Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра



бет13/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Шешендік сөздер

КЕНЖЕТАЙ МЕН НИЯЗ
 
Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп «Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал, оларды хан жақтайды»,— деп мәтел қылып халыққа таратыпты. Мұны Абылай есітіп бір күні күндеуші он биден: «Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?» — деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай, Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер»,—деп әлгіні айтыпты. Нияз: «Меніңше жердің құты жаңбыр; елдің құты — азамат; ауылдың құты — жақсы әйел, аймақтың құты — әділ басшы»,— депті.
 
* * * * * * * * * * * *

ДОСБОЛДЫҢ ЕКІ БИМЕН ҚАҒЫСУЫ


 
Аста бас қосып, қымыз ішіп, дүрілдесіп отырғанда бір би Досболға көңілі толмай: «Қара ағаштай қалтия қалған қаралдысы жоқ бұл жатқаның кім?» — дейді. Сонда Досбол: «Рас мен қарағаштай қатушы едім, сендей талайлардың есінен қалғысыз қылып шымбайына батушы едім, өзімді елеп еңкейгендердің таңдайына балшекердей татушы едім, қарайғанды ескермей, қалқиғанды хош көрмей, ңақиғанды хан демей елдің шетінде, жаудың бетінде жатушы едім»,— дейді.
Екінші би: — Қанша мақтансаң да ми сиярлық басың, шынашақ айналарлың шекең жоқ екен,— депті Досболға.
Сонда Досбол:
Арам етті, қам желке  
Барсаң байдан табылар,
Қулан сирақ, қу шеке
Іздесең қайдан табылар! — депті.
 
Жауап айта алмай екі би жым болыпты.
 
* * * * * * * * * * *

ТАУДА ЖҮРІП, ТАСТА ӨСКЕН           


 
Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:

Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін.
Шөлде жүрген дуадақ  
Көл қадірін не білсін.
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен  
Ордабай күлмей, кім күлсін!
 
* * * * * * * * * * *

ЖЫЛҚЫНЫҢ СҮТІ ШЕКЕР, ЕТІ БАЛ 


 
Ертеде Ташкент ұлығы Нарымбет: «Жылқыға қандай мақтау сияды?» — деп Досболдан сұрапты.
Сонда Досбол: «Жылқының сүті шекер, еті бал, иісі жұпар, терісі киім, мінсең тұлпар, қызылжара сарқарынның ішінде піскен сүт бар, жаратқанның ісіне таң қалыңдар!» — депті.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет