПАҚТЫҢ ҚАҒЫСУЫ



бет14/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ЖАЛАҢБАС БАТЫР МЕН  САПАҚТЫҢ ҚАҒЫСУЫ

Сапақ датқа дау болған жерде байлығын айтып жұртқа сөз бермейді екен. Осындай бір келелі кеңеске Жалаңбас батыр қатысып қалады. Ол кезде әкесіне еріп келіп жүрген Жалаңбас сегіз-тоғыз жасар бала екен. Сонда Жалаңбас әкесінің алдында ойнап отырып, Сапаққа:
—    Уа, ер дегенге ерей ме,
Екі мұртың серей ме.
Сенде бар да бес байтал,
Өзге кісі кедей ме? — деген екен.
Сапақ сөзден тоқталып қалады.
 
Екінші бір жолы сөзден ұтпақ үшін Сапақ тағы да жас Жалаңбасқа қарап:
—    Сөйлегеңде шешенсің,
Тумай жатып көсемсің,
Кімнен туған көзелсің! — дейді.
Жалаңбастың ата-тегі белгілі кісілер болмаса керек, ол сонда былай депті:
—    Атамды сұрасаң — жетесіз,
Анамды сұрасаң — некесіз.
Өз тұсында өзім болдым,
Жетемді сұрап не етесіз?!
 
* * * * * * * * * * * *

ІЛІМНІҢ БАР ЕКЕН, ЖАНЫМ!


 
Мұғал деген кісі жас Наурызбай бидің үйіне келіп, қонақ болып жатып, қайтарда айтқан екен:
—     Ілімің бар екен, жаным,
Білімің әлде қалай.
Қағуың бар екен, жаным,
Халқыңа жағуың әлдеқалай.
Айлаң бар екен, жаным,
Халқыңа пайдаң әлдеқалай.
Жорғалығың бар екен, жаным,
Халқыңа қорғандығың әлдеқалай.
Заттығың бар екен, жаным,
Халқыңа қымбаттығың әлдеқалай!
 
* * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет