Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра



бет16/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
АРЫҚ ЕМЕС, ҚАТУМЫН                                 

Ертеде Қаракесек  пен Қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға Қаракесек Қаздауысты Қазыбек келіпті.
Амандасып болған соң Қыпшақ биі: «Арғынның арық биі сөйле!» — депті.
Сонда Қазыбек:

Арық емес қатумын,


Қара жерден татумын.
Көшершілік кезде түйе азады,
 
Жетімдік көрсе қыз азады.
Елі жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табындағы би азады,— депті.
 
* * * * * * * * * * * *
АЛҒАН ЖАРЫҢ ЖАҚСЫ БОЛСА
 
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына               
қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек — «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» — деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жараңдар, бұл сөзімнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?
Құданың қүдіретіне қарап тұрсам,
Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
 
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
 
Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар.
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай,
Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар,—депті.
 
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
 
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!  
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!  
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,—
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарық жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! —депті.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет