Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра


АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ ЕРЖЕТКЕН БОЛАР



бет2/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ ЕРЖЕТКЕН БОЛАР

Сырым  жиырма  алты  жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.


—         Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
—         Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді.
Малайсары жалт қарап:
—               Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? -— дейді.
—               Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,— дейді Сырым.
—         Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет