Қасында баласы бар, астында нарға жеккен шанасы бар
Шернияз жолаушы жүріп келе жатады. Қыс күні боран, бір үйге келеді. Үйден көлік оттатып, жылынып шығуға рұқсат сұраса үй иесі:
— Рұқсат жоқ, өзім де жылқым жұтап жүдеп отырмын, қонақ күтетін жайым жоқ,— дейд''
— Қай ру боласыз? — дейді Шернияз.
Үй иесі:
— Не қыласың қай ру екенімді? Құда боламысың? Танысаң Адайыңмын, танымасаң құдайыңмын. Бар, жолыңнан қалма, жүре бер! — дейді. Сонда Шернияз:
Мен саған не қылайын Адай болсаң,
Үйіңнен шай берсейші, олай болсаң!
Жылқыңның өлімтігі иттен де көп,
Жылңыңды неге өлтірдің құдай болсаң?
Тарыдай талқаныңды шығарған екен,
Құдаймен азғана күн сыбай болсаң! — дейді.
Үй иесі кешірім сұрап, түсіріп қонақ еткен екен.