Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра



бет11/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Шешендік сөздер

МЕН САҒАН НЕ ҚЫЛАЙЫН АДАЙ БОЛСАҢ
                                                                                               
Қасында баласы бар, астында нарға жеккен шанасы бар
Шернияз жолаушы жүріп келе жатады. Қыс күні боран, бір үйге келеді. Үйден көлік оттатып, жылынып шығуға рұқсат сұраса үй иесі:
—   Рұқсат жоқ, өзім де жылқым жұтап жүдеп отырмын, қонақ күтетін жайым жоқ,— дейд''
—   Қай ру боласыз? — дейді Шернияз.
Үй иесі:
—   Не қыласың қай ру екенімді? Құда боламысың? Танысаң Адайыңмын, танымасаң құдайыңмын. Бар, жолыңнан қалма, жүре бер! — дейді. Сонда Шернияз:
Мен саған не қылайын Адай болсаң,
Үйіңнен шай берсейші, олай болсаң!
Жылқыңның өлімтігі иттен де көп,
Жылңыңды неге өлтірдің құдай болсаң?   
Тарыдай талқаныңды шығарған екен,   
Құдаймен азғана күн сыбай болсаң! — дейді.
Үй иесі кешірім сұрап, түсіріп қонақ еткен екен.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет